
- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
19, 43 Карандар
63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
66. Жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері. Жаңа технологияны пайдаланып оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиісті түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім жолдары күтіп тұрғанын сездіретін пәрменді әдіс. Қайшылығы бар ұсыныстар мен сұрақтар қою арқылы проблемалық жағдаяттар туғызылып, оның шешімін табу үшін пікірталастыра отырып ақиқатты іздеумен жалғастыруға болады. Жаңаша оқыту технологиясының тиімділігі: оқушының зейіндік, үлгірім, алған білімінің сапалығы, ғылыми көзқарасының қалыптасуы болып табылады. Оқушыларды жаңа заман технологияларын пайдалана отырып оқытудың негізгі қағидалары мыналардан тұрады:
- баланың танымдық белсенділігін дамыту;
- баланы ізгілікті адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
- өз бетімен әрекеттесу әдістерін меңгерту;
- тілдік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты –білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.
67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, « жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Шінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды – бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: 1. Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор.Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады:
1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
2. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы – оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.
Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.