Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Операциялық жүйе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.74 Кб
Скачать

II.2. Даму тарихы

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты  қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның  және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың ОЖ –лерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.

II.3. ОЖ –гі файлдық жүйе дегенміз не?

Файл (file – бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүрлі типтегі файлдар атқарады. Файл бағдарламадан, не оларға қажеті берілген сандар тобынан, мәтінен тұруы мүмкін. Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек. Файлдың толық атауы екі бөліктен тұрады: аты және типі. Файлдың аты – 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі деп те айтылады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді. Файлдың толық аты латынның бас не кіші әріптерімен беріледі (сандар да кіреді).

Мысалы:

  • COMMAND.COM

  • NORTON. EXE

  • GAME.BAS

  • AIGUL.TXT.

  • MARAT. DOC

Файлды дискіге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемі, жазылған уақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, символмен берілген (байт) көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты - файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.

Файлдық жүйе дегеніміз белгілі бір жетек арқылы файлдарды сақтауын үйымдастыратын құрал. Файлдар сыртқы жетектер - магниттік дисктер немесе CD-ROM арқылы іске асырылады. Әр бір файл белгілі бір дисктік жад блогтарында орын алады.Негізінде блок ұзындығы — 512 байт.

Файлдарды арнайы ОЖ модулі қамтамасыз етеді, оны файлдық жүйенің драйверлары дейді. Әр файлдың өз аты болады, ол каталогта бекітіледі. Каталогті (кейбір кезде директория немесе бума) пайдаланушы ОЖ командалық тілі арқылы қол жеткізе алады. Каталогты көріп шығуға, атын өзгертуге, файлдарды тіркеуге, ішіндегі мазмұндардың орның ауыстыруға және жоюға болады.

Каталог өз аты болуы мүмкін және басқа бір каталог ішінде файлдармен бірге сақтауға болады. Осылайша иерархикалық файлдық құрылым пайда болады.

Егер пайдаланушы ОЖ-ге «файлды аш...» деген команда берсе,оңда файлдың аты және каталогтың аты берілсе не болады? Бұл команданы орындау үшін файлдық жүйе драйвері көмекшіге /справочнику/ назар аударады, оңда берілген файлдың қай диск блоктары сәйкес келеді екенін анықтайды, сосын осы диск драйвер блоктарына сұраным жібереді.

«Файлды сақтау» командасын орындайтын кезде файлдық жүйе драйвері дискіде бос блоктарды іздейді, оны белгілейді, диск драйверіне осы блогтарға жазуына сұраным жібереді. Файлдық жүйе драйверлары файл атауы бойынша магниттік дискіде жазылған және магниттік дискіде файлдар арасында ақпараттарды таратады. Осы функцияларды орындау үшін файлдық жүйе драйверлар дискіде тек пайдаланушының ақпаратын ғана емес, өзінің қызмет ақпаратын да сақтайды. Дисктін қызмет ауданында барлық файлдар және каталогтар тізімі сақталады, сонымен қатар файлдық жүйе драйверларының жұмыс істеу жылдамдығын арттыратың әр түрлі қосымша көмекші кестелер сақталады