Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
integratsia_teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.86 Кб
Скачать

15. Аралық программалық қамсыздандыруды қолдана отырып интеграциялау. Xml және веб – қызметтерін қолдана отырып базалық интеграциялау қағидалары

Аралық программалық қамсыздандыру анықтамасы және белгілері.

Аралық ПҚ (middleware) – бұл бөлінген клиент-серверлік қосымшалар немесе бүтін желілік қосымшалардың компоненттерін бір ақпараттық жүйеге біріктіру үшін тағайындалған программалық қамсыздандыру класы. Аралық ПҚ сервистер жиынтығын ұсынады. Әр түрлі платформаларда орындалатын түрлі қосымшаларға өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Аралық ПҚ-ның жалпы қолданбалы интерфестері (API) қосымшалар арасындағы өзара әрекеттерді инфраструктура мен гетерогенді желінің жүзеге асу детальдарын тереңдетпей-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал осындай желі структурасы мен құрамындағы кезекті өзгерістер қосымшалардың өзгеруін талап етпейді. Middleware термині ең алғаш 1968 жылы пайдаланылды, алайда корпоративті қосымша интеграциясының технологиясы ретінде. Бұл программалық қамсыздандыру типі 80-жылдарда жаңа қосымшалардың ескірген мұрагерлік жүйелермен біріктіру және өзара әрекеттестіру мәселесін шешу үшін қолданыла бастады.

Аралық ПҚ-ның орны желілік қосымшалар немесе олардың компоненттер арасындағы шартты «орталығында». Осы арқылы ол үштүйінді клиент-сервер архитектурасындағы орта түйінін білдіреді, middleware функцияналдық бөліктері корпоративті желі ортасындағы қосымшалар мен олардың компоненттері арасына бөлінгенін ескермегенде.

Middleware функциялары

Middleware сервистері қосымшаларға API әр түрлі функияларын ұсынады. Бұл функциялар операциялық жүйе мен желі қызметтері функцияларымен салыстырғанда, қамтамасыз етеді:

  • Басқа желілік сервистер мен қосымшаларға көрінбейтін қол жетімділікті;

  • Басқа желілік сервистерден тәуелсіздікті;

  • Жоғарғы сенімділік пен тұрақты дайындықты.

Аралық ПҚ түрлері

Күрделі жүйелерді өңдеу мен ендіру кезінде аралық ПҚға деген сұраныс ауқымдылығымен, сенімділігімен және де өзара әрекетті ұйымдастырудағы идеясымен ерекшеленетін middleware-дің түрлерінің пайда болуына әкелді. Сондықтан қазіргі кездегі барлық аралық ПҚ спектрін екі негізгі категорияғы бөлуге болады:

  1. Программалар арасындағы өзара әрекеттесуге арналған программалық қамсыздандыру;

  2. Мәліметтер базасына қол жеткізудегі программалық қамсыздандыру;

Программалар арасындағы өзара әрекеттесуге арналған программалық қамсыздандыру

Веб-сервистерді қолдану. Веб-сервистерді қолдануға негізделетін әмбебап сервисті архитектура деп аталады. Ол барлық программалық ақпараттарды арнайы ортада функциялайды, сондықтан интернет желілерде функцияналданатын корпоративті ақпараттық жүйелер кең қолданылады. Веб-сервис бұл жалпыға ортақ интерфейстерді XML тілінде анықтайтын URI қатарларда және веб-серверлерде сақтайтын программалық жүйе.

Веб-сервистің архитектурасы келесі 3 компоненттен тұрады:

  1. Веб-сервис репозиториясының иесі болып табылатын сервис провайдері;

  2. Кез келген корпоративті қосымша болып табылатын сервис-тұтынушы;

  3. Провайдер репозиториясының әрбір сервисін тіркейтін сервис реестрі.

Веб-сервиске кіру жүйесі келесі 3 протоколдан тұрады:

  1. UDDI – репозиориядағы әрбір сервистің сипатталу мен тіркелу тәсілін (провайдерлер үшін) және де қажет сервисті іздеу тәсілін анықтайды (тұтынушылар үшін).

  2. SOAD – веб-сервистердің провайдерлері мен оларды тұтынушылар арасындағы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ететін протокол.

  3. WSDL – Веб-сервистерді, UDDI – репозиторияда сақталатын сілтемелерді сипаттауға арналған тіл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]