Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.67 Mб
Скачать

Сан есім.Дара және күрделі сан есім

Заттың санын,мөлшерін,ретін білдіріп, қанша?неше? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.

Мысалы:алты,жетеу,оныншыы,жетпіс, т.б.

Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді.Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.

Мысалы:он,үш, бес,мың,жүз,ондаған, сегізінші, жетеу, т.б.Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.Мысалы: екі жүз, үштен екі, бес ондық, оннан бір, үш-төрт, т.б.

Қазақ елі-менің Отаным

“Отан-от басынан басталады'',-дейді қазақ.Отан дегеніміз –адамның туып‑ өскен жері, туған‑туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқының атамекені - көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен терістігі Сібірге және Алтай тауларына, күнегейі Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан республикаларына шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға пара-пар елдің жерінде алуан түрлі өсімдіктер,жан-жануарлар бар.Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ даласынан табылады.

Осындай жері үшін күрес, байлық үшін күрес қазақ халқын ''мың өліп,мың тірілген'' күйге әкелді, бірақ ешкімге мойынсұнған жоқ, тәуелсіздігі үшін, азаттығы үшін ''ереуіл атқа ер салды''.

Қазақ халқы –патшалық Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан,отарлық бұғауына бас имеген күрескер қауымдардың бірі. Осы наразылық қазақ тарихында көптеген батырлардың атын қалдырды: Сырым, Кенесары, Наурызбай, Қабанбай, Исатай, Амангелді т.б.

М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов сынды зиялылар патша ісіне наразы бола отырып, өз өмірлерін сарп етті.Зиялы қауымнан, ақыл-ойынан айырылған халықты ұлтсыздандыру оңай деп ойлады.Бірақ осы қасіретті бастан кеше отырып, ұлттық намысынан, абыройынан, жігер-күшінен айырылған жоқ.

1986 жыл оқиғасы - осының дәлелі.Бұл тәуелсіздікке деген ел сенімін үдетті.

Сонымен 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.1991жылы 1желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президентін сайлау болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды

1992 жылы Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті.1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Дербес,тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдіің өз құқы өз қолында.Дүние жүзінің жүзден астам елмен жан –жақты қарым-қатынас жасап отыр. Көптеген мемлекеттерде Қазақстанның елшілігі бар. Қазақстан дүниежүзілік, халықаралық ұйымдарға мүше болды. Соның ішіндегі ең беделдісі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

отан-родина

ата заңы-конституция

елшілік-посольство

Елбасы-президент

әутелсіздік-независимость

БҰҰ-ООН

1-жаттығу

Сандарды сөзбен жазыңыз

  1. 19

  2. 91

  3. 102

  4. 2222

  5. 3456

2-жаттығу

Сан есімдерді қатыстырып,өздерің осындай жаңылтпаш құрастырып көріңдер.

Бес түп алма

«Бестік» алғандікі

Төрт түп алма

«Төрттік» алғандікі

«Төрттік » алған

Бес түп алма алмайды

«Бестік» алған

Төрт түп алма алмайды.

3-жаттығу.

Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімдері бар сөйлемдерден тұратын мәтін құраңдар.

Атам мен әжем.Жеке меншік мал. Бақташы.Ұжым малы.Кезектесіп бағу.Малдың күтімі.Ауыл өмірі.Еңбек адамдары.Көңілді сәттер.Балалардың бірлігі.

4-жаттығу

Төмендегі сандарды сөзбен, жазып оларды дара және күрделі түрінде ажыратыңдар.

3, 41, 68, 7, 5-6, 50-60, 4, 27, 9, 1000, 50, 70, 1597, 789, 15257, 5,27, 20.

5-жаттығу

Мәтін мазмұнынан сан есімдерді табыңдар да, оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.

Машинада үш адам.Шофердың қасында отырған жасы қырық бес шамасындағы, самайлары бурыл тартқан Карпов Нил Петрович.Артқы кең орында екі адам.Оның бірі-жалаңбас, кең маңдайлы, көзілдірікті, ғалым пішіндес адам.Алпыстың ішіне жаңа кірген доктор Жандос Асанов.Оның қасында-интеллигент жүзді, отыздың ішіндегі қазақ әйелі-Әсия Әлімова.

6-жаттығу

Мәтіннің құрамынан дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.

Алматыда жасақталған жүзінші дербес атқыштар бригадасы мың тоғыз жүз қырық екінші жылы жиырма бесінші қарашада Калинин облысында жаумен шайқасты.Жиырма екінші желтоқсанда жүзінші бригада Великие Лукидің түбіне келді.Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизияның жауынгерлері Дубосекова разъезінде жаумен қалай шайқасса,біздің бригада да Великие Лукиде солай соғысты.

7-жаттығу

Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.

Тест

1.Сан есімдер құрамына қарай жіктеледі:

А)Есептік және реттік сан есім Ә)Жинақтық және болжалдың сан есім

Б)Топтау және жинақтық сан есім В)Дара және күрделі сан есім

2.Бір ғана түбірден тұратын сан есім:

А)Есептік сан есім Ә) Болжалдың сан есім

Б) Дара сан есім В)Күрделі сан есім

3.Кемінде екі сөзден тұратын сан есім:

А)Есептік сан есім Ә) Болжалдың сан есім

Б) Дара сан есім В)Күрделі сан есім

4.Дара сан есімді табыңыз:

А)жүз тоқсан Ә)бес-алты

Б)тоғызыншы В)тоқсан бір

5.Күрделі сан есімді табыңыз:

А)сегіз Ә)жүз сегіз Б)алты В)тоғызыншы

Сабақтың тақырыбы: Есептік сан есім. Қазақ мемлекеті (хандығы).

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Есептік сан есімнің жасалу жолын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Қазақ мемлекеті(хандығы) мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Есептік сан есімдерді қолдана отырып өз өмірбаянын жазып келу.