Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.

Оқыту жүйесіндегі модульдік оқыту технологиясының басты ерекшеліктері сарапталады.

К.Б.Жақсылықова: «Модуль – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдылы мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы мен оқытудың негізгі құралы» екенін, «модульге ену және одан шығу дегеніміз – студенттердің модуль материалын игермей тұрғандағы олардың бастапқы білім деңгейін тексеру» жұмысын қамтитынын сөз етеді [4, 69].

З.Бейсенбаева модульдік оқыту технологиясы жайлы былайша тұжырым жасайды: «Жоғары мектептегі оқу материалын модульге құру білім беруді жекелеу, саралау ғана емес, студенттердің келешек мамандығына кәсіби қызығушылығын арттыру, әдістемелік пәндерді тереңдетіп оқыту қажеттілігін туғызу» [5, 125 б].

М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясының «білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процесстерді: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға» бағытталатынын айтады [6, 6 б].

Ғалымдар И.Б.Марцинковский, Дж.Д.Рассель, Б.Гольдшмидт, М.Л.Гольдшмидт модульдік оқытудың студент үшін қолайлы екенін, материалды өз бетімен оқуға мүмкіндік туғызатынын, оқу белсенділігін қалыптастыруға көмектесетіндігін дәлелдеп көрсетеді.

Модульдік оқытуда оқытушы жеке тұлғаның қызметін емес, тек жол сілтеуші, бағыт беруші тұлғаның қызметін атқарады.

Модульдік оқыту студентке өзіне ыңғайлы модульді таңдап алуына және өзіне қолайлы уақытта оқуына мүмкіндік береді. З.Бейсенбаева модуль құрудың бағдарламасы туралы жан-жақты талдау жасап, модульдік оқытудың «жеке модульдерден тұратын оқу бағдарламасы» екенін «дұрыс құрылған бағдарлама модульді оқытудың басты шарты болып» табылатынын, сондықтан «модульді оқыту бағдарлама құрудан» басталатынын айтып, бағдарлама жасауда басшылыққа алынатын критерийлерді айқындайды. Пән мазмұнын модульге бөлуде басты критерий оқу материалдарын модульге бөлу болып есептеледі. Модульдің саны, көлемі пәннің мазмұнына байланысты болады. Пән мазмұнын модульге бөлуде оны бөліктерге бөлу, мақсатын айқындау, қол жететін нәтижені анықтау және қажетті құрал-жабдықтар мен ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдау да негізгі критерий болып саналады. Модульдік оқытуда оны бақылаудың түрлерін алдын-ала анықтап алу да ­– басты шарттардың бірі.

Оқу материалын жоспарлау мен оқу модуліне бөлуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық менталитетімізді ескеріп әрекет ету тиімді нәтиже береді. Модуль мазмұнын құруда модуль мақсатын айқындау, модульдің мазмұнын құрастыру, оқу әрекетін басқару және оны әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, кері байланыс тәрізді аспектілер негізге алынады. Модуль бағдарламаларын жасауда басты ұстанымдарды айқындап алудың мәні зор. Сонымен бірге пәннің теориялық негізін игерту соның негізінде студенттің дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Басты мақсаттан әр модульдің жеке мақсаттары келіп шығады. Жеке мақсатқа жету үшін бағдарлама блоктарды негізге ала отырып, жоспарланады. Модульдік оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар блоктарды қайталау блогы, танымдық-әрекет блогы (теориялық кәсіби-іскерлік блогы), тереңдету блогы, проблемалық блок, мектеп оқулығымен байланыс блогы, қорыту блогы деп бөлу кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]