- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
Қазақ мектебінің 5-6 сыныптарына арналған қазақ тілі оқулығын тану ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ (әрі қарай – «Тұжырымдама») Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін қазақ мектебінің 5-6 сыныптарында оқытудың ұйымдастырудың өзегі болып табылатын қазақ тілі оқулықтарын танудың және соның негізінде жаңа моделін ұсынудың ғылыми-әдіснамалық және практикалық негіздерін, 5-6 сынып оқушыларының қазақ тілінен сыныпта және өз бетімен білім алуының, қазақ тілін меңгеру арқылы патриоттық сезімдерін дамытудың, сол негізде қазақ тілін түрлі оқу құралдарын мұғалім жетекшілігімен және өз бетімен оқып-үйрену мотивациясын жоғарылатудың, 5-6 сынып оқушыларының мемлекеттік тілді саналы меңгеруін ұйымдастыратын мұғалімдердің биік санатты әдістемелік міндеттерін, ірі дидактикалық бірлік – қазақ тілі оқулығы мен оны жан-жақты толықтыруға қызмет ететін мұғалім мен оқушыларға арналған көмекші құралдар жүйесін жасау мен қолданудың әдістемелік тетіктерін белгілеп, анықтайды. Ұсынылып отырған «Тұжырымдама» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық құжатында [1], Қазақстан халқына Жолдауларында (1998-2010жж.) мемлекеттік тілді дамытуға байланысты алға қойған міндеттеріне, Қазақстан Республикасының Білім Заңына, білім жүйесін жетілдіру туралы құжаттарында көрсетілгендей мектептерде қазақ тілі пәнін сапалы оқытуды ұйымдастыруға байланысты мақсат-міндеттеріне сәйкес әзірленді.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылдағы Жолдауында: «...Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді. Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек. Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелестік болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйренуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар шешім қабылдауы тиіс», - деді
Осы Тұжырымдаманың мазмұнында баяндалатын қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілін оқытуға қатысты заңдар мен заңдық күші бар құжаттарға сүйенеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «... қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды дайындаудың сапалы биік деңгейіне қол жеткізілетін болады», - делінген [3].
Қазақ тілі оқулығы – қазақ мектебіндегі оқушы үшін барлық басқа пән қазақ тілінде оқылатындықтан білім алудың басты құралы. Ал қазақ тілінің өзі ғылыми білім бастауы ретінде дербес пән болып оқытылуы – осы пәннің оқытылуына аса мұқияттылықпен, терең жауапкершілікпен кірісу керектігін міндеттейді. Қазақ тілі оқулығы барлық басқа оқулықтар сияқты белгілі бір құндылықтардың өткізушісі, тасушысы болғандықтан, оқулықтың аксиологиялық ерекшеліктері ерекше нысанда қарастырылуы керек.
Қазақ тілі оқулықтарының дидактикалық мазмұны да, оны меңгерту технологиясы да оқушылардың ана тілін теориялық заңдылықтар жүйесі мен практикалық жаттығулар тұрғысынан меңгеру ерекшеліктері мен жас ерекшеліктеріне баса ден қоюы тиіс.
Қазақ мектебіндегі қазақ тілі оқулықтарының түбегейлі айырмашылықтары мен ортақ нүктелері болады. Ортақ нүктесі – қазақ тілі болса, түбегейлі айырмашылығы ана тілі ретінде оқылатын қазақ тілі оқулығының оқыту логикасы «ТІЛДЕН – СӨЙЛЕУГЕ» болып құрылса, өзгетілді мектепте оқылатын қазақ тілі оқулығы «СӨЙЛЕУДЕН – ТІЛГЕ» логикасына құрылады.
Қазақ тілі оқулығының сапалылығы оқулық мазмұнында берілетін оқу материалының, білім мазмұнының баланың мәдени, когнитивтік, сөйлеу тілі, эмоциялық тұрғыдан дамуына жеткілікті деңгейде ақапаратқа ие болуымен өлшеніп, танылады. Қазақ тілі оқулығының лингводидактикалық негіздері ғылымаралық диалог негізінде танылады. Оған пәнаралық кірігу үдерісінің қарқынмен өтіп жатқандығы да себеп болуы мүмкін.
Қазақ тілі оқулығының лингводидактикалық болмысында философиялық білімнің негізі болатындығы анық. Қазақ тілі оқулығының жаңа моделін анықтауда лингводидактиканың гносеология яғни, таным теориясымен байланысы негізге алынады.
