- •1.Тарау. Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру.
- •1.1 Несие қызметтері және формалары
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
- •1.3. Қазақстанның банктік секторындағы несиенің түрлері
- •2.Тарау. Қазақстанда шағын бизнесті несиелеуді жетілдіру.
- •2.1. Банктік несиелеуді ұйымдастыру.
- •2.2. Шағын бизнесті несиелеудің кеңеюі
- •Қорытынды
1.2 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Несие жүиесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүиесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады .Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүиесінің құрылымы қалыптасады .
Қазақстан Республикасындағы несиелік жүие екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе , ал екіншісі – парабанктік жүйе ( банктік емес мекемелер ) . Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы 1-ші суретте берілген .
ҚР-ның несие жүйесінің құрылымы
Қ |
Б |
П
|
Б |
П ошта-жинақ жүйесі |
Эмиссиялық б анктер |
Эмиссиялық емес банктер |
Ломбардтар
Несиелік серіктестіктер
Сақтандыру қоғамдары
Инвестициялық компаниялар
Ипотекалық компаниялар |
Қазақстан ұлттық банкі
ҚҰБ-ның Алматы қалалық филиалы
ҚҰБ-ның облыстық (14) басқармалары |
Қазпошта |
Екінші деңгейдегі банктер |
Жоғарыдағы сызбаға енген несие жүиесінің құрылымдық элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын , оның иерархиялық құрылымы 1–кестеде берілген.
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды.
Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсетеді.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтырды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.
Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссуда беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа) кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге ( 30 күнгі дейінгі мерзімге ) кепілге салатын мүлік құнының 50-80% мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылығын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі — мұнда несиелік шарт және кепіл міндеттемелері болмайды. Ссуданы кепілге беру барысында клиент кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын растайтын құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің басты шарты көрсетіледі.
Несиелік серіктестік — өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекемелер.
Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшеліктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктердің мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктердің басты пассив операцияларына — салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына — ссудалық, комиссиондық, сауда – делдалдық операциялары жатады.
Несиелік серіктестіктің бір түріне ауылшаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметі — ауылшаруашылығына несие-есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзгеде жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығының несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызметі жатады. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі — олардың қызметінің бір қатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілдіктер болады.
Несиелік одақтар —бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылған несиелік кооперативтер.
Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т.б.
Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелері қосатын үлесінен және пайдаларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару: өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, векселдерді есепке алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар: кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.
Өзара несие қоғамдары — шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекемелер.
Бұл қоғамдар Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде Қазақстан аумағында жеке өнеркәсіпшілер мен саудагерлерге несие-есеп айырысу қызметін көрсететін. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қоқан жарналарынан қалыптасады.
Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:
ломбардтар;
несиелік серіктестіктер;
микрокредиттік ұйымдар;
жинақтаушы зейнетақы қорлары;
пошта-жинақ мекемелері;
ипотекалық компаниялары.
Соның ішінде қазіргі кезде ломбардтық мекемелер мен несиелік серітестіктер кеңінен дамып келеді.
Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкін.
Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ААҚ-нан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.
Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:
несиелік-депозиттік серіктестік — заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.
ауыл несиелік серіктестігі — өзара несие беру үшін, оның қатысушыларының ақшаларын жинақау жолымен ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бірігуі нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
несиелік серіктестік — коммерциялық ұйым.
Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарындағы ерекшелігіне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада құрыла алады:
коммандиттік серіктестік;
толық серіктестік;
ЖШС;
акционерлік қоғам.
Микрокредиттік ұйымдар — бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы екі түрге: мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді. Қазіргі таңда 16 зейнетақы қоры болса, оның біреуі мемлекеттік, қалғандары жеке меншік зейнетақы қорлары. [ 1, 92 б ]

Р-ның
несиелік жүйесі
анк
жүйесі
арабанк
жүйесі
анктік
емес мекемелер