
- •Альбуминдер, глобулиндер, қасиеттері, ұқсастығы, айырмашылығы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Белоктардың функциясы, белок молекуласының формасы. Функциясы мен қасиетін анықтау кезінде белок құрылыстарының рөлі.
- •Белоктардың жалпы қасиеттері, жіктелуі, жануар организміндегі маңызы.
- •Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
- •Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, организмдегі маңызы, қасиеттері, хим-қ табиғаты, простет-қ тобы.
- •1 Топ: эстеразалар осы топқа жататын ферменттер липидтегі күрделі эфирлі байланысқа әсер етеді. Гидролиздеу әсеріне қарай ң топшаға бөлінеді
- •Гликозамингликандар, өкілдері, хим-қ табиғаты, организмдегі маңызы.
- •Глюконеогенез,түзілуге қатысатын заттар , реакцияларының жүру бағыты.Кори циклы жане глюкозо-аланин циклы:физиологиялық маңызы.
- •Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.
- •Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •Коллагендер.Эластиндер.Кератиндер.Аминқышқылдар-ң құрамының ерешелігі, қасиеттері, табиғатта таралуы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Күрделі белоктар: липопротеидтер құрылысы туралы түсінік. Негізгі өкілдері. Қанның липопротеидтері, түрдері, биол-қ маңызы.
- •.Күрделі белоктар:хромопротеидтер, құрылысы, қасиеттері, организмде маңызы.
- •Күрделі белоктар:гликопротеидтер құрылысы негізгі өкілдері, қасиеттері, табиғаттат таралуы. Нағыз гликопротеидтер жане протеогликандар.
- •Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.
- •Қандағы глюкозаның денгейін реттейтін гормондар
- •Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі
- •Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.
- •Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары,мочевинаның түзілуі туралы теория және орны.
- •Оксиредуктазалар
- •Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі,су алмасуының регуляциясы.
- •Организмдегі бейорганикалық заттардың маңызы.Минералды алмасудың сатылары.
- •Протамин. Гистондар қасиеттері. АЙырмашылығы, ұқсастығы, жануар организмінде маңызы.Табиғатта таралуы.
- •Пептидогидролазалар тобы:
- •Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.
- •Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін пжқ тағдыры.Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.
- •Трансферазалар.
- •Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •Ферменттер активтігіне әсер етуші факторлар.
- •Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
- •106.Шөрнек механизмдері,цитоплазмалық надн2 тртығуындағы олардың ролі. Энергиялық байланысы.
Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
Адам эритроциттерінде гемоглобиндердің бірнеше түрлері болуы мүмкін- эмбрионалдықтан ересек жағдайға дейінгі түрлері: примитивті гемоглобиндер(НвР)-Говер1 жәнеГовер2, фетальды гемоглобин(НвF), ересек адамдар гемоглобині. Олардың барлығы суббірліктік құрамымен және оттегіге жақындығымен ерекшеленеді. Гемоглобиннің басты қызметі-оттегіні өкпеден тканьдерге тасымалдау болып табылады. Тәулігіне гемоглобин тканьдерге шамамен 600литр оттегіні жеткізеді және шамамен 500литр көмірқышқыл газын шығаруға жағдай жасайды. Гемоглобиннің әрбір грамы 1,34 мл оттегіні қосып алып,оксигемоглобинге айналады. Қанда гемоглобин концентрациясы орташа есеппен 150г/л болатындықтан, қанның бір литрі 201 мл оттегіні байланыстырады. Рентгенқұрылымдық сараптаманың көмегімен Перутц және оның қызметкерлері гемоглобин мен окигемоглобинның суббірліктерінің конформациясы біраз болса да, бір-бірінен ерекшеленетінін анықтады. Оксигенация процесі кезінде суббірліктер бір-біріне қатысты айналады да, соның салдарынан екі бета-суббірліктің гемдері бір-біріне жақын орналасады. Перутцтың ойынша, оттегі альфа-суббірліктердің геміне қосылады да, ал гемоглобин молекуласының соңындағы иондық байланыстар ыдырайды. Оксигемоглобиннің түзілуі кезіндегі тұзды көпірлердің ыдырауы басқа бір қызықты әсерді тудырады.
Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, организмдегі маңызы, қасиеттері, хим-қ табиғаты, простет-қ тобы.
Д.Кендрью мен Перутц 1957ж гемоглобин құрылымын анықтаған. Олар полипептид тізбегінің өзара жане геммен әрекеттесетіндігін анықтаған. Сонымен қатар О2 өосып алғанда өзгеріске ұшырайтындығын анықтаған.
Эмбриондық даму кезінде 2 тізбектерінен тұрады, ол гемоглобин НБЕ деп аталад. Дамудың 6шы айында эмбр-қ гемоглобин фетальдық гемоглобинге айналады, оның ерекшелігі тізбегінің орнына 2ϒ тізбектер түзіледі. Бұл гемоглобин оттегімен парциалдық қысымы төмен болуына қарамастан жақсы байланысып, ұрықты О2 қамтамасыз етеді. Жануар организміндегі негізгі рөлі О2 өкпеден тканьдерге тасымалдау, ал көмір СО2 газын тканьдерден өкпеге жеткізу.
Миоглобин-Бір полипептидтік тізбектен тұратын жай жане белок простетикалық топ-1гемнене тұрады. Гемі гемоглобиннің геміндей, молек.массасы-17000Д Миоглобин цитоплазманың митохондрияға жақын жерінде кездеседі, ол гемоглобиннен оттегін тасымалдайды. Миоглобин гемоглобинге қарағанда оттегімен жақсы байланысады. Сондықтан суда жүретін жануар-ң бұлшық етінде миоглобин көп.
Миоглобин бұлшық еттің арнайы белогі, сондықтан қанның сары суында оның кездесуі бұлшық еттің жарақаттанғандығын көрсетеді. Миоглобинді анықтаудың диагностикалық маңызы зор. Миокард инфракті кеселінің дамуының екінші сағатында қанда көп мөлшерде миоглобин пайда болады.
Гидролазалар: эстеразалар мен гликозидазалар. Өкілдері.
реакция субстратының судың қатысуымен ыдырауын катализдейтін ферменттер гидролазалар деп аталады.
1 Топ: эстеразалар осы топқа жататын ферменттер липидтегі күрделі эфирлі байланысқа әсер етеді. Гидролиздеу әсеріне қарай ң топшаға бөлінеді
* карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлі байланысты гидролиздейтін эстеразалар.
*фосфор қышқылынан түзілген күрделі эфирлі байланысты гидролиздейтін эстеразалар.
* тиол эфиріне әсер ететін тиолэстергидролазалар.
*күкірт қышқ.эфиріне әсер ететін тиолэстергидролазалар.
- карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлі байланысты гидролиздейтін эстеразалар
*өкілдері-липаза,ұйқы безінің липазасы,фосфолипаза,холестеролэстераза
-2 топша өкілдері
*фосфомоноэстеразалар,фосфодиэстеразалар
-Гликозидазалар өкілдері
*альфа және бетта амилазалар,глюкоамилазалар,мальтоза,лактоза
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.Адам ағзасының реттеуші жүйелерінің ішінде гипоталамо-гипофизарлы жүйе ең жоғары сатыда тұр. Гормондардың гипоталамуспен гипофизда түзілуі және бөлінуі бір-бірімен тығыз байлансты. Сүтқоректі жануарлардың нейрогипофизі негізінен 2 түрлі гормон бөліп шығарады: вазопрессин мен окситоцин. Вазопрессин – 9 амин қышқылы қалдығынан құралған қысқв пептид, ол гипофизден бөлініп алынған және синтездік жолмен де алынады. Вазопрессин антидиуреттік гормон деп саналады, ол организмде су-тұз алмасуын біршама тұрақты қалыпта ұстап тұруды реттейді, бүйрек талшықтарында суды кері қарай соруды белгілі деңгейде ұстап тұрады, яғни бөлінетін зәр мөлшерін азайтады. Вазопрессин түзілу процессі бүлінген кезде адамда зәр көп бөлінеді, оның мөлшері тіпті тәулігіне 20л шамасына дейін жетеді. Окситоцин химиялық табиғаты жөнінде вазопресинге ұқсайды. Барлық сүтқоректі жануарлардың окситоцинінде амин қышқылдарының орналасу реті бірдей болады. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып қысқартады, әсіресе бұл жағдай малдық тууы кезінде, әйелдің босануы кезінде жатыр бұлшық етінде байқалады. Окситоцин желіннің альвеолдарын жиырылтады да, сүттің бөлініп шығуына себеп болады.Желіннің емшегін түршіктіріп қоздырған кезде окситоцин босап шығады, бұл жағдай малы сауған кезде және баланы емізген кезде пайдаланылады. Туып босану қиындап кеткен кезде окситоцин қолданылады.
Глюкозаның ыдырау жолдарыГлюкозаның 2/3 бөлігі гликолитикалық жолмен жіне 1/3 бөлігі пентозофосфатты жолмен жүреді. Глюкоза тотығуының гликолитикалық жолы анаэробты (оттексіз) және аэробты (оттекті) жағдайда жүреді. Егер глюкозаның тотығуы оттексіз жағдайда жүрсе ,процессті анаэробты гликолиз,деп егер оттек қатысуымен жүрсе аэробты гликолиз деп атайды. Глюкозаның бейорганикалық заттардан түзілуі тек өсімдіктерде күн сәулесі энергиясын сіңіру нәтижесінде жүреді. Бұл энергиялық процесс.
Глюкозаның аэробты жағдайда ыдырауы,реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы.
Аэробты гликолиз-дегеніміз глюкозаның оттегінің қатысуымен жүретін айтамыз.Бұл процес екі сатыдан жүреді.
1-ші Сатысы цитоплазмада жүреді.
2-ші сатысы митохондрияда жүреді.Клеткада оттегі жеткілікті,сол себепті цитоплазмада түзілген пирожүзім қышқылы мембрана арқылы митохондрияға тасмалданады.Нәтижесінде пиуватдегидрогеназды комплекстің арқасында активті сірке қышқылы түзіледі.Тотығудан декарбоксилдену реакциясы жүреді.
Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы,мәні, маңызы, кездесетін жері.
Пентозофосфатты
1.НАДФН2 көзі болып табылады.
2.Цитоплазмада жүреді,анаэробты жол арқылы глюкоза көмірқышқыл газына дейін ыдырайды.
3.Аралық өнімдері яғни пентозалар нуклеопротеидтердің,нуклеин қышқылдардың,кейбірі коферменттердің синтезіне жұмсалады.
4.Процесс қайтымсыз.
5.Бұл процесс жылдамырақ жүреді гликолитикалыққа қарағанда
Пентозды циклдың биологиялық мәні:
1.клеткада глюкозаның тотығуының бұл жолында көп мөлшерде тотықсызданған НАДФ түзіледі.Глюкоза-6-фосфаттың 1 молекуласы тотыққан кезде 12 НАДН2 түзіледі,оны клеткалар май қышқылын,стероидық гормондарды,улы заттарды залалсыздандыру жане т.б
2.Бұл процесте әртүрлі пентозалар, соның ішінде рибоза,синтезделеді,ол нуклеоидтер мен нуклеин қышқылдарының молекуласын түзу үшін қажет.
3.Аэробты жағдайда,цитозольды НАДН2-нің 12 молекуласынан протондар мен электронды митохондрияларға,тыныс алу тізбегінің ферменттеріне тасымалданған кезде тотығу фосфорильдену реакциясында АТФ-тың 36 молекуласы синтезделуі мүмкін.
Глюкоза катаболизмінің пентозды циклы 2 кезеңнен тұрады:
-бірінші кезең-глюкоза-6-фосфаттың 6 молекуласының тотығыуы жане НАДН2-нің 12 молекуласының көмірқышқыл газының 6 молекуласының жане әртүрлі фосфопентозалардың 6 молекуласының түзілуі.
-екінші кезең- транскетолазды реацияларды фосфопентозалардың айналымы жане фруктоза-6-монофасфаттың 5 молекуласының түзілуі жане олардың глюкоза -6- монофасфатқа айналуы.