Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

3.Бухгалтерлік балансты және пайдалар мен залалдар туралы есептілікті шоғырландыру үдестері.

Ұйым шоғырландырылған қаржылық есеп беруін №27 ХҚЕС сәйкес ұсынады, осы Стандартқа сәйкес өзінің инвестицияларын еншілес ұйымдарға шоғырландыра алатын бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынуға тиіс.

1. Олар:

а) бас ұйымның өзі басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйымы болып табылса және егер олай болмаған күнде дауыс беру құқығы жоқ иеленушілерді қосқанда, оның басқа иелік етушілері бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбайтыны туралы хабардар етілген болса және оған қарсылық білдірмесе;

б) егер бас ұйымның борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта (ішкі және шетелдік қор биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қосқанда, биржадан тыс нарықта ) айналымда жүрмесе;

с) егер бас ұйым ашық нарықта қандай да бір құралдар класын шығару мақсатында бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға өзінің қаржы есептілігін жібермеген болса және жіберу барысында болмаса;

д) егер осы бас ұйымның соңғы немесе кез келген аралық бас ұйымы еркін қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін жарияласа, онда бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынудан босатылады.

2. шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбауды шешетін және тек қана жеке қаржы есептілігін ұсынатын бас ұйым көрсетілген-параграфтардың талаптарына сәйкес іс-әрекет жасайды.

4.Инвестициялық меншіктің танылуы.

Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларына, шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде яғни, капитал түрінде салынып, ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Кәсіпкер оны өзінің табысы есебінен және несие капиталдары нарықтың есебіне тауып отырады. Инвестициялық қызметтің мақсаты түпкі нәтижесінде кәсіпкерлік табыс немесе процент алу.

Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерешеліктерінің бірі –шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.

Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет.Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субьектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.

Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]