Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
219515 (2).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947.2 Кб
Скачать

Windows 2000 ож жиынтығы

Windows 2000 Server

Ашық стандартқа негізделген каталогтар қызметінен, веб-қосымшалардан, коммуникациядан, файлдар мен баспаға беруден тұрады, жоғары сенімділігімен, басқару қарапайымдылығымен ерекшеленеді, Интернетпен интеграциялауға арналған жаңа желілік жабдықтарды қолдайды. Windows 2000 Server-де жүзеге асырылған:

  • Internet Information Services 5.0 (IIS) қызметтері;

  • Active Server Pages (ASP) бағдарламалау ортасы;

  • XML-интерпретатор;

  • DNA архитектурасы;

  • СОМ + моделі;

  • Мультимедиялық мүмкіндіктер;

  • Каталогтар қызметімен өзара әрекеттесетін қосымшаларды қолдау;

  • Web-бумалар;

  • Интернет арқылы баспаға беру.

Windows 2000 Server-дің аппараттық талаптары:

Pentium-133 МГц кем емес тактілік жиілікті процессор — Windows 2000 Server 4 процессорға дейін қолдайды:

128 Мб жедел есете сақтау құрылғысы (256 Мб ұсынылады). Жадының көп мөлшері жүйенің жылдамдығын едәуір арттырады. Windows 2000 Server 4 Гб дейінгі көлемде жедел есте сақтау құрылғысын қолдайды;

2 Гб бос дискілік кеңістік — Windows 2000 Server орнату үшін шамамен1 Гб керек. Дискідегі қосымша орын желілік компоненттерді орнатуға керек.

Windows 2000 Advanced Server

Бұл ОЖ шын мәнінде Windows NT Server 4.0 Enterprise Edition жаңа версиясын ұсынады. Windows 2000 Advanced Server — маштабтылық пен жоғары өнімділік өте маңызды, электрондық коммерцияның қосымшалары мен ғылыми ресурстар қосымшаларына қажетті жұмыстар үшін таптырмас жүйе. Windows 2000 Advanced Server-не арналған аппараттық талаптар Windows 2000 Server талаптарынан айырмашылығы жоқ, дегенмен бұл қуатты ОЖ –ң қосымша мүмкіндіктері бар:

  • желілік жүктемені баланстау;

  • Intel Page Address Extension (РАЕ) жүйелерінде 8 Гб көлемге дейінгі жедел есте сақтау құрылғысын қолдайды;

  • 8 процессорға дейін қолдайды.

Windows 2000 Datacenter Server

Бұл серверлік ОЖ Windows 2000 Advanced Server мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтеді. Басқа Windows 2000 ОЖ-не қарағанда жедел есте сақтау құрылғысының көп көлемі мен 32 процессорға дейін қолдайды:

  • Alpha процессорлы компьютерлер үшін 32 ГБ дейін;

  • Intel процессорлы компьютерлер үшін 64 ГБ дейін.

Windows 2000 Datacenter Server-н орнату туралы сұрақты егер сізге транзакцияны жедел өңдеу жүйесін, ірі деректер қоймасын немесе Интернет қызметін ұсынуды қолдау қажет болған жағдайда ғана қарастырған дұрыс.

Windows Server 2003 ОЖ.

Windows Server 2003 өнімдерінің жиынтығы басқаруды, қолдануды жеңілдете отырып, Windows 2000 Server ОЖ-і технологиясының бар жақсы қасиеттерін алған. Нәтижесінде қолданушы желіні мекеменің стратегиялық активіне айналуына көмектесетін жоғары өнімділікті инфрақұрылым алады.

Windows Server 2003 технологиясы қауіпсіздік, сенімділік, қол жетімділік және масштабтылық сияқты, жауапты есептерді орындау үшін қолданылатын, Windows серверлік ОЖ-нен қолданушылардың күтетін барлық функцияларынан тұрады. Бұдан басқа, Microsoft корпорациясы адамдардың, жүйелердің құрылғылардың байланысы мен деректерді айырбастау үшін құрылған Microsoft .NET технологиясының артықшылығын мекемелер бағалай алу үшін Windows серверлік ОЖ-н жетілдіріп, кеңейтті.

Windows Server 2003 көпесепті операциялық жүйе болып табылады, қолданушы қажеттілігіне қарай рольдердің түрлі жиынтығын бір орталықтан немесе таратып басқаруға қабілетті. Сервердің кейбір рольдері:

  • Файлдық сервер және баспа сервері;

  • веб-сервер және қосымшалардың веб-сервері;

  • пошталық сервер;

  • терминалдар сервері;

  • қашықтан қатынасу сервері/виртуалды жеке желінің сервері (VPN);

  • каталогтар қызметі, домендік аттар жүйесі (DNS), түйіндерді динамикалық баптау протоколының сервері (DHCP) және Windows Internet Naming Service (WINS) қызметі;

  • ағындық мультимедиа-байланыс сервері.

Серверді конфигурация жасау

Желілік операциялық жүйе желілік серверде орындалады. Екінші жағынан, компьютер-клиенттер әртүрлі операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс істей алуы мүмкін. Клиенттің операциялық жүйесі желіні қолдануы үшін компьютер-клиенттің желілік интерфейсінің платасы желімен байланысуына мүмкіндік беретін, арнайы драйверлерді орнату керек. Бұл драйверлер қолданбалы бағдарламаларға ақпаратты принтерге жіберуге мүмкіндік беретін, принтер драйверіне ұқсас жұмыс жасайды. Желілік драйвердің бағдарламалық қамтамасы бағдарламаға желі бойымен ақпаратты қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Желідегі әрбір компьютер компьютерді желімен қосатын желілік интерфейстің бір немесе одан көп платасынан тұрады.

ЖЕЖ-ң өнімділігі сервер ретінде қолданылатын компьютерден тәуелді болады. Windows 2000 Server қолдану кезінде жоғары жылдамдықты омпьютерді таңдау керек. Бұл жағдайда, әрқашан да, компьютерлік техниканы өндіруші және жеткізіп беруші ұсынатын дайын серверлер мен өзің жинақтаған сервер арасында таңдау мүмкіндігі бар. Белгілі бір тәжірибең болған жағдайда, тапсырыспен өзің жинаған сервер дайын өнімді алмастыра алады. Компоненттердің алуан түрлілігі сатып алуға және жинақтауға арналған темірдің нақты тұрін атау мүмкіндігін бермейді. Сондықтан келесілерге көңіл аударған дұрыс.

Қолданылатын шинаға келетін болсақ, жауап біреу – PCI. Жоғары өнімділіктен басқа (шинаның 64-биттік разрядтылығы есебінен), PCI – компоненттер бағдарламалық конфигурацияны қолдана алады. Соңғы жағдайдың арқасында, қосылатын аппараттық ресурстар арасындағы мүмкін қақтығыстар әрқашан автоматты түрде тоқтатылады.

Windows 2000 Server-нің аппараттық талаптары:

Windows 2000 Server бұрыннан жедел жадының көлеміне жоғары талаптар қояды. Және олар желілік серверді қолдану жағдайында одан сайын өсуде (мұнда жедел есте сақтау құрылғысының көлемі 64 Мб-тан кем болмау керек).

Серверде ең аз дегенде SCSI сәкес адаптері мен винчестері қолданылуы керек.Берілген стандарттың қазіргі дисктері шпиндельдің 15000айн/мин айналу жиілігі кезінде дисктік ішкі жүйенің жүктелуінен еш тәуелді болмайтын деректерді берудің ең жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Сервер үшін ең жақсы корпус қуатты қорек көзімен, қосымша вентилятормен, алмалы-салмалы заглушкалар мен қорғанышты алдыңғы панелі бар корпус қажет. Тиімді шешім ретінде аналық алатаны өндіруші-фирмалардың сертификациясынан өткен Big Tower типті корпустарды қолдануға болады.

Жылдам CD-ROM ОЖ-ны және қолданбалы бағдарламалық қамтаманы орнату кезінде уақытты үнемдеп қана қоймай, орталықтандырылған анықтамалық жүйемен жұмыс кезінде де пайдалы болады.

Желіге қосылған барлық жұмыс станциялары тұрақты түрде сервеге жұмыс жасайтындықтан, оның маңызды компоненттерінің бірі өнімді 32 немесе 64 биттік желілік карта болып табылады. Ол ақпаратты айырбастауды тиімді басқару керек, яғни серверге келіп түскен деректерді өңдеу бойынша орталық прпоцессордың негізгі функцияларын өзіне алатын сопроцессоры болуы керек. Қосымша сенімділікті қамтамасыз ету үшін 2 немесе одан да көп желілік картаны біруақытта қолдануға болады.

Windows 2000 Advanced Server-ді орнату

Операциялық жүйені орнатқыңыз келетін компьютерде форматталған бөлімдер болмау керек. Windows 2000 Advanced Server орнатуға арналған қатты дисктегі бөлім жұмыс тобының изоляцияланған сервері есебінде орнату процесінде тікелей құруға болады.

Сіздің компьютеріңізде MS-DOS немесе Windows-тың кез келгене версиясы жұмыс істеп тұру керек. Бұдан басқа, ол Windows 2000 Advanced Server –ден орнатушы компакт-дискінің Bootdisk каталогына қатынас жасай алуы тиіс. Егер Сіздің компьютеріңіз CD-ROM-мен жүктеуге бапталған болса, Сіз орнатушы дискеттерді қолданбай Windows 2000-ды орната аласыз.

Әдебиеттер:

1. Дж.Хабрейкен, М. Хайден. Сетевые технологии. Перевод с английского- М.: ООО «И.Д. Вильямс», 2007, 432 с.

2. Бэрри Нанс. Компьютерные сети / Пер. с англ. – М.: Бином, 1997.

3. Компьютерные сети. В.Г. Олифер, Н.А. Олифер - СПб.: Питер, 2002

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]