- •3.3 Сурет. Екі компьютердің бір мезетте деректер берілісіне қатысуы коллизияға соқтырады
- •Лекция №5 osi стегі. Tcp/ip стегі. Ipx/spx стегі. Netbios/smb стегі. Sna стегі. DeCnet ieee802.X стегі.
- •Лекция №8 Локальды тораптарды құру мақсатында активті және пассивті құралдарды таңдау. Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойлатын талаптар.
- •Жергілікті компьютерлік желілер
- •Жергілікті есептеу желілерінің құрылымы
- •1.2 Сурет – (а) шина, (б) сақина, (в) жұлдызша
- •Лекция 10 Локальды тораптардың басқа технологиялары. Token Ring стандарты. Fddi және cddi стандарттары. 10 vg –AnyLan стандарты. ArCnet және tcns стандарты. Token Bus және Local Talk стандарттары.
- •Лекция №11 Глобальды тораптарды құру функциялары мен құрадарының жалпы сипаттамалары. Глобальды тораптардың құрылымы.
- •Лекция №12 Глобальды тораптардың түрлері: бөлініп алынған каналдар, каналдары коммутацияланған глобальды тораптар, пакеттері коммутацияланған глобальды тораптап.
- •Лекция №13 Телефондық тораптар және оларды тасымалдау үшін қолдану. Аналогтық коммутацияланған және бөлініп алынған желілер. Бөлініп алынған цифрлық желілер sonet/sdn технологиялары. Ip- телефония.
- •2 Сурет. Уақыт бойынша каналды бөлу негізіндегі коммутация
- •Fdm, tdm және wdm технологиялары негізінде жұмыстың дуплекстік режимін қамтамасыз ету Деректерді берудің бағытына байланысты линиы бойымен деректерді беру тәсілі келесі түрге бөлінеді:
- •Windows 2000 ож жиынтығы
Лекция №8 Локальды тораптарды құру мақсатында активті және пассивті құралдарды таңдау. Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойлатын талаптар.
Компьютерлік желі – бұл аралық ақпарат тасымалдағыштарды қолданбай, желідегі компьютерлер арасында ақпараттық алмастыруды қамтамасыз ететін, компьютерлердің және түрлі құрылғылардың жиынтығы. Барлық компьютерлік желілерді белгілік топтары бойынша жіктеуге болады:
- аймақтық орналасуы;
- ведомствалық қатыстылық;
- ақпаратты беру жылдамдығы;
- беру ортасының түрі.
Аймақтық орналасуы бойынша желілер жергілікті, ауқымды және аймақтық болып бөлінеді. Жергілікті – бұл 10 м2 –тан аспайтын аймақты алып жатқан желілер, аймақтық – қала немесе облыс аумағында орналасқан желілер, ауқымды – мемлекет немесе мемлекет тобы аумағын алып жатқан желі, мысалы, Internet бүкіләлемдік желісі.
Қатыстылығы бойынша ведомствалық және мемлекеттік желілер деп бөлінеді. Ведомствалық бір мекеменің шегінде орналасады. Мемлекеттік желілер мемлекеттік құрылымдарда қолданылады.
Ақпаратты беру жылдамдығына қарай компьютерлік желілер төмен, орта және жоғары жылдамдықты болып бөлінеді.
Беру ортасының түріне қарай коаксиальды, жұп орамды, оптоволоконды, радиоканал бойынша, инфрақызыл диапазонда ақпаратты беретін желілер деп бөледі.
Компьютерлер әртүрлі желі топологиясын құра отырып, кабельдермен бірігуі мүмкін. Компьютерлік желілерді терминалдық желілерден ажырата білу керек. Компьютерлік желілер әрқайсысы автономды жұмыс істей алатын компьютерлерді байланыстырады. Терминалдық желілер әдетте қуатты компьютерлерді (мэйнфреймдер) байланыстырады.
Желіні жіктеуде екі негізгі термин бар: LAN және WAN.
LAN (Local Area Network, жергілікті есептеу желісі, ЖЕЖ) — тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге дейінгі тұйықталған инфрақұрылымы бар, жергілікті желі. Бұл терминмен кішкене офистік желіні, не бірнеше жүздеген гектарды алып жатқан үлкен завод деңгейіндегі желіні атауға болады.
WAN (Wide Area Network) — ауқымды аймақты алып жатқа., жергілікті желілермен қатар телекоммуникациялық желіден де тұратын, ауқымды желі. WAN мысалы — дестені коммутациялау желісі (Frame Relay), ол арқылы әр түрлі компьютерлік желілер өзара «сөйлесе алады».
Жергілікті компьютерлік желілер
Жергілікті есептеу желілері екі класқа бөлінеді: біррангілі (бірдеңгейлі немесе Peer to Peer) желілер және иерархиялық (көпдеңгейлі).
Бір рангілі желі теңқұқылы компьютерлердің желісін құрайды, олардың әрқайсысының жеке аты және операциялық жүйені жүктеу кезінде оған кіруге арналған паролі болады. Аты мен кіру паролі операциялық жүйенің құралдарымен дербес компьютердің иесімен тағайындалады. Біррангілі желілер алуан түрлі операциялық жүйелердің көмегімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше арнайы компьютер – серверлер болады, онда түрлі қолданушылар бірігіп қолданатын ақпараттар сақталады. Иерархиялық желілердегі сервер – бұл бөлінетін ресурстарды тұрақты сақтау орны. Сервердің өзі жоғары деңгейлі иерархия серверінің клиенті болуы мүмкін. Сондықтан иерархиялық желілер кейде бөлінген сервері бар желілер деп те аталады. Серверлер әдетте, бірнеше параллель жұмыс істейтін процессоры бар, улкен сиымдылықты винчестері бар, жоғары жылдамдықты желілік картасы (100 Мбит/с және жоғары), жоғары өнімділікті компьютерлерден тұрады. Сервердегі ақпаратқа қатынасты жасайтын компьютерлер станциялар немесе клиенттер деп аталады.
Жергілікті есептеу желілері қызмет көрсетуі бойынша төмендегідей жіктеледі:
— Терминалдық қызмет көрсететін желілер. Оған монопольді режимде қолданылатын ЭЕМ және сыртқы жабдықтар қосылады.
— Өндірісті басқару жүйелері тұрғызылатын желілер. Олар MAP/TOP стандарттар тобымен біріктіріледі. МАР – та өнеркәсіпте қолданылатын стандарттары сипатталса, ТОР – та офистік желілерде қолданылатын желілерге арналған стандарттар сипатталады.
— Автоматтандыру, жобалау жүйелерін біріктіретін, желілер. Мұндай желідегі жұмыс станциялары қуатты дербес ЭЕМ-ға негізделеді, мысалы Sun Microsystems фирмасы.
— Таратылған есептеу жүйелері тұрғызылған, желілер.
Жіктелу белгісіне қарай жергілікті компьютерлік желілер сақина тәрізді, шиналық, жұлдыз тәрізді, ағаш тәрізді болып бөлінеді.
Жылдамдығына қарай желілер төмен жылдамдықты (10 Мбит/с дейін), орташа жылдамдықты (100 Мбит/с дейін) және жоғары жылдамдықты (100 Мбит/с жоғары) болып бөлінеді.
Қатынасу тәсілінің түріне қарай кездейсоқ, пропорционалдық және гибридтік болып бөлінеді.
Тасымалдаудың физикалық ортасының түріне байланысты: на витую пару, коаксиалдық немесе оптоволоконды кабель, инфрақызыл канал, радиоканал деп бөлінеді.
