- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы қазақ тілі мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты нәтиже – қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Бұған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6435 өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында: «Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», – делінген. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.
“Ақпараттық технология” термині ғылымда XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болған, оны Америкада XX ғасырдың басында дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instructional media), «оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін талдай келе, біз мынадай анықтама ұсынамыз: «Ақпараттық-коммуникациялық технология» дегеніміз – мәліметтерді әр түрлі деңгейде, әр түрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық – техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы».
Оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану – ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа ұмтылдырады. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан тіл үйренушінің танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды сапалы және жылдам орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа элементтерімен оқытудың мүмкіндігі жоғары.
Ақпараттық технологияларды қолдану интерактивтік және бейімделу сияқты құнды қасиеттері бар білім алу ортасын тудырады. Тілдік білім алуды ақпараттандыру тіл үйренушілерге дүниежүзілік мәдениет байлықтарымен, ақпараттық ресурстармен қатынас жасауға мүмкіндік береді және шынайы мәдени коммуникация үшін жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық және білім алу ортасында тіл үйренушілердің табысты қызмет етуі олардың ақпараттық-технологиялық құзыретінің қалыптасу деңгейімен сипатталады, оның құрамында мәдени ақпарат жетекші орын алады.
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асатын, тіл үйренушілердің мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне бейімделген ақпарат көздерін қамтитын, анықтамалық, машықтандырушы қызметтерін атқаратын, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, тексеру міндеттеріне құрылған оқытудың бір түрі – қашықтықтан оқыту жүйесі. Қашықтықтан оқыту жүйесі тіл үйренушінің ерекше танымдық белсенділігі мен қызығушылығына құрылған қатысымдық құзыреттілікке жетелейтін тұлғалық, нәтижеге бағдарланған оқыту ортасы болады. Бүгінгі қоғам сұранысын ескере отырып тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін дамытуда қазіргі ақпараттық технологияларды және деңгейлік тапсырмаларды кіріктірген қашықтықтан оқыту жүйесінің қажеттілігі дау тудырмайды. Қашықтықтан оқыту жүйесінде тіл үйренушілердің білімін өз таңдаулары бойынша көтеруіне мүмкіндік беретін оқыту үдерісі жүзеге асырылады. Бұл өздігінен білім алу формаларының бірі ретінде оқытудың “жеке траекториясын” жасақтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі білімнің негізгі шарты үйренушінің жаңаны, өзіне қызықтыны, өз оқу траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру екенін ескерсек, қашықтықтан оқыту жүйесін жоспарлауда басты шарт тіл үйренушінің өз бетімен қатысымдық, танымдық, ізденушілік әрекетке ұмтылысын қамтамасыз ету болуы қажет.
9. Оқулық мәтіндері арқылы оқушылардың шығармашылық тілін дамыту
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс. Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар: 1. Дыбыстармен жұмыс. 2. Сөздіктермен жұмыс. 3. Сөздік қорларын жетілдіру. 4. Тіл дамыту. 5. Ережемен жұмыс 6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру. Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі үлкен. 1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек. 2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек. 3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек. 4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды үйрету керек. 5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек. Мәтінді меңгертуде осындай амал тәсілдерді қолданған тиімді. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөзді оқушылардан қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек. Түсінбеген сөздерін мұғалім өзі қосымша түсіндіріп, әр сөздің мағынасына тоқталу керек. Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет. Біз оқытып жүрген оқулықта тақырыпқа сай мәтіндер көп. Оқулықтары мәтіндердің күрделігі сол мәтінмен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар: 1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді. 2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.
3) араласып немесе кезектеп оқу. 4) буынға бөліп оқу. 5) мәнерлеп оқу. 6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушылық қызығушылығын есепке алу, жұмыста қазақша сөйлеуге, жаттығуға бағыттау, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы арқылы білімқуушылығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасау, қазақша жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек. Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады: 1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар). 4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.). 5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту. 7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру. 8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Оқушылардың ана тілі пәнінде танымдық қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапхана ұйымдастыру және оқушылардың кітапты оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады. Осылай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы артып, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, ана тілін оқыту барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: - тақырып мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу мәнін ашып өз ойымен жеткізу; - суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаш айту; - жұмбақтардың, мәтелдердің жалғасын айтқызу; - топқа бөліп мақал - мәтелдер жарысын өткізу т. б. мысалы: «Арыстан мен түлкі» ертегісінде арыстан мен түлкінің және тағы да басқа аңдардың іс - әрекеттерін талдап, соған байланысты мақал - мәтелдер айтқызу және оларды оқушыларға мән мағынасын ашып талдату. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады.
10. Қазақ тілін технологиялық карта арқылы оқыту технологиясы
Қазақ тілінен игерілген білімді технологиялық карта арқылы бағалау мемлекеттік тілді терең білетін маман даярлауға игі ықпал етеді. Бұл тұста оқытушының басты міндеті - болашақ мамандарға технологиялық картаны қолдана білуді үйрету, сабақ барысында орындалатын тапсырмаларды, тыңдаушының білім деңгейін дұрыс анықтау, оқушылардың білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату болып табылады. Қазақ тілінен білімді бағалаудың дәстүрлі түрінен технологиялық картаға өту оқушыны сабақ үстінде іздене білуге, тілді толық меңгеруге жетелейді. Оқушының білімін бағалау барысында технологиялық картаның теориялық, әдістемелік негіздерін білу – оны қолдану амалдарын меңгеруді қажет етеді.
Басқа пәндерді технологиялық карта арқылы бағалау мәселесі әр түрлі деңгейде қарастырылып жүргенмен, жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілінен білім деңгейін технологиялық карта арқылы бағалау арнайы зерттеу нысанасы болған жоқ.
Технологиялық карта арқылы тыңдаушының қазақ тілінен білім деңгейін бағалау және оларға технологиялық картаны игерудің әдістемесін ұсыну – қазіргі уақыт талабы.
Сабақ барысында қазақ тілінен игерілген білім деңгейін технологиялық карта арқылы бағалау – қазақ тілін оқыту әдістемесін игерту үшін жұмсалатын оқытушы мен тыңдаушының жасырын күші мен біртұтас әрекетінің белсенділігін арттыруға негізделген әр тақырыпты бағалау. Технологиялық карта қазақ тілінен тақырып бойынша игерілген материалды бағалаудың басты компоненті бола отырып, өзіндік жүйеден тұрады. Педагогикадағы жүйелік Ж.Караевтың (4) еңбегі, оқытудың жаңа технологиялары жүйесін зерделеген М.М. Монаховтың (5) еңбектері негізінде анықталды.
Педагогика ғылымында жүйе – бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын, сол арқылы белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығы деп қарастырылады. Жүйелілік ұстанымы арқылы технологиялық картаның мазмұны мен құрамы анықталды. Қазақ тілінен жазылатын технологиялық картаның әрбір құраушы бөлімдерінің өзі жүйелік жолмен талданды. Жүйе ұстанымы оқушыларға технологиялық карта арқылы тілді меңгертуде негізгі орын алып, тыңдаушының сабақ үстінде ойлауы мен тілін дамытудың негізі ретінде үйретілді.
Технологиялық карталар арқылы оқыту идеясы педагогикаға 1990-шы жылдары енді. Сол жылдары оқытудың сапасын арттыру ізденістері жаңа бағыт алды.
11. Қазақстандық инновациялық тәжірбие және дәстүрлі оқыту жүйесі
Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т.б.
Қазақ тілін оқыту – қиын жұмыс деп ойлаймын. Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа технологиялардың элементерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу қажет.
Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған.
Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К. Роджерс жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан.
Яғни олар:
1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;
2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;
3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;
4. Диалог жүргізе алу;
5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу;
6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу.
Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.
А. Андреева пікірі бойынша деңгейлеп оқытудағы диалогтық қарым-қатынас 3 сипатқа ие.
1. Коммуникативтік (оқушылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы)
2. Интерактивтік (оқушылар білімдерімен ғана емес, сонымен бірге оқу әрекеттерімен де өзара алмасуы)
Оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
мұғалімнің уақытын үнемдейді;
қосымша мәліметтер береді.
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:
оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;
оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
ізденуге жетелейді, қызықтырады;
талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
“Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын мұғалім жүзеге асырады.
Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады:
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Дәстүрлі оқыту тех-сы оқушыға білім, білік, дағдыны беруге негізделген. Мұнда оқушыға ілім мазмұнын беру арқылы бақылау және бағалау репродуктивті деңгейдегі сапада беріледі.
Бұл тех-я ертеде қалыптасқан, қазіргі кезде барлық мектептерде кең тараған, оның негізгі мәні:
Жаңаны оқыту, үйрету – бекіту – бақылау – бағалау үрісі
Оның негізігі оқыту әдісі:
- көрнекіліктер арқылы түсіндіру;
- оқушының басты іс-әрекеті тыңдау және тоқып алу;
- оқыту кезінде еш қателік жібермеу.
Д.О.Т.-ның мақсаты:
- білім жүйесін, ғылым негіздерін қалыптастыру;
- ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру;
- әр оқушының жан-жақтылығын қалыптастыру;
- алдын-ала белгіленген қасиеттерге тәрбиелеу.
Д.О.Т.Ә-нің ерекшелігі:
- орташа оқушыға бейімделу;
- оқыту процедураларының өктемділігі;
- тексерудің жалпыға бірдейлігі.
Оқушы позициясы:
Оқушы оқыту процедураларының бағынышты обьектісі. Оқу үрдісінде оқушының өзіндік сипатының ескерімеуі.
Мұғалім позициясы:
- мұғалімнің білмеуге, қателесуге қақысының болмауы;
- түсіндіруші;
- көрсетуші;
- бағалаушы;
- түзетуші.
12. Мәтін тұлғасы және мәтіндеме ұғымдары
Мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың хабарға көзқарасымен, хабардың нысандылығымен және прагматикалық ұстанымымен сипатталатын ауызша немесе жазбаша формадағы хабар.
Сонымен бірге, мәтін ұғымына қатысты көптеген тұжырымдарды қарастыра келе, біз мәтінге тән категорияларды ерекше назарға ала отырып, ресей мәтінтанушы ғалымдарының бірнеше анықтамаларын ұсынамыз. Алдымен, Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте «Текст (от лат. textus – ткань, сплетение, соединение) объединенная смысловой связью последовательность знаковых единиц, основными свойствами которой являются связность, цельность» [4, 507]. И. Р. Гальперин мәтінді аяқталған, объективтелген жазба құжат ретінде,... бірқатар ерекше бірліктері мен атауы бар, түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстармен біріктірілген, белгілі бір мақсат пен прагматикалық бағыты бар сөйлеу шығармашылығының туындысы деп анықтайды [1, 17].
О. И. Москальская мәтіннің коммуникативтік маңыздылығын айқындай отырып,... « «мәтін» деп бір жағынан, бір немесе бірнеше сөйлемдерден тұратын, сөйлеушінің ойы аяқталған, кез келген айтылған пікірді түсінсек, екінші жағынан, повесть, роман, газет немесе журнал мақалалары, ғылыми мақалалар, түрлі құжаттар тағы басқа осы сияқты тілдесім (речевые) туындылары» деген анықтама береді [5, 12–14 б.].
А. Ф. Алефиренко мәтінді төмендегідей анықтайды: «Мәтін – бұл тұтастық, коммуникативті құрылым, оның компоненттері автордың коммуникативті интенциясымен ұйымдастырылып, иерархиялық, семантикалық құрылымға бірлескен» [6, 4].
«Мәтін» ұғымын қалыптастыруда, түсіндіруде, талдауда қазақ лингвист ғалымдары да айтарлықтай еңбек етіп келеді, әсіресе соңғы жиырма жыл көлемінде ғылыми сапасы жоғары талай-талай зерттеулер жарық көрді. Осы тұрғыда Р. Сыздықтың, Б. Шалабайдың, С. Мұстафинаның, З. Ерназарованың, Г. Әзімжанованың, Г. Есмағұловтың, Д. Әлкебаеваның, Г. Әбікенованың, А. Әділованың, М. Маретбаеваның, Г. Смағұлованың, Ж. Қайшығұлованың, Г. Кәріпжанованың және т.б. еңбектерін атаймыз.
Қорыта келгенде, мәтін – көп аспектілі, әр түрлі бағытта зерттелетін күрделі лингвистикалық құбылыс, ең жоғары коммуникативтік бірлік.
Акад. Т.Әбдікәрім еңбегінде мәтіндеме ұғымына жан-жақты талдау жасалған. «Мәтіндер жиынтығын орыс және басқа шет елдердің ғылыми басылымдарында текстотека деген терминмен белгілейді. Текст – мәтін, текст грек сөзінен қойма деген мағынаны білдіреді, сонда мәтін қоймасы болады. Қазір метод деген сөзді әдіс деп, методиканы әдістеме деп пайдаланып жүрміз, Сондықтан да текстотека терминін мәтіндеме деп пайдалануды жөн көрдік», - дейді. Автор өз зерттеуінде оқулық мәтіндемесіне қатысты мынадай да талдаулар жасайды: «Әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің негіздерін қалыптастыратын оқулықтың мәтіндемесін құру мәселесін қарастыра отырып, оның негізгі қалаушы ұстанымдарын анықтап алу керек: іріктеу бірлігі мен дереккөзді анықтау; мәтіндеменің атқаратын міндетін анықтау; оқулық мәтіндемесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларын сипаттау. Бағдарламаның мазмұнды бағыты арқылы мәтінді ашатын тақырыпқа байланыстылығы; Шынайы коммуникациялық жағдайда қызмет ететін түпнұсқа мәтіндердің қолдану қажеттігін білдіретін тілдің қазіргі жағдайын бейнелеу. Әлеуметтік-мәдени құзырлықты қалыптастыру үшін берілген оқу материалындағы талаптар: атқаратын міндеті, жағдаяттылығы; мәтінділігі, жанрлық-стилистикалық түрленуі; қазіргі тіл дағдайының бейнесі; әлеуметтік-мәдени деректердің жиналуы»
Мәтіндеме тек мәтіндер тізбесімен ғана емес, тақырыптардың, салалар мен жағдайлардың жиынтығы түрінде беріледі. Мәтіннің әр келкі салаларға, жағдайларға, тақырыптарға нақты қатыстылығын; әр келкі жанр мәтіндерінің тілдік рәсімдеу ерекшеліктерінің ескерілуін; әлеуметтік-мәдени факторлардың ескерілуін; жазба тіл саласындағы нақты коммуникацияның ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің ескерілуін мәтіндемені ұйымдастырудың негізгі қағидалалары деп есептейді.
