Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.

47. Тілдесім әрекетінің бірліктері

Тілдесім – сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Тілдесім – адамдардың қоғамдық- әлеуметтік ӛмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым- қатынасқа тҥсіп, ӛзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да тҥсінуі және оған жауап қайтаруы. Тілдесім – адамдардың бір-бірімен түсінісуі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі жағынан ықпал етуі. Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрлері:

 Ресми тілдесім.

 Бейресми тілдесім.

 Қалыптасқан тілдесім.

 Кәсіби (мамандыққа қарай) тілдесім.

 Әлеуметтік тілдесім.

 Дербестік тілдесім

- Ресми тілдесім – тіл үйренушілерге ресми қарым-қатынастың элементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, жағдаяттарды, ресми материалдарға қатысты меңгерту.

- Бейресми тілдесім – тіл үйренуші ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, адаммен қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білуге үйрету.

- Қалыптасқан тілдесім – әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі.

- Кәсіби тілдесім – тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету.

- Әлеуметтік тілдесім – адамның қоғамдағы орнын, беделін, қызметін ескере отырып құрылатын тілдік қарым-қатынас. Мұнда сөйлеуші адамдар бір-бірінің қоғамдағы әлеуметтік рөліне, атқарып отырған қызметіне, жасына, жолына қарай тілдеседі.

- Дербестік тілдесім – адамның қызметіне, беделіне, әлеуметтік орнына қарама, жеке басының қасиеттеріне қарай, өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, тілдесу, сөйлесу.

Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім түрлері:

Тікелей тілдесім – адамдардың бір-бірімен көзбе-көз, ауызба-ауыз, бірін-бірі тікелей көру арқылы тілдесуі; тіл үйретуші мен тіл үйренушінің тікелей көзбе – көз қарым-қатынасы.

Жанама тілдесім – тіл үйренуші мен үйретушінің бірін-бірі көрмей-ақ берілген тапсырмаларды орындап, қажетті жұмыстарды атқару арқылы қарым-қатынаста болуы.

48. Қазақ ресми-іскери тілін оқытудың жаңа технологиялары

Жалпы қазіргі кезде осыдан қазақ тілін қалай жылдам үйреніп алуға болады?!- деген сауалға ешкім де жауап іздеп қиналмасы анық. Тіл үйренуге деген жағдай да, талап та өзгеріп, тіл үйренушілерге мемлекет тарапынан барлық  мүмкіндіктер қарастырылған. Тілді саналы да, сапалы оқып-үйрену үшін  әртүрлі озық әдістемелер ұсынылған. Қазір өзекті де тиімді саналып отырған қазақ тілін деңгейлік оқыту технологиясы арқылы тіл үйренуші кәсіби маман ретінде тілдесімге шыға алатындай мақсат пен міндетке бағытталуы қажет деп ойлаймын. Сол себепті біз, орталық оқытушылары, үш деңгейлік оқыту барысында яғни, бастауыш деңгейде «Тілдік бағдар», жалғастырушы деңгейде  «Тіл дамыту» мақсатын көздесек, жоғары «Тіл мәдениеті» деңгейінде іс қағаздарын жүргізуді үйретеміз.

                       Бастауыш деңгей             Жалғастырушы деңгей           Жоғары  деңгей

                            «Тілдік бағдар»               «Тіл дамыту»                     «Тіл мәдениеті»

                                  «Тіл ашар»                    «Тіл ұстарту»                     «Тілдік тұлға»

Қарапайым  деңгейде тіл үйренушілер сөз тіркестерімен жай сөйлем құру, шағын сұхбаттарды түсіну, сұрақ қою және  жауап беруді меңгерсе, жалғастырушы деңгейінде белгілі бір тақырып төңірегінде өз пікірін білдіріп, түрлі жағдаяттарда сөйлесуге тырысады. Яғни, ісқағаздарын толтыру барысында мемлекеттік тілде жүргізу құзіреті қалыптасады. Жоғары деңгейде күрделі ойды білдіретін сөйлем құрастырып, пікір айтып, пікірталасқа түсу дағдысын, сондай-ақ әдеби тіл нормасын, ұлттық дүниетанымды меңгерген, ресми құжат үлгілерін сауатты толтыра білетін тілдік тұлға қалыптасады, яғни  ТІЛ-ТҰЛҒА-МӘДЕНИЕТ қағидасы.

Жалғастырушы топта кәсіби бағдарлы деңгей тіліне дағдыланған тереңдетілген топ тіл үйренушілері, қазақ тілінен ресми-іскери деңгей бойынша кәсіби тілді оқып үйреніп, нәтижесінде мемлекттік тілді жетік меңгерген маман болып шығуы тиіс. Әрине ол үшін, оған ЖОО-да  оқытылатын мамандықтарға сәйкестендірілген типтік оқу бағдарламасы негізінде жазылған арнайы оқулықтары болуы міндетті. Мұндай оқулықтар өте тапшы. Сондай-ақ, лексикалық тақырыптар мен грамматикалық талдауларға арналған жаттығулар қамтылған оқу құралдары жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан, ЖОО оқытылатын мамандықтардың кәсібіне сәйкестіріп жазылған  іскери қазақ тілі оқулығын дайындап шығару - бүгінгі күннің өзекті мәселесі деп ойлаймын. Ендігі кезекте оқытушыларға қиынға соғып отырғаны - қазақша білмейтін маманға кәсіби тілді меңгерту. Тілді  оқытушыларға өзге тілді ұлт өкілдерін оқыту мәселесімен қатар, ана тілін жетік меңгерген қазақ тілді студенттерге  мамандық тілінде жатық сөйлеп, сауатты ой жеткізу мәселесіне көңіл бөлетін кез келді. Біз көп жағдайда қазақ мектебін, тіпті жоғарғы оқу орнын қазақша бітірген  жас маман кәсіби салада өз ойын тиянақты, еркін жеткізе алмайтынының куәсі болып жүрміз. Өкінішке орай, мекемелердегі тіл үйренушілер арасында мектепті, жоғары оқу орнын қазақша бітіргенін, мемлекеттік тілді жетік білетінін алға тартып, қазақ тілін оқыту курсына барудың қажеттілігі жоқ деп түсінетін жас мамандарды жиі кездестіреміз. Оларға  әр сала  құжатының өзіне тән ерекшелігі барын, оны меңгермейінше сол сала бойынша іс жүргізу мүмкін емес екендігін түсіндіріп, дәлелдеуге тура келеді. Ол мейлі қазақ мектебін бітірген болсын, өз кәсібінің тілін қазақша меңгермесе, кәсіби терминдер мен  ұғымдарды қазақша танымаса, кәсібіне қатысты қатынаста мемлекеттік тілде сөйлей алмайды. Сондықтан, болашақ мамандарға қазақ тілін үйрету емес, қазақша кәсіби білім беру керек. Жоғары оқу орнына қазақ мектебін бітіріп келген студент  жиналған  тілдік білімін  кәсіби біліммен сабақтастыруы қажет.

Кәсіби  мамандыққа бейімдей оқыту екі түрлі мәселені қатар шешеді: біріншіден, студенттің мамандыққа қатысты білім аясы кеңейеді;  екіншіден, тілдік білім құзіреттілігі қалыптасады.

 Болашақ маман:

- өз кәсібінің ауызша сөйлеу мәдениетін,

- кәсіби терминологиясын,

- қазақ әдеби тілінің нормасын,

- лексикалық байлығын,

- қазақ тілінің орфоэпиялық нормасын,

- қазақ тілінің орфографиялық нормасын,

- ресми ісқағаздар стилін меңгерсе, мектеп бітірушіге осы саланың іргелі білімі берілсе сонда ғана, біріншіден, қазақ тілінің қоғамдық қатынас тілі ретінде қызметі орнығады, ұлғаяды; екіншіден, республика сауатты мамандарға ие болады; үшіншіден, қазақ тіліне өзге ұлт өкілдерінің бағасы биіктейді, қызығушылығы артады. [3.65 Қазақ тілін сапалы оқытудағы маңызды мәселелерінің бірі - қазақ тілінің мамандық тілі ретіндегі қолданыс аясын кеңейту, ісқағаздарын рәсімдей білу дағдыларын жетілдіру. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары, қазіргі кезде жоғары деңгейде кәсіби бағдарлы оқыту технологиясын қолдана отырып, кәсіби қызметінде жиі кездесетін құжат түрлерін толтыру, типтендірілген сөйлеу жағдаяттары, проблемалық жағдаяттардан шыға білу іскерлігін дамытамыз. Сонда ғана тіл үйренуші  қазақша қарым-қатынас тілін де, іс жүргізу тілін де, кәсібінің тілін де  меңгеріп шығады. Қазіргі таңдағы жаңалықтар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды  әкелгені баршамызға белгілі. Оқытушыларымыз  қазақ тілін  мамандыққа қатысты оқыту мен сабақтарды жаңаша ұйымдастыруда әртүрлі жолдар мен  технологияларды қолдануда. Инновациялық әдістердің ең негізділерінің бірі - «Интерактивті оқыту әдісі». Inter-өзара, бір- бірімен,  akt-әрекет ету, яғни, әңгімелесу, пікірлесу, диалог ұғымында қолдананылады. Интерактивті тәсілді қолдану тек тіл үйренушінің ғана емес оқытушының да біліктілігін арттырады. Ең басты артықшылықтары мынадан көрінеді: ақпараттың көлемі, игеру тереңдігі, материалды қабылдау, оқытуды бақылау, тіл үйренуші мен оқытушының рөлі, оқытудың мотивтік ерекшелігі, бағалау. Интерактивті тәсілдің қазір қолданылып  жүрген когнитивтік (ұжымдық ойлау), эксперименттік (жеке тәжірибе), рөлдік (ойын), фасилитация (реалдылық) сияқты төрт бағыты бар.[4,66] Интерактивті  оқыту әдісінің басты мақсаты - әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен білімі туралы түсініктерін ортаға салуы, бірлесе талқылап, өз ойын білдіру.   Интерактивті әдістерді қолдануда:

- топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді;

- өзінің білетінін басқалармен бөліскенде, ақпаратты беруші де, алушы да еске жақсы сақтайды;

- үйренуші идеясының  логикалық дұрыстығы бірден  анықталады;

- өзін-өзі еркін, батыл сезінеді;

- тілге деген қызығушылығы артады;

- тілді жақсы меңгерген тыңдаушы тілді меңгеру деңгейі төмен тыңдаушыға көмек көрсету арқылы өз білімін шыңдайды;

- сөздік қорын байытады;

- өз білімін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді;

- есте сақтау қабілеті жоғарылайды;

- белсенділігі, ізденімпаздығы артады;

- сөйлемді дұрыс құра білу, ойын толық жеткізу дағдылары қалыптасады.

Кәсіби оқыту тәсілдері - бұл жүйелі және логикалық бірізділікпен іс-әрекет жасайтын оқытушы мен тіл үйренушінің бірлескен қимылы. Осы арқылы олар кәсіптік білім негіздерін меңгереді;  білік пен дағды, шығармашылық  қабілеттерін дамытады, кәсіби  шеберлік қыр-сырын үйреніп оның негіздерін қалыптастырады. Кәсіби  қазақ тілін оқытуда  интерактивті оқыту технологиясын қолдану арқылы өмірде болып жататын түрлі жағдаяттарды дидактикалық талаптар тұрғысынан екшеп алған соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек.  Тіл үйрету барысында  жүргізілетін жаттығу жұмыстарының барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Тыңдаушы қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қана қоймайды, олардың сабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді.  Сондықтан да оқытушы әр тыңдаушының қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]