Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
integratsia_teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.86 Кб
Скачать

7. Ақпараттық процестерді интеграциялау принципі, классификациясы

Ақпараттық процестер интеграциясы дегеніміз кез келген ақпарат мәліметтер қорына бір-ақ рет жазылады, бірақ бірнеше рет қолданыла алады. Ақпараттық процесстер бір-бірімен байланыста және өзара мәліметтер қорымен байланыса алады. Ақпараттық жүйелер мәліметтерді дайындау, ендіру, өңдеу, басқару және жіберуді қаматамасыз етеді. Олар иерархиялық құрылымымен ажыратылады. Олардың автоматтандырылу деңгейі жоғары.

Процесстердің интеграциясы келесі қасиеттер арқылы классификацияланады:

Қоғамдық өмірді қамту сферасы бойынша:

  • Экономикалық интеграциясы экономика сферасында берілген функциялардың орындалуын қаматамасыз ететін жүйенің білім алуын жүзеге асырады.

  • Политикалық интеграция

  • Қоғамдық интеграция қоғамдық мәнді мәселелерді шешу мақсатымен индивидумдардың бірігуін көрсетеді.

  • Аралас интеграция

Әлемдік жүйенің иерархия деңгейіне тәуелді:

  • Ішкі аймақтық интеграция

  • Аймақаралық интеграция

  • Халықаралық интеграция

Таңдалған интеграция парадигмасы бойынша:

  • Интеграциялық байланысуды басқару ішкі жүйесін құру парадигмасы негізіндегі интеграциясы ортақ мақсаттарға сәйкес өкілеттіліктер және есептер функциясы реті көрсетіледі.

  • Келісімдік интеграция парадигмасы негізіндегі интеграциясы

Интеграция объектілерінің біртектілігі дәрежесі бойынша:

  • Біртекті объектілер интеграциясы

  • Әртекті объектілер интеграциясы

Интеграция объектілерінің арасындағы байланыс сипаты бойынша:

  • Горизонталь интеграция

  • Вертикаль интеграция

Интеграция субъектілері бойынша

  • Индивидум

  • Фирма

  • Аймақ

  • Мемлекет

8. Брокер – мекемеаралық b2Bi интеграциясы және өңдеу негізі

В2В — жүйесінің негізгі мақсаты В2В —нарығында компаниялардың жұмысының тиімділігін сауда процедураларын дайындау және бизнес географиясын әлемдік масштабқа дейін кеңейту шығынын төмендету есебімен арттыру.

В2В есебінің құрамына келесілер кіреді:

  • Кәсіпорындар арасындағы қатынастарды ұйымдастыру тез және оңай

  • Фирмалар арасында ақпараттармен алмасудың қорғалған сенімді каналдарын тұрғызу

  • Кәсіпорын әрекетінің координациясы және ақпаратпен алмасу негізіне сәйкес өсуі

B2B моделі компаниялар арасындағы тапсырыс жасау,сатып алу және де басқа әкімшілік тапсырмаларды орындайтын электронды транзакцияларды қамтиды. B2B моделі тауарлар саудасы, бизнес жаңалықтарын жазылу, мамандырылған кеңес,өндіріс,сауданық толық циклі сияқты көріністер табады. B2B моделі виртуалды, яғни физикалық түрде болмысы жоқ, компаниялар арасында да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бизнес тек интернет арқылы жасалынады.

B2B моделі артықшылықтары:

1.Логистика тізбегін, өндіріс және тапсырыс, сату алу тиімді тұрде басқаруға мұмкіндік береді.

2.Дұрыс (орынды) тауарларды және қызметтерді тез және өзіндік құны жағынан тиімді жеткізу процесстерді орындауға мүмкіндік береді.

9. Жүйелік интеграция принциптері және әдістері. Аж интеграциясының теориясының негізгі анықтамалары және терминдері

«Жүйелік интеграция» және «Жүйелік интегратор» түсініктері өте ауқымды болып келеді. Мысалы:

Жүйелік интегратор – көп салалы ірі ИТ – компаниялар.

Жүйелік интеграция - нақты бір вендорлардың (мысалы Cisco) технологиялық шешімдерін өндіріске енгізу және қолдану.

Жүйелік интеграция – бұл жеке компоненттердің бір жүйеге бірігуі және олардың ішкі жүйелері орталықтандырылған жалғыз жүйе ретінде жұмыс істейді. Ақпараттық технологиялардағы жүйелік интеграция – деп компьютерлік желілер, корпоративті қосымшаларды интеграциялау, бизнес – процестерді басқару, программалау және т.с.с. әртүрлі компьютерлік жүйелер мен программалық қосымшаларды арнайы техникалардың көмегімен физикалық немесе функционалды өзара байланыстыру процесін айтамыз. Жүйелік интеграцияға қолданылатын жалпы тәсілдер

Жалпы жағдайда жүйелерді интеграциялау – АЖ қолданылатын компаниялардың бизнес процестерінің тиімділігін жоғарылатуға арналған іс- әрекет. АЖ интеграциясының құндылығын көрсету үшін бірнеше жағдайларды қарастырайық:

1 жағдай. Жүйелер арасында интеграция жоқ. Бұл жерде қағаз бастылық пен екі рет тіркелу жұмыстары көп атқарылады.

2 жағдай Вертикалды интеграция. Бұндай жүйені кеңейту қиын. Мысалы, компания «Бухгалтерлік есепті» араптайтын «Аналитик» сараптаушы жүйені құрғысы келеді. Бұл сараптаушы жүйе «Оперативті есептің» мәліметтеріне негізделген. Сондықтан «Аналитик» жүйесінен бөлек «Оперативті есептен» алынған мәліметтерді сақтап отырумен айналысатын «Бухгалтерлік есептің» жұмыс жасау принципінне де өзгерістер енгізуге тура келеді.

3 жағдай. «Көптің - көпке» интеграциясы. «Көптің - көпке» интеграциясы функционалды сараптаушы қатарларын ерекшелеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, компанияның әрбір қызмет атқарушы жүйесі қызмет бабымен өзге функцияналдық жүйелермен еркін жұмыс істей алады.

4 жағдай. Горизонталды интеграция. Бұл жағдайда арнайы «аралық (middleware)» программалық жабдықтау қолданылады.

5 жағдай . Интеграция қажеттілігінің болмауы. Ең жақсы интеграция оған деген қажеттіліктің болмауы.

Ақпараттық интеграциялау барысындағы атқарылатын жұмыс түрлері

Жүйелік интеграция өнеркәсіптің жалғыз АЖ жеке компонеттерден құру процесін анықтайды. Тапсырыс берушінің бизнес мәселелерін дұрыс шешетін КАЖ (корпоративті АЖ) өңдеуші жүйелік интегратор:

  • Барлық деңгейдегі қажеттілікті қамтитын «дұрыс » АЖ құруды ұйымдастыра алса,

  • Барлық қажетті құзіреттіліктерге ие болса немесе интеграторлардың өздігінен орындай алмайтын жұмыс бағыттарына сапалы қосалқы мердігерлерді жұмысқа тарту мүмкіндігіне болған жағдайда ғана құрылуы мүмкін.

Әдетте АЖ келесі компоненттерден тұрады:

  • жүйелік ПҚ және аппаратурадан тұратын жүйенің компонеттерін функционалдандыратын платформа.

  • Жүйе жұмыс атқаратын мәліметтер. Ол МҚ және МҚБЖ тұрады.

  • Берілген жүйемен жұмыс істеуге арналған бизнес – логикаларды ӛндіреді.

  • Жүйені пайдаланушының жұмысын бейнелейтін бизнес процессстер.

Сондықтан АЖ интеграциясы АЖ интеграциялайтын бір немесе бірнеше компоненттерден тұрады:

  • Платформалар интеграциясы

  • Мәліметтер интеграциясы

  • Қосымшалар интеграциясы

  • Бизнес процестер интеграциясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]