- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы,теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту,материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек. Оқушылардың өз бетiмен жұмыс жасауына және қоғамдық белсендiлiгiнiң артуына әсер ететiн – дамыта оқыту технологиясы (Эльконин-Давыдов, Л.В. Занков, Г.Д. Кириллова, Г.И.Щукина т.б.);
Дамыта оқыту технологиясы –оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға үйретеді. Дамыта оқыту – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоцкий, А.Дистервек, К.Ушинскиден басталған. Бұл теорияны алғаш негіздеп дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Элконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б. тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты. Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Дамыта оқытудың барысында оқушылардың ойлау, байқампаздық қабілеті дамиды, ашық пікір қорғауға талпынады, мәтіндегі басты ойда түсінуге, талдауға ұмтылады, өзін-өзі бағалай білуде пікір алмастыра алады. Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т.б. қалыптасады. Мұның өзі оқушыны ойландырады, тақырыпты терең түсініп, мән-мағынасын ашуға қызығады, өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады, өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық қабілеті дамиды. Кезінде Қ.Жұбанов ХХ ғ. 30-жылдары «технология» мәселесіне айтарлықтай мән бере отырып, тақырыпты баяндамас бұрын, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыны ойлануға, пайымдауға шақыруды, оалрды іздендіре отырып санасына түрткі жасауды дамыта оқыту идеясынан туғанын көрсетеді. Зерттеушінің әдістемелік еңбектерінде блоктық-модульдік, оқыту, дамыта оқыту, қашықтан (аулақтан) оқыту идеяларының көрініс табуы, оның өміршеңдігін құндылығын дәлелдей түседі. Демек, дамыта оқыту оқушының ойлау дүниесін (сөйлеу, интелект, қиял, ес, сезім т.б.) дамытуға әсері ерекше екенін, мәтінді ұғыну, тіл-ойлау-сөйлеудің өзара әрекеттестігі негізінде құрылатынын байқатады. Мұның өзі оқушының ойлау мен сөйлеуін дамытуға ықпал етеді. Ойлау қабілетінің дамытуда бала қиялы жүйрік, терең болуға тиіс, ол іс-әрекет үстінде дамып, жетіліп отырады. Сабақ барысында оқушылардың теориялық ойлау, пікір алмасуы, ой қорытуы, өзіндік тұжырым жасауы олардың танымдық қабілеттерін арттырады. Дамыта оқыту барысында оқушыларға берілетін жаттығулар мен тапсырмалардың қай-қайсысы болмасын олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыт-бағдар береді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Шығармашылық ізденістер, жеке, дара т.б. тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырады, алдарына нақты мақсат қояды, оны шешуге өздіктерінен әрекет жасайды. Демек, дамыта оқыту барысында танымдық-зерттеушілік әдіс жандана түседі. Мәтінді оқып, жете түсіну, ойлау шығармашылық ізденіске жетелейді. Мұның өзі білімді өз бетінше ізденуге жол ашады. Түсіну-ойлау әрекетінің өзіндік жемісі. Бұл технология ‹‹оқушы мұғалімнің оқыту әрекетінің объектісі емес, оқудың өзін-өзі өзгерте алатын субъектісі болады›› деген қағиданы негізге алады. Субъектісі болу дегеніміз − ол өзін-өзі өзгертуге қажеттілік болу және оған оқу арқылы қол жеткізу. Яғни, оқығысы келу, оқуды ұнату және оқи алу. Бұл жерде білімді игеру, іскерліктері мен дағдыларының қажеттіліктері жоққа шығарылмайды, алайда тек мақсат ретінде емес, оқушыны дамытудың өзіндік құралы ретінде ғана қарастырады. Мұғалім оқушының өз бетімен ізденуіне жол көрсетуі қажет. Дамыта оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына және оның өзіндік шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баулиды, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Аталған технологияда білім алушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін оқушы осы уақытқа дейін өзінің алған білімінің жеткіліксіз екендігін сезінетіндей болуы қажет. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы мен қызығушылығы артады. Сабақ оқу мақсатының қойылуы, оны шешудің жолдарын бірлестіре қарастыру, шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тәрізді бөліктерден тұрады. Оқушы теориялық материалды жалаң, жаттанды түрде емес, қарапайым бақылаулар жасау, зерттеулер жүргізу арқылы меңгеруі керек. Дамыта оқытуда қойылатын сұрақтар ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей проблемалы сұрақтар болуы қажет. Дамыта оқытуда сабақта жаңа материалды талдауға көп көңіл бөлінеді. Талдау ізденістен тұрады. Талдау барысында мұғалім баланың ой-пікірін бақылауға мүмкіндік алады. Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім оқушыларды «жақсы оқитындар», «жаман оқитындар» деп бөлмей, барлық балардың дамуы үшін жағдай туғызады. Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас ынтымақтастыққа, өзара сыйластыққа негізделеді.
