- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
4)Қазақ тілін компьютерлік бағдарлама арқылы оқыту технологиясының теориялық негіздері, ерекшеліктері.
Г. Нұртаева өз зерттеуін жоғары білім беру жүйесінде химиялық білім берудің жаңа технологиясын жасау мен енгізуге арнаған [17]. Ол өз зерттеуінде компьютерлік технологияны қолдана отырып, білімді бағалаудың рейтінгiлік ұстанымы және білімді меңгеру деңгейін бақылаудың объективтік әдістерінің модульдік жүйесіне негізделген жоғары білім берудің жаңа технологиясын жасауды теориялық тұрғыдан дәлелдеген.
Оның ойынша, оқыту технологиясы – оқу-тәрбие үрдісін құрылымдық түрде ұйымдастыруды шешу мәселесіне қажетті деректердің, процестің өзін және оның қазіргі техникалық жабдықталуын қамтитын бүтін бір комплекс.
Мемлекеттік тілді тіл үйренушілерге меңгертуде қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізу үшін оқытудың ғылыми тұрғыда негізделген, тәжірибеде дәлелденген тиімді технологиясын қолдану керек екеніндігі бәрімізге айқын. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін қажетті жағдай жасау туралы Ата заңымыздың 93-бабында нақты көрсетілген[1]. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бап, 7-тармағында да Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған. Аталған міндеттерді іске асыру үшін тіл мамандарынан білім беру үдерісін үнемі жетілдіріп отыру талап етіледі. Сондықтан білім беру үдерісін технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Жалпы оқу үдерісін“технологияландыру” мәселесі ХХ ғасырда педагогика ғылымында бiрнеше мәрте қарастырылып, әртүрлі қырынан зерттелді. Ол зерттеулердің нәтижесінде бірқатар ірі педагогикалық оқыту технологиялары сұрыпталды.
Сұрыпталған жаңа педагогикалық технологиялардың әрқайсысы – білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынады.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде алатын орны мен маңызды рөлін ескеретін болсақ, қызметкерлердің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі мен сауатты жаза білуі олардың тілді меңгеру сапасына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді қысқа мерзімде тиімді түрде оқытудың амал-тәсілдерін іздестіру – бүгінгі уақыт талабы. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге сай қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан қазақ тілін компьютерлік технология арқылы оқыту – заман талабына, уақыт ағымына қарай туындап отырған мәселе.
Компьютерлік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады.
Компьютердің білім беру үдерісінде кеңінен қолданыла бастауына байланысты «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы», «ақпараттық технология» деген терминдер пайда болды.
Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін қарастыру үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол үшін: 1 Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары ұғымын айқындау қажет; 2 Ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану және оны енгізу ұстанымдарын нақтылау қажет; 3 Сабақта ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау қажет.
1 Егер оқыту дегеніміз оқушыға тиісті ақпаратты жеткізу деген қағиданы ескерсек, онда В.Н.Глушковтың анықтамасы бойынша (ақпараттық технология – ақпаратты өңдеумен байланысты үрдіс), ақпараттық технология білім беруде үнемі қолданылып келе жатыр деген қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге, әрбір педагогикалық технология ақпаратты оқушыға қалай тиімді жеткізу мәселесін қарастыратынын ескерсек, кез келген педагогикалық технология ақпараттық бола алады. Демек, ақпараттық оқыту технологиялары білім беруде кеңінен қолданыла бастағаннан бұрынырақ пайда болған.
Ақпараттық технология мәселесін зерттеп жүрген В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, В.В.Папов, В.Гузеев сияқты көптеген ғалымдардың тұжырымдарын талдай келе, Н.В.Апатов ақпараттық технологияның төмендегі түрлерін көрсетеді: 1 Компьютерлік оқыту жүйелері (оқыту машиналары, бағдарламалы оқыту) 2 Оқыту құралдары (ЛОГО, гипермәтін, мультимедиа, микромир) 3 Инструменталді жүйелер (мәліметтер базасы, бағдарламалау, авторлық жүйелер, топтық оқыту құралдары)
Көріп отырғанымыздай, жаңа ақпараттық технологиялар – техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлер.
Ал ғалым Е.В.Кудрявцеваның тұжырымын ескерсек, төмендегі қағидалар іске асқан жағдайда ғана ақпараттық технолгия жөнінде сөз қозғауға болады: - педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарына негізделуі керек (алдын ала жобалау, тұтастық, мақсат айқындығы); - дидактикада шешімін таппаған теориялық немес практикалық міндеттердің шешімін табу қажет; - ақпаратты қабылдап, жеткізу құралы компьютер болуы тиіс.
Бұл жерде де басты құрал – компьютер екенін көруге болады. Сондай-ақ, Г.А.Боровский мен В.Л.Извозчиковтер де жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде оқытудың жаңа электрондық құралдарын, соның ішінде, компьютерді пайдаланумен байланыстырады. Мұндай көзқарасьы басқа да көптеген ғалымдар қолдайды. Сондықтан «жаңа ақпараттық технология» терминін қысқартып «компьютерлік технология» деп те атайды.
Компьютерлік технология оқытушылардың оқыту әдістері мен оқу үдерісін ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқу үдерісін үнемі жаңартып отыруға, оқытушылар мен үйренушілерге өзіндік және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
Компьютерлік технология ХХ ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңінде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым жүйелерінен және арнайы пәндерден тұрады. Шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға беруді іске асырады.
Компьютерлік оқыту технологиясы – жаңа ақпараттар мен мәліметтер кешенін компьютер арқылы дайындап, үйренушіге жеткізу.
Ғалым Н.Е.Исабек компьютерлік технологияның қолданылу аясы мен дегейіне қарай (1-сурет) компьютерлік технологияның даму бағыттарын көрсетеді (2-сурет)
Компьютерлік технология бағыттарын көрсете келе, компьютерлік технологияны былайша топтастырады. 1. Көркем компьютерлік технология. 2. Инженерлік-компьютерлік технология. 3. Иллюстративті-компьютерлік технология. 4. Іс-құжаттық компьютерлік технология. 5. Когнитивті-компьютерлік технология.
Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т.б. графикалық пәндерге бағытталады.
Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст, аудио жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады.
Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және т.б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль жасау және т.б. қолданылады.
Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.
Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік моделдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т.б.) кең көлемде пайдалануға болатынын дәлелдейді.
Білім беруде компьютерлік технологияны қолданудың төмендегі артықшылықтарын көрсетуге болады. 1 Даралап оқытуға қол жеткізіледі. 2 Білім алушылардың өзіндік жұмыс істеулерін қарқындатуға жол ашылады. 3 Сабақта бірнеше тапсырмалар жүйесін орындауға мүмкіндік туады. 4 Ғаламтор арқылы және арнайы дискілер қолдану арқылы әртүрлі ақпараттар алуға мүмкіндік туады. 5 Электронды оқулықтың мультимедиалық жүйесі арқылы бағдарламаны дыбыспен қамтамасыз етуге, мәтінді диктордан кейін қайталауға, кез келген видеофрагмент көруге мүмкіндік туады. 6 Білім алушылардың танымдық белсенділігі артады. Әртүрлі үлгіде ұйымдастырылған жұмыс түрлері оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, жұмыс істеу қабілеттері артады. 7 Білім алушылардың білім деңгейі мен қабілеттерін дұрыс бағалауға жол ашылады. 8 Сабақта компьютерлік тесті пайдалану арқылы қысқа мерзімде үйренушінің білім деңгейін анықтап, дер кезінде тиісті көмек көрсету мүмкіндігі болады. 9 Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік туады.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды. Әсіресе, қазақ тілін меңгертуде компьютер тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады. Себебі тілді меңгерту тіке қарым-қатынас арқылы іске асырылатын үрдіс. Тіке байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Қатысымның өзі адамдардың біріккен әрекетінің бір қыры, яғни адамдардың үйренетін тіл арқылы өзара бірігіп әрекет жасауы болып табылады. Қатысымдық әдіс – ақпарат алмасу үрдісі, тіл үйренушілердің алға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған белсенді тілдік қатынас үрдісі. Белсенді тілдік қатынастың өзі – тіке байланыс арқылы жүзеге асады. Тіке байланыс арқылы тіл үйренушілер бір-біріне өз ойларын жеткізеді, өз көзқарастарын білдіреді. Бір-бірінен алған мәліметтерді, ақпараттарды қабылдайды. Сол арқылы жаңа хабарлар мен ұғымдарды меңгереді, ой қорытындылайды. Ал компьютерлік технологияны тақырыпты бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру кезеңдерінде қолдану тиімдірек болады.
