Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы

Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз - педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яки баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер мен іс-әрекеттер жиынтығы.

Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн:

  1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:

  • Адамның ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралық ерекшелігі;

  • Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;

  • Тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;

  • Өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін тұлға әрекеті;

  • «мендік» тұжырымдаманың болуы;

  • Оқушылардың білім алуына жағдай жасау. Өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, психикалық қарым-қатынас бойынша алдын-ала көмек беру іс-әрекеті.

  1. Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі принциптер (ұстанымдар):

  • өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;

  • даралық ұстанымы;

  • субъектілік ұстанымы;

  • таңдау ұстанымы;

  • шығармашылық табыс ұстанымы.

3. Технологиялық бөлімі:

  • шығармашылық іс-әрекетке шақыру;

  • баланың жеке басының дамуын қолдау;

  • оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.

Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан-жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәденитаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту –бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.

Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыру қажет деп есептейді:

  • түрлі дәрежелі амал – түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс.

  • өзгешелік амал – оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі, қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша болу;

  • жекеше амал – оқушыларды бірыңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;

  • субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-қатынаста болу.

Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағына жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.

Қорыта айтқанда: сыныптағы әрбір оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру болып табылады, тұлғаны оқытудың соңғы нәтижесі мәдениетаралық қарым-қатынасқа жету.

Бұл жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

1)      Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту; 

2)      Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс

3)      Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс. 

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.

Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажетдеп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.

Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.

Г.К.Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге ұмтылатын "толық қанды тұлға” болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттерінесай қалыптастырып, дамыту болып табылады.

Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Мұндай технологиялар психодиагностика әдістерін пайдаланады, оқушылар қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын қолданады. Демек, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

53.Сөйлем мен сөйлесу тілдік қатынастың құбылыстары.

Сөйлем мен сөйлесім де – тілдік қатынастың құбылыстары болып табылады. Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке-дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Сөзді қатысым құбылысына сәйкес қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент тұрғысынан сөз болады. Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері.

Сөйлеудегі, контекстегі сөйлемді орыс тіл білімінде «высказывание» аталымымен белгілеп жүр. Оны қазақша «айтылыс» деп жүрміз. Шартты түрде алдық демесек, «высказываниенің» мағынасын «айтылыстан» гөрі «предложениенің» орнына қолданып жүрген «сөйлем» терминінің мағынасы дұрыс береді. Салыстырыңыз: сөйле-у – сөйле-м. Біздіңше, орыстың «предложениесі» қазақтың «сөйлем» деген терминінің мағынасын көмкермейді» деген көзқарасын білдіреді. Үндіевропа дәстүрлі тіл білімінде «сөйлемнің» мәнін олқысыну, кішірейте қарау бар. Мәселен, В.Я.Плотник үшін «предложение» - оқиға, құбылыстың стандартты аталуы (номинациясы), айтылыста оқиға, құбылысты хабарлау үшін қажет «жартылай фабрикат». Сөйлем сөйлеу актісінде қолданылып барып айтылысқа айналады. Ал айтылысқа айналмаған сөйлем лингвистикалық еңбектерде кездесетін экстракт ғана. Сөйлем дербес коммуникативтік бірлік болуға қабілетсіз. В.А.Звегинцев: «Тіл – сөйлемнің анатомиясы» деген қағида ұсынады да, сөйлеуге жатпайтын синтаксистік тізбек сөйлем емес, жалған сөйлем (псевдопредложение), ал сөйлем сөйлеуде ғана болады деген үзілді-кесілді пікір айтады. Ю.В.Ванниковтың көрсетуінше, сөйлем мен фраза бір-бірімен сәйкес келіп отырады. Олардың меже шегі үйлеспейтін жайттар да баршылық. Осы соңғы жайтқа байланысты зерттеуші мынадай қорытындыға келеді. Қарым-қатынастың нақты дербес единицасы сөздердің грамматикалық байланыстары негізінде де (сөйлем ұғымында), интонациялық-семантикалық бірлік (фраза ұғымында) негізінде де анықтала алмайды. Бірінші жағдайда қарым-қатынастың нақты дербес единицасы интонациялық-семантикалық единица – фразадан гөрі кең көлемде болып, бірнеше фразалардан тұруы мүмкін. Екінші жағдайда қарым-қатынастың нақты дербес единицасы сөздердің грамматикалық байланыстары тығыз синтаксистік қатарынан кеңірек болып, бір-біріне грамматикалық жақтан тәуелсіз осындай бірнеше синтаксистік қатарды қамтуы мүмкін. Сондықтан қарым-қатынастың нақты дербес единицасы тіл мен сөйлеуді – сөйлем мен фразаны – түйістіруші единицалардың бірлігін көрсететін нақты тілдік бүтін күйінде ғана анықтала алады. Бұл бүтінді Ю.В.Ванников «айтылыс» деп таниды. И.Ф.Вардульдің бұл мәселедегі көзқарасы өзгеше. Ғалымның көзқарасын қысқаша баяндап көрейік. Қарым-қатынастың сөйлеу арнасында өтетін процестері мен оның нәтижелерін сөйлеу деп атауға болады. Тілді зерттеуші адам сөйлеуден физикалық емес, семиотикалық құбылысты көреді. Сонда да сөйлеу семиотикалық құбылыс ретінде «таза, бастапқы» материалдарды бере алмайды. Онда тілдік қана емес, тілден тыс жанама ақпарат та болады. Ал егер тіл бізді таңбалық жүйе ретінде қызықтырса, зерттеу затын бөліп алу үшін сөйлеудің таңбалық жүйе ретінде тілге қатыссыз бөліктері мен қасиеттерінен абстрактіленіп, алшақтау керек болады. Басқаша айтқанда, тілден басқа барлық мәліметтерден, барлық дыбыстық сипаттардан дерексіз болуға ұмтыламыз. Осы абстрактілеу нәтижесінде сөйлеуден басқа бір нәрсе келіп шығады, ол өзге атаумен белгіленуге тиіс. Э.Бюйсанс осыған байланысты «сөйлеудің функционалдық бөлігі» ретінде белгіленетін «дискурс» деген терминді айтады. И.Ф.Вардуль осы терминді пайдаланып, оның ерекшеліктерін пайымдайды. Сөйлеу де, дискурс те тілді оның тікелей тағайыны (назначение) бойынша қолдану немесе осы қолданудың нәтижесі, өнімі. Тек сөйлеу нақты іс-әрекет ретінде басқа бір процестер аясында өтетіндіктен, оған әр алуан қасиеттер мен қосалқы бір құбылыстар қосылады. Ал дискурс – тілді қолданудың «таза» процесі, осы процестің «таза» нәтижесі. Сөйлеуде «тілден тыс қалдық» болады, ал дискурсте ондай қалдық болмайды. Дискурсте қатынас құралы ретіндегі тілдегі бар нәрсе ғана болуы мүмкін. Әдетте, дискурс сөйлеуден бөлінбейді. Соның арасында лингвистикалық дескриптикада сөйлеу емес, дискурстың нақ өзі талданады. Сөйлеуді лингвист қабылдап, одан дискурсты бөліп алса болды, сөйлеудің қажеті жоқ болып қалады. Дискурсты, сөйлеу сияқты, тіл қолдану процесі түрінде динамикалық тұрғыдан және тілді қолдану процесінің нәтижесі, өнімі ретінде статикалық тұрғыдан қарауға болады. Сонымен, тіл мен сөйлеудің байланысы туралы пікірлер әрқилы: тіл мен сөйлеу екеуі – екі басқа құбылыс; тіл мен сөйлеу – біртұтас құбылыс; тіл мен сөйлеудің ара жігін ажыратуға болады. Дей тұрсақ та, біз қазақ тіліндегі «сөйлем» аталымынан бас тартпаймыз. Өйткені жалпыға түсінікті бір ақиқат бар. Ф. де Соссюр айтқандай, «тіл мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланысты және біріне-бірі өзара ұйғарылып тұрады: тіл сөйлеу түсінікті болып, өз әрекетін орындау үшін қажет, өз кезегінде сөйлеу тіл орнап, қалыптасу үшін қажет, сөйтіп тіл мен сөйлеудің өзара байланысы анықталады: тіл бір мезгілде сөйлеудің әрі құралы, әрі өнімі». Тіл – мән, сөйлеу – құбылыс. Философияда дәлелденгендей, мән тереңірек, құбылыс кеңірек, мән мен құбылыстың бірінсіз-бірі жоқ, бұлар тығыз диалектикалық байланыста тұрады. Сонда тіл мен сөйлеу бір нәрсенің екі жағы болып шығады. Тілге статика, сөйлеуге динамика тән. Тілде ой берілсе, сөйлеуде ой қозғалысқа, өзгеріске түседі. Ғалым Ж.А.Жакуповтың жоғарыда аталған еңбегінде синтаксистік құрылыс аясында тілді сөйлеу арқылы, сөйлеуді тіл арқылы түсіндіруі қазақ тіл біліміндегі жаңа да зәру мәселе деп ой түйеміз.

54.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациялары

бірі - оңтайлы оқыту мүмкіндіктерін ашу.

Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу осы проблемаларды шешуге маңызды рөль атқарады. Оқу процесінде қолдану үшін ұсынылып жатқан технология түрлері өте көп.

Соңғы мәліметтерге қарағанда бес бағыттан бағдарланған 50 - ге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Сондықтан осындай жаңартылған технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу -әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.

Г .К.Селевко "Өзін-өзі дамыта оқыту"

М. Жанпейісова

"модульдік

оқыту"

В.К. Дьяченко

"Ұжымдық

оқыту"

Монахов-Қараев "Міндетті нәтиже негізінде шағын мақсатпен оқыту"

Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясы

В.Кодикованың "саралап оқыту"

В. Кодикованың "Саралап оқыту" - оқуының жан - жақты мүмкіндігін ескере отырып оқыту әдісі. Бұл дегеніміз - оқуға берілетін көмекті саралау, әрбір оқушы ең жоғары нәтижеге жету үшін мұғалімнің істейтін іс - әрекеттерінің жиынтығы.

Саралап оқытудың ең басты шарты - оқушыларды үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру.

Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясына көңіл бөлу белгілі бір жүйеге қалыптастырып, танымдық белсенділіктерін арттырады, өз беттерінше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылар өз ойын, ой пікірлерін еркін жеткізіп, талдау жасауға, қорытынды шығаруға үйренеді. Белгілі бір сызба кестелер бойынша кез - келген заңдылықтарды жүйелі түрде айтуға, оларды сапалы түрде қолдана білуге дағдыландырады.

Оқу барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда талмай еңбек ететін - бұл пән мұғалімі болып саналады. Т. Ғалиевтің құрған педагогикалық технологиясын негізге ала отырып кәсіпке оқыту бойынша әр сабақтың мазмұнын анықтап, оқушылардың міндетті түрде білуге тиісті материалды жаңа үлгіде сызба түрінде жасап, сол бойынша жұмыс жасаған.

М. Жанпейісова "Модульдік оқыту" - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын бөлшегі. Модульдік оқыту сабақтар барысында оқушы мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі туралы жазбаша нүсқау алады. Мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін модуль соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін біріктірілген мақсаттар айқындалады. Тапсырмаларды орындау барысы мен модульдік игеру барысын тексеретін әр түрлі бақылау жұмыстары орындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]