Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)

Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдарына жататындар:

- стилистикалық эксперимент әдісі – синонимдерді іріктеу, мәтінді қысқарту мен кеңейту, мәтіндегі сөйлемдердің орнын алмастыру сияқты әрқилы аранжировка түрлері, сөйлемде компрессия қолдану: бағыныңқы сөйлемді көсемшелік және есімшелік амалдармен, детерминанттармен (сөйлемнің басында мезгіл және мекен пысықтауыштарын) алмастыру; мәтіндегі жай және құрмалас сөйлемдердің арақатынасын, гипотаксисті паратаксиске және керісінше өзгерту;

- семантика-стилистикалық әдіс – тілдік ережелерден ауытқу, мағынаның заттық және коннотативтік элементтерін үйлестіру; нақты мәтіндегі дара, көп мәнділік; сөйлеуді (мәтіндегі фразаны) бірнеше мәрте қайталау есебінен мағыналық элементтерді арттыру; бұл әдіс мәтін бірліктерін жалпы халықтық тіл элементтерімен (яғни мәтіндегі бірліктерді олардың сөздіктердегі мәнімен) салғастыру үшін қолданылады;

- салғастыру-стилистикалық әдіс – бір типті мазмұндағы мәтіндердің тілдік безендірілуіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға көмектеседі, негізінен түпнұсқа мен аударма мәтіндерін салыстырғанда қолданылады, авторлық варианттарды салыстыру әдісі деп аталатын алғашқы және түпкі варианттарын салыстырғанда да қолданылуы мүмкін;

- мәтінді сандық талдау әдістері – сандық заңдылықтарды (сын есімнің, үстеудің және т.б.-ның санын) тауып, мәтіннің тілдік құралдарының сапалық айырмашылығын табуға көмектесетін ықтималды-статистикалық әдіс.

69. Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы. Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін. Жаңа педагогикалық технологиялар және оларды тарихты оқытуда пайдалану[/center] Білім беру сапасын жақсартудың бірден - бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер өте көп. Оларда осы жаңалық жан - жақты, әр түрлі қырынан баяндалады. Жалпы «технология» грек сөзі, бізше «өнер, шеберлік» дегенге келеді. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300 - ден астам балама анықтамалары бар. Мәселен, осы проблеманы көптеген зерттеп жүрген Ресейдің белгілі педагог және т. б. ғалымдары оған төмендегідей анықтамалар береді. «Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В. П. Беспалько). «Педагогикалық технология дегеніміз – оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі)» (И. П. Волков). «Педагогикалық технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге - шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» (В.М.Монахов). «Педагогикалық технология дегеніміз – педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструменталдық, методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі» (М. В. Кларин), т. б.Жоғарыда келтірілгендерді және басқаларды жинақтасақ, оқыту (педагогикалық) технологиясы жүйелі категория екен, ол төмендегідей құрылымдардан тұрады: оқытудың мақсаты; оқыту мазмұны; педагогикалық әрекет етудің құралдары; оқыту үрдісін ұйымдастыру; оқушы, мұғалім; жасалған қызметтің (іс - әрекеттің) нәтижесі. Жоспарланған нәтижеге, мақсатқа жетудің басты шарты – оқытылатын тақырыптың, сабақтың мақсатын дәл, әрі нақты анықтау, оған нәтижеге жетудің жолдарын жобалап қолданылатын әдіс - тәсілдерді, құралдарды барынша тиімді іріктеу және дәл көрсету, нәтижені тексеру не тексеріп отыру. Осы жоба қағазға түсіріледі, оны жасауға да, жүзеге асыруға да барлық оқушылар белсене қатысады.Оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолдану туралы Республикамызда жарияланған еңбектер, журнал мақалалары баршылық. Бірақ тарих пәнін оқытуда, әсіресе, қазақ мектептеріндегі тарихшылардың жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану тәжірибелерін баяндайтын еңбектер, журнал мақалалары тапшы. Төменде әңгіме болатын педагогикалық технологиялардың бәрі бірдей мүлде жаңа, бұрын қолданылмаған әдіс - тәсілдер немесе оқытуды ұйымдастырудың формалары емес. Әңгіме олардың мүлде жаңа тәсілмен қолданылатындығында, соған лайық жоспарланған нәтижеге, мақсатқа толық жететіндігінде. Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – оқулықтағы оқу материалдарының құрылымы үнемі сәтті бола бермейді, соның салдарынан тақырыптың оқу мақсатын жобалауда, нәтижеге жету де қиындық туғызады. Мұндай тақырыпты (3 - 5, 6 - 7 сағаттық) мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып өздігінше жоспарлайды: құрылымын өзгертеді, мазмұнының логикалық байланыстарын күшейтеді, тақырыпты бірнеше ірі бөліктерге бөліп, әр бөлікке сәйкес келетін оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдіс - тәсілдерін белгілейді. Бір модульде дәстүрлі сабақ, лекция, сабақ, семинар, қорытып - қайталау сабағы болуы мүмкін. Басты дидактикалық мақсат - әрбір оқушының жоспарланған нәтижеге жетуін қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]