Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары

Проблемалық оқыту тарихы зерттеу әдісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды да, оны жан-жақты зерттеу 60 жылдардан басталды. Проблемалық оқыту идеясы мен принциптері психолог ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин еңбектерінде көрініс тапса, мектеп оқу үрдісінде қолдану мәселесі М.А.Данилов, М.Н.Скаткин сияқты әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылды. Проблемалық оқыту мәселесімен Т.В.Кудрявцев, Д.В.Вилькеев, Ю.К.Бабанский, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер сияқты ғалымдар да айналысты. Қазіргі кезеңде де бұл мәселемен басқа да педагогика ғылымы өкілдері қарастыруда.

Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн – оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық технологиялар (оған Е.И.Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологоиялары, В.Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады); Орыс дидактиктері М.А.Данилов пен В.П.Есипов проблемалық оқытуда оқушыға дайын материалды бермей, шығармашылық тапсырмалар арқылы олардың өзіндік ойларын жетілдіру керек деп санайды.1 М.И.Махмутов проблемалық оқытуды үш түрлі классификацияға бөледі: Оқу материалдарындағы ережелер мен заңдылықтарды шешуге, анықтауға бағытталған ғылыми шығармашылық; практикалық мәселелерді шешуге, алған білімді жаңа жағдаятта пайдаланып, оны шешуге және өздігінен құрауға бағытталған практикалық шығармашылық; ойын ойнау, ән айту, сурет салу, т.б. арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған көркемдік шығармашылық. Проблемалық оқыту оқушының репродуктивті, продуктивті және шығармашылық қызметін жетілдіруді көздейді. Проблемалық оқыту шартты түрде төрт деңгейден тұрады. Бірінші деңгей мұғалімнің айтқан материалын тыңдап, берілген тапсырмаларды орындауды қамтиды. Екінші деңгейде алған білімін жаңа жағдайда мұғалімінің көмегімен, жартылай өзі орындауы арқылы іске асырады. Үшінші деңгейде оқулық бойынша берілген тапсырманы өздігінен іздене отырып, орындайды. Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмалар орындай отырып, өзі талдау жасайды. Оқушының алдына проблемалық жағдаят қою арқылы материалды меңгерту – проблемалық оқытудың басты шарты. Проблемалық жағдаят оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен шешім қабылдауға жетелейді. Проблемалық оқытуды қолдану үшін мұғалім тақырып бойынша оқушының білім деңгейін және олардың шығармашылық қабілетін ескеруі тиіс. Іріктеліп алынған сұрақтар оқушының жауап беруін талап ететіндей, салыстыру мен талдаудан тұратындай болуы қажет. Проблемалық оқыту оқушылардың ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын өздігінен табуға жетелеп, оқушының таным дербестігін қалыптастырады. Проблемалық оқыту ойлау операциялары (талдау, қорытындылау т.б.) арқылы жүзеге асатындықтан, оқушының ойлау қабілетін дамытып, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға игі әсер етеді. Проблемалық оқыту оқушының білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылыққа құрылып, ол мәселелерді шешуге деген проблемалық жағдаят туғызады. Осымен байланысты оқушының ізденушілік қабілеті дамиды. Проблемалық оқыту оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, оның алдына шешілуі тиіс мәселелерді қояды.

Проблемалық жағдай туғызуда мынадай ережеге сүйену керек:

  1. Проблемалық сұрақтарды студенттердің білмеуі;

2 Проблемалық сұрақтарды шешуде студенттердің бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.

П.И.Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің 5 кезеңін былай деп көрсетеді:

1 Проблемалық жағдай туғызу.

2 Проблеманы шешу жолдарын іздестірі және оған өз ой тұжырымын беру.

3 Қиындық тудырған мәселеге талдау жасау, себебін іздестіру және оны шешудің ғылыми болжамын беру.

4 Білімін жетілдіру арқылы берген ғылыми болжамын дәлелдеу.

5 Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу.

Зерттеу нәтижесі проблемалық жағдай мынандай жағдайларда туындауы мүмкін екендігін көрсетті (барлық пәндер бойынша).

1 Оқушы қойылған мәселенің шешіімн табу әдісін білмеген жағдайда, проблемалық сұраққа жауап бере алмағанда және жаңа фактіге түсініктеме бере алмаған жағдайда, яғни жаңа ұғымды түсіндіру үшін бұрынғы алған білімнің жетіспеуі кезінде проблемалық жағдай туындайды.

2 оқушының бұрынғы меңгерген білімін тәжірибеде қолдану қажеттігі туындаған кезде және оны тәжірибеде қолдану үшін білімнің жетіспеушілігі анықталған жағдайда проблемалық жағдай туындайды. Білімнің жетіспеушілігін түсінген жағдайда оқушыда танымдық қызығушылық пайда болып, ізденімпаздылыққа ынталандырады.

3 Мәселені теориялық тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны тәжірибеде жүзеге асыру тәсілі арасында қарама-құайшылық болған жағдайда проблемалық жағдай оп-оңай туындайды.

4 Керісінше, мәселені тәжірибелік тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны теориялық тұрғыда негіздеуге мүмкіндік болмаған жағдайда проблемалық жағдай туындайды.

Проблемелық оқытудың негізгі ерекшеліктері.

Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі, ол өз кезегінде оқушылардың білімді берік сапалы меңгерулеріне, ойлау қабілеттерін, білік, дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.

Проблемалық оқытудың екінші ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру болса, үшінші ерекшелігі теориялық және тәжірибелік мәселелер арасындағы байланыс заңдылықтарынан келіп шығады да, дидактиканың оқыту мен өмір тәжірибесі арасындағы байланыс ұстанымымен анықталады. Яғни оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады.

Проблемалық оқытудың төртінші ерекшелігі оқушылардың әр түрлі үлгідегі өздік жұмыстарын тиімді орындауы болып табылады.

Оқушылар өздік жұмыстарын орындай отырып, бұрыннан қалыптасқан білім қорларын пайдаланады жаңа білім, білік, дағды меңгереді.

Бесінші ерекшелігі дидактиканың жеке бағдарлы оқыту ұстанымымен анықталады. Әр түрлі қиындық деңгейіндегі оқу проблемаларын әр оқушы әрқалай қабылдайды және оның шешімін әркім әрқалай шешеді. Осыған сай бірнеше ғылыми болжам, дәлел, түсінік беріледі де, оқушылар оны салыстыра отырып, өз ой-пікірлерін, болжамдарын дәлелдейді.

Проблемалық оқытудың алтыншы ерекшелігі - “ойлауды белсендіру”. Проблемалық оқыту технологиясының міндеттерін іске асыруда, яғни, оқу мазмұнын толық ұғынып, одан белгілі бір нәтиже шығаруда ой негізгі рөл атқарады. Ойлау – адамның таным әрекетінің ең жоғарғы формасы. Ол – күрделі психикалық үрдіс. Көрнекті кеңес психологі Л.С. Выготский оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетектеуге, әсіресе, оның өздігінен ойлау әрекетінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етуі тиіс дегенді айтады [55,300]. Бұл жерде оқушылардың ойлау әрекетін үнемі белсендіріп отыру көзделеді.

Проблемалық оқытудың жетінші ерекшелігі бойынша, оқушылардың “шығармашылық ойлауын” жетілдіру арқылы олардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өзіндік ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру көзделеді.

Проблемалық оқыту технологиясы ерекшеліктерінің ішіндегі алғашқы үшеуі ең маңызды болып есептеледі, өйткені біріншісі – білімнің беріктігін, екіншісі - өз көзқарасын қалыптастыру мен қорғауды, үшіншісі – меңгерген теориялық білімді өмірде қолдана білуді қамтамасыз етеді. Ал қалған ерекшеліктер осы үш ерекшеліктің тиімділігін арттырып, жетілдіре, толықтыра түседі.

Проблемалық оқыту технологиясының көрсетілген ерекшеліктеріне қарай, проблемалық оқытудың түрлері анықталады.

Проблемалық оқытудың түрлері:

1 Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады.

2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді.

3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем шығарма жазу, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б.

41. Бүгінгі таңдағы әдістемелік ғалымдардың еңбектері зерттелуі

19, 43 сурактардан карандар! Келеди шамалы болса да!

42. Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқыту технологиясы

Ойын арқылы оқыту техналогиясының мәні - дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шынығу барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы - ойын әрекеті. Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі — адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан ұрпақтан ұрпаққа берілген өмір тәжірибесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Ойынды психологиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері Н.Фрейд, К.Роджерс, Д.Леви, Д.Торф және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталады. Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатынын ертеден-ақ дәлелденген, тіпті, 18 ғасырда Ж.Ж.Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін, оны ойын кезінде бақылау керек.»- деген.

Ойын әрекетінің бала психологиясының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы жайында Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Кеңестер одағында жалпы ойын теориясы Г.В.Плеханов, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко сынды, атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Дидактикалық ойындарды ғылыми түрде зерттеу ісіне П.П.Блонский, С.П.Шацкий, В.Г.Марц, А.В.Сухомлинский, В.Г.Яковлев, Т.Е.Каликова, Э.В.Янковскаялар сияқты ғалымдар да назар аударды.

Мектепке дейінгі балалардың ойындарына да көптеген еңбектер бағытталған. Соның бір тобы рөлдік, творчестволық ойындардың теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, И.А.Фраукина, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б. келесілері педагогикалық процестерде дидактикалық және қозғалыс ойындарының ерекшеліктеріне, алатын орнына жэне маңызына тоқталды.

Ғалымдар: Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова, Э.М.Богусловская, В.Н.Афанасова т.б. ал үшінші бір тобы мектеп алды даярлық тобындағы балалардың ойынның маңызын анықтауға бағытталған еңбектер Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина, Н.В.Аванцова және т.б.

Тәрбиелік үрдістегі ойынның маңызы туралы кеңес педагогтары А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б. арнайы зерттеу еңбектерінде терең де жан-жақты айқын талдау жасаған.

А.С.Макаренконың айтуынша: «Үлкендер өмірі үшін жүмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды рөл атқарады. Ойында бала қандай болса, өскенде жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.»-деп жазды.

Ал Қазақстан зерттеушілерінің ішінде дидактикалық ойынды зерттеген ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров болды.Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың тілін дамытып, ойын жүйелі айта беруге үйрету – мұғалімнің басты парызы. Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сыныпта отырғанда балалардың тез шаршауы, оның ақылының жұмыссыз қалуынан, әсіресе, тек отыруда ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында сабақты дидактикалық жарыс-ойын түрінде өткізсе, балалар сергіп өздерін еркін ұстайды»-деп ойынның, қызықты жаттығудың балалардың оқу әрекетін жандандырып оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал екенін атап көрсетеді.

Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, сөздік қорының молаюы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды.

Ойынның түрлері

1. Сюжеттік-рөлдік ойындар: балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың рөліне енуге, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. Бұл ойынның негізгі ерекшелігі адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді. Оларға өзінің қатынасын білдіреді.

2.Дидактикалық ойын: балалардың қызығушылықпен ойнайтындай дәрежеде мұғалімдер алдын ала дайындап ұсынады. Оқыту міндеттері белгілі мақсатында жету. Бала өздігінен әрекет етсе де, оның белсенділігі мұғалім белгілеген шеңбер аясында болады. Бұл ойынның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.

3. Қимыл-қозғалыс ойындары дене шынықтыру жаттығулары мен спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, баланың қозғалысын үйлестіріп, ептілігін қалыптастырады.

4. Тетрландырылған ойын оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындауға, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге енуге, образдарды құрастыруға, сахналауға мүмкіндік береді.

5. Ережелі ойындар үстел үсті ойындары, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.б. болып бөлінеді.

6. Құрастыру ойындарына лего конструкторлар, мозайка т.б. ойындар жатады.

7. Ұлттық ойындарға «Орамал тастау», «Сақина салу», «Жамбы ату», «Ханталапай», «Ақ сүйек», т.б. ойындар жатады. Ұлттық ойындардың желісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын-есептер құрастыру арқылы олардың бойында ибалық, байсалдылық, тапқырлық, шыншылдық және т.б. қасиеттерді сіңіруге, қалыптастыруға болады.

43. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша шыққан ғылыми еңбектер

Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды.  Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді [2]. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» /1941/ атты еңбегін жазып [4], натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [5]. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар – Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев.  1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады.  Осы уақытқа дейін қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады [7]. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық көрді [8]. Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегін атауға болады [9]. Кітапта практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетіледі. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы[10].  1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі» деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған «70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз» атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған Ұ.С.Байсақалованың «Қазақ тілі» оқулығы «Фолиант» баспасынан 2007 жылы шықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]