Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
integratsia_teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.86 Кб
Скачать

5. Ақпараттық жүйелер классификациясы. Корпаративті ақпараттық жүйелердің құрылымы.

Ақпараттық жүйелер классификациясын басқару ақпараттық жүеге тән барынша мінездемелік құлықтарын анықтауға көмектеседі.Классификация белгілі белгілер бойынша анықталады:

АЖ/ды жабдықтау 6 функцияға жіктеледі: 1-ақпараттық, 2-техникалық, 3- математикалық, 4-программалық, 5-ұйымдастырушылық, 6-құқықтық жабдықтау.

Ақпараттық жабдықтау – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесі.

Техникалық жабдықтау – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық әдістерінің комплексі.

Математикалық жабдықтау әдістеріне мыналар жатады:

  • басқару процестерін модельдеу әдістері;

  • басқарудың типтік есептері;

  • математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.

Программалық жабдықтау құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.

Ұйымдастырушылық жабдықтау – жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Құқықтық жабдықтау – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы. Құқықтық жабдықтаудың басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.

Ақпараттық жүйлердің құрылымы бойынша класификациясы

- Құрылымдалған есептер,өзара арасында байланысқан бүкіл элементтері белгілі, нақты алгоритмдік шешімі болатын математикалық модель пішімінде құрылымын көрсете алады.

-Құрылымдалмаған есептер,-элементтерін белгілеу және олар арасында байланыс орнату мүмкін емес есептер. Мұндай есептерді шығару математикалық сипаттауын құру мүмкін емес болғандықтан және алгоритмдерін құру үлкен қиындықтармен байланысты.

-бөліктеп құрылымдалған есептер, элементтерінің кейбір бөлігі мен олар арасындағы байланыстары белгілі.

Автоматтандыру дәрежесі бойынша классификация

Фирмаларды басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты ақпараттық жүйелер қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады.

Қолмен жасалған ақпараттық жүйелер ақпаратты қайта өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Мысалы, компьютері жоқ фирмада менеджерлердің қызметі туралы айтуға болады, ол қолмен жасалған ақпараттық жүйемен жұмыс істейді.

Автоматтық ақпараттық жүйелер адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.

Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша классификация

Ақпараттық-іздеушілік жүйелер енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.

Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады.

Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.

Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі құраушылары :

1)Мекеменің компютерлік нфрақұрылымы. Ол желілік, телекомуникациялық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдар жиынтығы. Мекеменің компютерлік инфрақұрылымын корпоротивті желі деп те атайды.

2)Өзара байланысқан қызметтесішкі жүйелер:Бұл мекеменің есептерін шешуді және мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]