Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасқан мәтін лингвистикасы бүгінгі таңда адамның сөйлесу-ойлау қызметіндегі өте күрделі әрі көп қырлы феномен ретінде мәтінді зерттеу мен сипаттау әдіс-тәсілдерін мейлінше қамтыған деп айтуға болады. Мәтіннің көп қырлы болуы, оның айқын шекараларының болмауы және нақты көрінбеуі ғылымда мұндай жағдайдың табиғи нәрсе екенін көрсетеді, бұл ретте талдау жасалатын объектінің онтологиялық, жүйелі және функциноналдық қасиеттерін мәтіндегідей сияқты әртүрлі тұрғыдан, атап айтқанда, семиотикалық, вербальды белгілік жүйе ретінде (Р. Якобсон, Ю. М. Лотман, Б. Я. Успенский және т.б.); дискустық, білімнің пәнаралық салалары сипаттамаларында (Э. Бенвенист, ван Дейк Т. А., жас Р. Барт және т.б.); лигвистикалық, тіл бірліктері маңыздылығының жүйесінде ( В. Виноградов, Г.О. Винокур, В. П. Григорьев, Г. Я. Солганик, Н. А. Кожевников және т.б.); және басқа да тұрғыдан қарастыруға болады. Осы келтірілген аспектілер мен әдіс-тәсілдер тізбесі – бұл сайып келгенде негізгі бағыттар және соларға сай теориялар, олар қалай болғанда да ғылыми таным объектісі ретінде мәтіннің онтологиясын түсіндіруге жол ашады. Формальды көзқарас мәтіннің орталық санатындағы көптеген нәрсені – анафориялық және катафориялық құрылымдар, лексикалық қайталаулар, прономинализация, сөйлемдер арасындағы түрлі-уақыт байланыстары, ой-пікірді тақырыптық-рематикалық ұйымдастыру және тағы сол сияқты тіл құралдарының көмегімен байқалатын айқын лингвистикалық құбылыс ретінде түсінілетін байланыстарды ашып берді. Алайда мәтін лингвистикасының проблематикасын тек қана формальды құралдарды сипаттаумен шектеу мәтіннің мазмұндық компоненттерін, яғни сөйлеу-ойлау қызметі процестерімен байланысты анағұрлым мәнді және анағұрлым күрделі санаттарды зерттеу назарынан тыс қалдырды. Е. С. Кубрякованың пікірінше: «Адам тәжірибесінің және ойлау қабілетінің қандай да фрагментін бекітпейтін мәтіндер жоқ деуге және болмайды. Бұл мәтінді тұжырымдамалық және когнитивтік талдаудың ықтимал объектісі етеді, яғни, біз осы мәтінде әлемге деген қандай көзқараспен ұшырасқанымызды, адам өз назарын неге және қандай себептермен аударғанын, онда қандай білім фрагменттері мен оны бағалау бекітілгенін және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ, нәтижесінде дискурстық, яғни, әлеуметтік бағдарланған және әлеуметтік негіздегі коммуникативтік қызмет болып табылмайтын мәтіндер болмайды. Мәтін қаншалықты анонимді болып көрінгенімен оның авторы немесе авторлары болады, яғни, мәтін солардың сөйлеу-ойлау актісін көрсетеді. Осы айтылғандардан мынадай тұжырым туындайды: мәтін мен дискурс ұғымдарын ажырата білумен қатар, бұл ұғымдар бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды, яғни, олар бірін-бірі жоққа шығармайды». Осылайша, мәтін дегеніміз – адам өзінің когнитивтік және тілдік қабілеттеріне байланысты жүзеге асыратын сөйлеу-ойлау қызметінің қорытындысы және сол ретінде дискурстың нәтижесі [1, 200-202 бб].

Кез келген байланысқан және тұтас сөйлеу туындысын (ауызша немесе жазбаша) екі жақты түрде қаншалықты дәрежеде сипаттау мәтін санатының таксономиясы туралы мәселені шешіп алмайынша мүмкін емес және ол әдетте, объектігі байланысты қарастырылады. Зерттеуші оны қорыту және қорытындылар жасау үшін анағұрлым толық әрі презентабельді мәселе ретінде тұжырымдайды. Алайда, мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын онда тілдің барлық бірліктерінің өзара байланысты жұмыс істеуіне орай айқындау қиынға түседі. Сол себепті, көптеген авторлар мәтінді сипаттау кезінде басқа деңгейлердегі бірліктерге қатыстылығы бойынша пайдаланылатын санаттарға сүйенеді. Мәселен, лингвистердің бір тобы мәтінде вербальды, синтаксистік деңгейлер сияқты өлшемдерді; басқалары – тақырып, фокус, байланыс сияқты санаттарды; үшінші біреулері – поэзиялық, темпоральдық параметрлерді, негізгі және тағы басқаларын атап көрсетеді. Алайда, мәтіннің осы және осы сияқты конституэнттері (санаттары) тілден мүлдем шығарылып, оның коммуникативтік өлшемдерін толығымен сипаттайды. Сондықтан да мәтіннің теориялық проблемаларымен айналысатын көптеген мамандардың мәтін мәртебесін семантикалық зерттеулердің дербес объектісі ретінде айқындауға мүмкіндік беретін мәтіннің нақты тілдік дистинктивтік белгілері мен қасиеттерін (санаттарын) анықтауға ынталануын осыдан түсінуге болады. Бұл ретте мәтін тіл туралы жаһандық теориялық ілімде пайдаланылатын жалпы лингвистикалық, эпистемологиялық санаттар тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Мәселен, мәтіннің санаттары ретінде мазмұн, мән және мағына ұғымдарының аражігі сияқты белгілі әдіс-тәсілді пайдалануға мүмкіндік туады: «Мазмұн мәтінге қатысты «мағына» және «мән» ұғымдарынан айырмашылығы бар өзінің терминологиялық қолданылуына ие болады. Мазмұнды мәтін грамматикасының термині сияқты жалпы мәтінге енгізілген ақпарат ретінде; мағынаны – сөйлемдегі немесе жоғары фразалық бірліктегі хабарлама ретінде; мәнді морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, синтаксистік құрылымдар ретінде ғана қарастырамыз». Лингвистердің екінші бір тобы мәтіннің санаттарын «соның өзінен» іздеу жолын таңдайды (байланыстылық, тұтастық, аяқталу және тағы сол сияқты ұғымдарды қарастырады, атап айтқанда, көркем мәтіннің санаттарын анықтау кезінде: « Сипаттаудың гносеологиялық аспектісі тәнді жалпы философиялық санаттар арқылы талдау мүмкіндігін береді. Мәтіннің санаттары көркемдік әлем заттары мен құбылыстары байланыстарының қасиеттерінің және қарым-қатынастарының әмбебап ұғымдары болып табылады. Оларға: оқиғаның онтологиялық (субстантивтік) санаты; оқиғаның атрибутивтік (сипаттайтын) санаттары: қозғалыс, кеңістік және уақыт санаттары; оқиғаның релятивтік қосарланған санаттары: автор санаты мен оқырман санаты; жүйе санаты мен компонент санаты және т.б. жатқызылады. Санаттардың әрқайсысы жеке құрылымға ие және оларда талдаудың түрлі деңгейлерінің ішкі субсанаттары бар». Мәтіннің мағынасы – мәтінішілік мазмұн мен мәннің аясынан шығып кететін санат, ол рецепиентте мәтінді немесе оның фрагменттерін ой елегінен өткізу және интерпретациялау нәтижесінде қалыптасатын ұғымдарды көрсетеді. Сондықтан да мағынаның мәнін авторының ойымен сәйкес келуі шарт емес, өйткені ол сөйлеу-ойлау қызметінде (дискурста) мәтін мазмұнының және оның терминалдық құрамдас бөліктерінің көмегімен кодталады. Бұл мәтін мағынасы дегеніміздің рецепиент білімінің жалпы фонымен, оның ментальдығымен әрі әлеуметтік-тарихи және мәдени-танымдық көзқарастар корпусымен тікелей байланысты болатын мәтінді түсіну санаты екенін куәландырылады: «... мәтін – тіл туралы және әлем туралы қандай да бір қарапайым мәліметтерді білетін адамдардың солардың негізінде мейлінше дұрыс қорытынды жасауы. Мәтін когнитивтік құрылымдардың ширығу көзі ретінде орын алады (қарапайым фреймдерден аса күрделі ментальдық кеңістіктер мен ықтимал әлемдерге дейін)». Күшті әлеуметтік-мәдени тұлға ретінде автор сондай-ақ, мәтінді «жарыққа шығарғаннан» кейін шеттетілген тұлға болып қалады, себебі мәтін (ең алдымен жазбаша түрде ұсынылған) әрқилы оқылып, әртүрлі интерпретацияға ұшырап, тіптен түсінілмей, жеке өмір сүре береді. Мұндай жағдай өзара қатаң байланысы жоқ барлық тілдік белгілер табиғатына тән нәрсе: «Белгі мен оның мағынасы арасындағы қатынас шартты, конвенционалды деген түсінік бар. Н. И. Жинкиннің жануарлар тілі мен адам сөздерін салыстырмалы талдау нәтижесінде алынған деректері тілдік белгі құрылымында элементтер қатаң байланыспаған деп тұжырымдауға негіз береді. Бұл – еркін, жылжымалы, динамикалық арақатынас. Адамның тілдік жүйесінде белгі мен мағына арасындағы байланыс ақпараттық сипатта болса, жануарларда белгі мен жағдай мықты ассоциативтік тұрғыдан байланысқан. Бұл тілдің белгілерді комбинациялау сияқты негізгі қасиетін айқындайды, ол жаңа ақпараттың туындауынан негіз алады». Осылайша, сөйлемге қарағанда сөйлеу-ойлау қызметінің соңғы өнімі ретінде қарастырылатын мәтін семантикалық тұрғыдан өз ішінде шектеліп қалады, яғни тілдік жүйеде өзінің семантикалық белгісіздігін жоюға ықпал етуі ықтимал болатын өз «сюзеренін» таппайды. Лингвисткалық тұрғыдан алғанда мәтіннің семантикасы – принципті танымсыздық саласы, одан мынадай тұжырым шығады: мәтін тіл бірлігі болып танылмайды. Мұндай жағдай лингвистерді семантикасы өз ішінде шектелмейтін мәтіннің құрамдас бөліктерін іздестіруге мәжбүр етеді (салыстырма, күрделі синтаксистік тұтастық, жоғары фразалық бірлік, прозалық жол, азат жол және тағы сол сияқты ұғымдар, бұлар тіл бірліктері рөліне негізделуі мүмкін). Осылайша, мәтіннің семантикасы егер де зерттеуші мәтінді анағұрлым кең контекстке, атап айтқанда мәдени-тарихи, филологиялық, философиялық-танымдық және т.б. контекстке қосқанда ғана танылуы және сипатталуы мүмкін. Бұдан мынаны байқауға болады: мәтіннің семантикасы – пәнаралық ғылыми ізденістер пәні, оларда жеке лингвистикалық талдау бастапқы және тым қатаң, сондықтан да мәтіннің дискурстық қызмет өнімі ретіндегі табиғаты мен мақсаты туралы білімнің нақты әрі объективті пайымдалуы түрінде көрініс табады. Сол себепті әдетте мәтіннің лингвисткалық талдауы деп аталатын нәрсені мәтіннің филологиялық талдауы деп атаған дұрыс болады [2, 59-66 бб].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]