Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология

Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»Жаңа технология түрлерін математика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.  Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:  І кезең: оқып-үйрену; ІІ кезең: меңгеру; ІІІ кезең: өмірге ендіру; IV кезең: дамыту. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды математиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.  Математиканы оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады:

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 

Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады: - ассоциация; - бірлестік қызмет;  - көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша: - оқу үрдісінде қызығушылық артады; - оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады; - оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі. Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді. Деңгейлік саралау технологиясыСаралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.  Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.  1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;  2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.  Жекелеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.  

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді; - оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді. Оқытудың компьютерлік технологиясы.Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді. Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.  Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға математика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын-ала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын математика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.  Кезеңдеп оқыту технологиясы.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады. Жеке пәндік педагогикалық технология. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген. 2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология. Мақсаттық бағыттары: - қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру; - ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру; - қабілетті балаларды дамыту; Альтернативті технологиялар.Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты: - жан-жақты дамыту; - жекелікті тәрбиелеу; - бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру. Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту. Дамыта оқыту технологиялары

1. Л.В. Занковтыңдамытаоқужүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындардаоқытуда, пайдалану, солсияқтыесті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқытуәдісі. 2. Д.Элькони – В.Давыдовтардыңдамытаоқытутехнологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағыдамытаоқытуеңалдыменоныңмазмұны, теориялықбілімгенегізделеотырақұрылған. Білімніңтеориялықнегізітереңтүрдегіжинақтаудантұрады. Дәстүрлітехнологияларданөзгешелігідамытаоқытуоқуқызметінбасқашабағалайды. Оқушыныңорындағанжұмыстары мен сапасыоқушығабілімніңжетімділігі мен қабілетініңжететіндігінмұғалімніңкөзқарасыбойыншабағаланбай, оқушыныңөзмүмкіндігітұрғысынанқаралады. 3. Жеке бас шығармашылығындамытуғабағытталғандамытаоқытужүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтеріпроцестеріоқытудыңнегізгімазмүныболады. Бұлтехнологиядаұжымдықжұмысәдісікеңіненқолданылады; ойғашабуыл, ұйымдастыру – қызметойыны, еркіншығармашылықпікірталасы. Модульдікоқытутехнологиясы. Модуль дегеніміз – қандайдабіржүйенің, ұғымныңнақтылатын, біршамадербесбөлігі.Оқумодуліқайтажаңғыртушыоқуцикліретіндеүшқұрылымдыбөліктентұрады. кіріспеден, сөйлесубөліміненжәнеқорытындыбөлімнентұрады. Әроқушыоқумодуліндесағат саны әртүрліболады. Бұлоқубағдарламасыбойыншасолтақырыпқа, тақырыптартобына  немесетарауғабөлінгенсағатсанынабайланысты. Соныменжалпылапайтқандаоқуүрдісіндеоқушыныңтұлғасыныңдамуына, ықпалжасайтынжаңа технология түріндегісабақтарүлгісініңбәрінежүктелетінміндеттержүйесітөмендегідей:  Жаңатехнологиянықолданудаоқушылардыңпәнгедегенқызығушылығынарттырыпқанақоймай, үлкенізденіспен, шығармашылыққажетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

Ақпараттық сауаттылығымен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

71. Мәтінді талдау арқылы студенттерге және оқушыларға тәрбие бере оқыту. Мектепте, университетте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.

Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі /образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен/ ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек:

  1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,

  2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,

  3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,

  4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.

Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.

Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.

Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.

Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:

ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.

10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.

ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.

11-сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады:

1. Баян батыр ел намысын ойлаушы күрескер ме, әлде ашу-ызаның құрбаны, қылмыскер ме?

2. Баянның іс-әрекеті /інісін өлтіруі/ саналы, мақсатты әрекет пе, әлде қызғаныштан туған әрекет пе?

3. Ноян ел намысын аяққа басушы сатқын ба, әлде албырт сезім, махабаттың құрбаны ма?

4. Қалмақ қызы неге «сұм сұлу» деп аталған? Автордың ол туралы көзқарасы қандай?

М.Әуезовтың әңгімелерін /«Қорғансыздың күні», «Жетім» т.б./ оқытуда:

1. Жазушының қорғансызы кімдер? Олар неден қорғалуы керек?

2. Қорғансыздар тағдыры қандай ой тастайды?

3. Автор қорғансыздарына қандай көзқараспен қарайды?

ІІІ. Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.

Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады. Төменде оқушының жұмысы көрсетілген:

К өкше келбеті

Сәкенше Мағжанша

1. Арқаның кербез сұлуы Сарыарқаның аралы

2. Сексен көл – алтын кесе Бурабай мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек Ай

3. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға

жүреді біліп-кетіп есенсауын Бөлектау: «Ой, бауырым» дер

4. Сұлу бетін дамылсыз жауын жуған Көкшенің тас жүрегі жаралы да

Тағы бір оқушы І.Жансүгіровтің «Құлагер» дастанындағы суреттермен салыстырып, өзіндік қорытынды ұсынады: «Ақындар кейіптеу арқылы Көкшенің сұлу табиғатын жандандыра суреттеген, Көкшетау – кербез, кең далада бойын күткен /Ілиясша/ бір ару. Менің ойымша, Мағжанның көкше аруы мұңдылау, қалың ой құшағында, ақын сол арқылы алдағы трагедиядан сыр бергенде».

ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.

Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.

Ұқсастығы:

  1. Тақырыбы – қазақ әйелінің теңсіздігі.

  2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру.

  3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.

  4. Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары/.

Осылайша айырмашылығы да талданады.

Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.

Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:

1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?

2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?

3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?

Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:

«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».

«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.

Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:

  1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.

  2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.

  3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.

  4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.

1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]