Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
integratsia_teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.86 Кб
Скачать

16. Біртұтас ақпараттық кеңістікте аж интеграциялау құралдары және әдістері

Қазіргі уақыттағы корпоративті ақпараттық жүйенің дамуындағы ең жарық бағыттарының бірі олардың өзара интеграциясына деген біртұтас ақпараттық кеңістіктің (БАК) қалыптасу жолындағы тенденция болып табылады.

Практикалық мәні жағынан БАК мәліметтердің тұтастығын және де оларды әр түрлі қолданушылармен олардың қызмет профиліне сай ақпараттық жүйе жиынында пайдалану мүмкіндігін сақтау үшін тағайындалған. БАК-ты пайдалану басқаруға жұмыстағы фрагменттілікті жоюға, соның ішінде ұйымдық және ақпараттық ажырауды қысқарту көмегімен жоюға бағытталған процесті тәсілді ендіруге мүмкіндік береді. БАК-тың практикалық іске асуы ақпараттық жүйе интеграциясына өзара мәліметтерді синхронизациялау, қайшылықтарды жою, ақпараттарды көшіру мақсатымен негізделген. Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорында программалық-ақпараттық ресурстар жиынтықтары бар, соларды мәліметтерді сақталған күйінде біртұтас ортаға біріктіру жеткілікті күрделі тапсырма болып табылады. Осындай проблеманы шешу үшін АЖ интеграциясының тәсілдері мен құралдарын талдау қажет.

БАК шеңберіндегі АЖ интеграциясының тәсілдері.

АЖ кілттік айырмашылығы олардың 3 архитектуралық компонент/мен анықталады:

  • Мәліметтер схемасы мен моделі;

  • Қосымша жүзеге асырылатын технологиялық стек (базалық прог-қ қамсыздандыру – орындалу уақытының ортасы, яғни МҚБЖ, қосымша сервері ж/е т.б);

  • Бизнес-процестер моделі. Бизнес-процестер моделіндегі және де оларды жүзеге асыру механизміндегі айырмашылық қосымшаның қызметтің біртұтас аймаңының бөлігі болуына басты кедергі болып табылады.

  • Жалпыға ортақ мәліметтер орналасатын файлдармен алмасу; Жалпыға ортақ мәліметтер базасы жалпыға ортақ ақпараттар сақталатын база.

«Жалпыға ортақ мәліметтер базасы» және «файлдармен алмасу» тәсілдері көмегімен жасалынатын АЖ интеграциясы жеткілікті оңай техникалық жүзеге асатын болып табылады. Алайда берілген шешімдердің кемшілігі мәліметтердің бір АЖ-ден басқасына тек нақты аударым жүзеге асырылады және әр түрлі қосымшалар функция/ының арасында процестік байланыс қолдамайды, осыған тұжырымдалады.

Объектілерге қол жеткізудің таратылған жүйесі мен процедураны алыстан шақыруды хабарламалармен алмасу жүйесі деп атайды. Хабарлама ақпараттар пакеттерін қабылдаушыға тасымалдау жолымен жүзеге асады (қосымшаға, процеске, ағымға және т.б.). Сондықтан жіберлетін ақпараттар сигналдар, мәліметтер, сонымен қатар процедураны алыстан шақыру да болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта хабарлама/мен алмасу жүйесі шеңберіндегі процедураның алыстан шақыру әдісін жүзеге асыратын кең таралған келесі технология/н көрсетеді:

  • Microsoft корпорациясымен жассалынған компонентті объектілі модель Component Object Model (COM);

  • Объектілі сұраныстар брокерлерінің жалпыға ортақ архитектурасы Common Object Request Broker Architecture (CORBA);

  • Веб-сервистер, соның ішінде ESB және SOAP.

17. Жүйелерді өзара ақпараттық байланыстыруды ұйымдастырудың негізгі қағидалары

«Жүйелік интеграция» және «Жүйелік интегратор» түсініктері өте ауқымды болып келеді.

Мысалы:

  • Жүйелік интегратор – көп салалы ірі ИТ – компаниялар.

  • Жүйелік интеграция – нақты бір вендорлардың (мысалы Cisco немесе Microsoft) технологиялық шешімдерін өндіріске енгізу және қолдану.

Жүйелік интеграция – бұл жеке компоненттердің бір жүйеге бірігуі және олардың ішкі жүйелері орталықтандырылған жалғыз жүйе ретінде жұмыс істейді. Ақпараттық технологиялардағы жүйелік интеграция – деп компьютерлік желілер, корпоративті қосымшаларды интеграциялау, бизнес – процестерді басқару, программалау және т.с.с. әр түрлі компьютерлік жүйелер мен программалық қосымшаларды арнайы техникалардың көмегімен физикалық немесе функционалды өзара байланыстыру процесін айтамыз.

Интеграциялық жүйелерге қолданылатын жалпы тәсілдер

Жалпы жағдайда жүйелерді интеграциялау – АЖ қолданылатын компаниялардың бизнес процестерінің тиімділігін жоғарылатуға арналған іс- әрекет. АЖ интеграциясының құндылығын көрсету үшін бірнеше жағдайларды қарастырайық:

1 жағдай. Жүйелер арасында интеграция жоқ. Бұл жерде қағаз бастылық пен екі рет тіркелу жұмыстары көп атқарылады.

2 жағдай Вертикалды интеграция. Бұндай жүйені кеңейту қиын. Мысалы, компания «Бухгалтерлік есепті» араптайтын «Аналитик» сараптаушы жүйені құрғысы келеді. Бұл сараптаушы жүйе «Оперативті есептің» мәліметтеріне негізделген. Сондықтан «Аналитик» жүйесінен бөлек «Оперативті есептен» алынған мәліметтерді сақтап отырумен айналысатын «Бухгалтерлік есептің» жұмыс жасау принципінне де өзгерістер енгізуге тура келеді.

3 жағдай. «Көптің - көпке» интеграциясы. «Көптің - көпке» интеграциясы функционалды сараптаушы қатарларын ерекшелеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, компанияның әрбір қызмет атқарушы жүйесі қызмет бабымен өзге функцияналдық жүйелермен еркін жұмыс істей алады.

4 жағдай. Горизонталды интеграция. Бұл жағдайда арнайы «аралық (middleware)» программалық жабдықтау қолданылады.

5 жағдай . Интеграция қажеттілігінің болмауы. Ең жақсы интеграция оған деген қажеттіліктің болмауы.

Жүйлерді интеграциялау әдістері мен объектілері

Бұрын жүйелерді интеграциялауды бейнелеу үшін біз АЖ біртұтас объект ретінде қарастыратынбыз. Бірақ АЖ бірнеше компоненттердің жиынтығынан тұрады, сондықтан АЖ интеграциясын қарастырғанда оны құратын әрбір компонентінің интеграциясын қарастыру керек.

Жүйелерді интеграциялау үшін қолданылатын программалық өнімдер.

Жүйелерді интеграциялауға арналған программалық өнімдер саны өте көп: қолданушының бизнес көлеміне қарай есептелген коммерциялық және тегін, Open Source және бастапқы жабық, арзан және қымбат қнімдер саны өте көптеп кездеседі. Жүйелерді интегралдауға арналған өнімдердің келесі класын қарастыруға болады.

  • SOA идеологиясын іске асырушылар

  • Messaging (промежуточное ПО) идеологиясын іске асырушылар

  • Сервистердің корпоративті шиналары

  • Бизнес-процестер (BPEL, Business Process Execution Language) деңгейіндегі интеграция құралдары

  • Мәліметтер интеграциясының құралдары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]