Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
integratsia_teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.86 Кб
Скачать

40. Жүйелік интеграциялау әдістері және қағидалары. Аж интеграциялау теориясының негізгі терминдері мен анықтамаларын жазыңыз

«Жүйелік интеграция» және «Жүйелік интегратор» түсініктері өте ауқымды болып келеді. Мысалы:

Жүйелік интегратор – көп салалы ірі ИТ – компаниялар.

Жүйелік интеграция - нақты бір вендорлардың (мысалы Cisco) технологиялық шешімдерін өндіріске енгізу және қолдану.

Жүйелік интеграция – бұл жеке компоненттердің бір жүйеге бірігуі және олардың ішкі жүйелері орталықтандырылған жалғыз жүйе ретінде жұмыс істейді. Ақпараттық технологиялардағы жүйелік интеграция – деп компьютерлік желілер, корпоративті қосымшаларды интеграциялау, бизнес – процестерді басқару, программалау және т.с.с. әртүрлі компьютерлік жүйелер мен программалық қосымшаларды арнайы техникалардың көмегімен физикалық немесе функционалды өзара байланыстыру процесін айтамыз. Жүйелік интеграцияға қолданылатын жалпы тәсілдер

Жалпы жағдайда жүйелерді интеграциялау – АЖ қолданылатын компаниялардың бизнес процестерінің тиімділігін жоғарылатуға арналған іс- әрекет. АЖ интеграциясының құндылығын көрсету үшін бірнеше жағдайларды қарастырайық:

1 жағдай. Жүйелер арасында интеграция жоқ. Бұл жерде қағаз бастылық пен екі рет тіркелу жұмыстары көп атқарылады.

2 жағдай Вертикалды интеграция. Бұндай жүйені кеңейту қиын. Мысалы, компания «Бухгалтерлік есепті» араптайтын «Аналитик» сараптаушы жүйені құрғысы келеді. Бұл сараптаушы жүйе «Оперативті есептің» мәліметтеріне негізделген. Сондықтан «Аналитик» жүйесінен бөлек «Оперативті есептен» алынған мәліметтерді сақтап отырумен айналысатын «Бухгалтерлік есептің» жұмыс жасау принципінне де өзгерістер енгізуге тура келеді.

3 жағдай. «Көптің - көпке» интеграциясы. «Көптің - көпке» интеграциясы функционалды сараптаушы қатарларын ерекшелеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, компанияның әрбір қызмет атқарушы жүйесі қызмет бабымен өзге функцияналдық жүйелермен еркін жұмыс істей алады.

4 жағдай. Горизонталды интеграция. Бұл жағдайда арнайы «аралық (middleware)» программалық жабдықтау қолданылады.

5 жағдай . Интеграция қажеттілігінің болмауы. Ең жақсы интеграция оған деген қажеттіліктің болмауы.

Ақпараттық интеграциялау барысындағы атқарылатын жұмыс түрлері

Жүйелік интеграция өнеркәсіптің жалғыз АЖ жеке компонеттерден құру процесін анықтайды. Тапсырыс берушінің бизнес мәселелерін дұрыс шешетін КАЖ (корпоративті АЖ) өңдеуші жүйелік интегратор:

  • Барлық деңгейдегі қажеттілікті қамтитын «дұрыс » АЖ құруды ұйымдастыра алса,

  • Барлық қажетті құзіреттіліктерге ие болса немесе интеграторлардың өздігінен орындай алмайтын жұмыс бағыттарына сапалы қосалқы мердігерлерді жұмысқа тарту мүмкіндігіне болған жағдайда ғана құрылуы мүмкін.

Әдетте АЖ келесі компоненттерден тұрады:

  • жүйелік ПҚ және аппаратурадан тұратын жүйенің компонеттерін функционалдандыратын платформа.

  • Жүйе жұмыс атқаратын мәліметтер. Ол МҚ және МҚБЖ тұрады.

  • Берілген жүйемен жұмыс істеуге арналған бизнес – логикаларды ӛндіреді.

  • Жүйені пайдаланушының жұмысын бейнелейтін бизнес процессстер.

Сондықтан АЖ интеграциясы АЖ интеграциялайтын бір немесе бірнеше компоненттерден тұрады:

  • Платформалар интеграциясы

  • Мәліметтер интеграциясы

  • Қосымшалар интеграциясы

  • Бизнес процестер интеграциясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]