Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karji_UMKD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.12 Кб
Скачать

Кәсіби шеберлік шыңына жетелеуші факторлар

Акмеология – (ежелгі грек тілінен: жоғары нүкте, толықсу, кемеліне келу, ең жақсы кез) қазіргі кезде адам туралы ғылым жүйесіндегі белсенді дамып келе жатқан пәнаралық сала. Оның қарастыратын нысаны - проблемалары жетілген адамның дамуы және адам баласының өзін дамыту заңдылықтары болып табылады. Акмеология адамның шығармашылық әлеуетті өз бетінше дамытуын, алдағы болатын шығармашылық қызметке деген дайындығын дамыту және кәсібилік жоғары деңгейге жетудегі субъективті және объективті факторлар жиынтығын акмеология қарастырады.

Кәсіп, мамандық, қоғам, ғылым мен мәдениеттің өзгеруі мен дамуына байланысты пайда болатын жаңа талаптардың әсерімен адамның өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі түзетуі, өз қызметіндегі мүмкіндіктер, қызметіне деген қабілетін тануы да акмеология қарастыратын мәселелерге жатады.

Адамның өзін-өзі жетілдіруіндегі бірінші шарт – ол өзін-өзі жетілдіру қажеттілігінің субъектінің бойында туындауы. Акмеологияда кәсіби шеберлік шыңына жетелеуші фактор ретінде:

  • ұжымдағы шығармашылық атмосфераның болуы, яғни бұл субъективті және объективті фактор болып табылады;.

  • ұжымның алға қойған мақсаттары;

  • ұжымның алға межелеп қойған нәтижелері;

  • ұжымның жетіп отырған нәтижелері;

  • ұжымның бағаланатын технологиялары алынады.

Кәсіби өзін-өзі жетілдірудің түрлі жолдары болады (135 сөз).

(Н.Құрман. «Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері»)

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша жазыңыз. Ол үшін кейбір сөздерді ауыстырып қолданып, өз ойыңызды жеткізіңіз

4-тапсырма. Берілген жағдаятты түсініп алыңыз. Кестедегі тірек сөздерді қолданып, жағдаятқа сәйкес диалог құрыңыз

Жағдаят: Сіз басшыңызға біліктілігіңізді жетілдіру керек екенін айттыңыз.

Сұхбаттасыңыз.

Тірек сөздер: қысқа, ай, мерзім, өткен, білу, уақыт, хабарлау, салалық.

5-тапсырма. Қызметіңіз туралы журналистпен жазбаша диалог құраңыз

8 – сабақ. Экономикалық ресурс

  1. Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз

Адамдардың барлық қажеттіліктерін толық үшін,қоғамда экономиқалық ресурстар жеткілікті болуы керек.

Экономиқалық ресурстар дегеніміз- тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи және адамның қатысуымен өндірілген ресурстар.

Оған ғимарат,кұрылыс,жабдықтардың барлық түрлері, машиналар, компьюерлер, құрал-саймандар, коммуникациялар, еңбек түрлері, жер және әр түрлі табиғи байлықтар жатады.

Экономиқалық ресурстар былай бөлінеді:

1.Табиғи ресурстар- (жер)

2.Материалдық ресурстар- (капитал)

3.Адамдар ресурстары- (еңбек пен кәсіпкерлік қабілет)

4.Қаржы ресурстры.

5.Ақпараттық ресрстар.

Ресурстар жиынтығының ішінде әрбір фактордың өз орны және нақтылы қызметі бар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіннің мәнді мазмұнын білдіретін тірек сөздерді теріп жазыңыз

Туризм және спорт министрлігінің басшылығы шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан ақпараттық саяхатқа қатысушылармен кездесті

Туризм және спорт министрлігінің Туризм комитетінің төрағасы Евгений Никитинский елімізде туризм саласында атқарылып жатқан істер жөнінде болашақ жоспарларымен таныстырды. Комитет төрағасының айтуынша, туризм саласын дамыту мақсатында қазір еліміздің оңтүстік өңірінде Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында «Жаңа Іле» ірі туристік орталығын салу, ал солтүстік өңірдегі Шортанды-Бурабай демалыс аумағында халықаралық «Бурабай» туристік орталығын ашу сияқты серпінді жобаларды жүзеге асырумен айналысуда. Сондай-ақ батыста «Ақтау сити» демалыс аймағы мен «Кендірлі» халықаралық туризм орталығын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса қазір еліміздің барлық аймақтарында туризмді дамытуға бағытталған кластерлік бағдарламалар бар. Ол қонақтарды Қазақстанның Бүкіләлемдік туризм ұйымының атқарушы комитетінің құрамында екендігін, осы ұйымның Бас ассамблеясының XVIII отырысы Астанада өтетіндігінен айтты.

3-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Төменде мәтіннен келтірілген пікірлермен

келісу немесе келіспеушілігіңізді білдіріңіз

cөйлем

дұрыс

бұрыс

1.Батыста «Ақтау сити» демалыс аймағы мен «Кендірлі» халықаралық туризм орталығын салу жұмыстары тоқтап қалды.

2.Туризм және спорт министрлігінің басшылығы шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан ақпараттық саяхатқа қатысушылармен кездесті.

3.Астанада Бүкіләлемдік туризм ұйымының Бас ассамблеясының XV отырысы өтті.

4-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды мәтін мазмұнына лайықтап рет-ретімен орналастырыңыз

1. Батыста «Ақтау сити» демалыс аймағы мен «Кендірлі» халықаралық туризм орталығын салу жұмыстары жүргізілуде ме?

2. Туризм саласын дамыту мақсатында қазір еліміздің оңтүстік өңірінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

3. Астанада Бүкіләлемдік туризм ұйымының Бас ассамблеясы өтілді ме?

4. Евгений Никитинский қандай істерге төрағалық етеді?

Ол қонақтарды Қазақстанның Бүкіләлемдік туризм ұйымының атқарушы комитетінің құрамында екендігін, осы ұйымның Бас ассамблеясының XVIII отырысы Астанада өтетіндігінен айтты

5-тапсырма. Мәтіннің бөлшектерін логикалық тұтастығына қарай сызық арқылы байланыстырыңыз

Комитет төрағасының айтуынша, туризм саласын дамыту мақсатында қазір еліміздің оңтүстік өңірінде Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында «Жаңа Іле» ірі туристік орталығын салу,

Туризм және спорт министрлігінің Туризм комитетінің төрағасы Евгений Никитинский елімізде туризм саласында атқарылып жатқан істер жөнінде болашақ жоспарларымен таныстырды.

Бұған қоса қазір еліміздің барлық аймақтарында туризмді дамытуға бағытталған кластерлік бағдарламалар бар.

Сондай-ақ батыста «Ақтау сити» демалыс аймағы мен «Кендірлі» халықаралық туризм орталығын салу жұмыстары жүргізілуде.

ал солтүстік өңірдегі Шортанды-Бурабай демалыс аумағында халықаралық «Бурабай» туристік орталығын ашу сияқты серпінді жобаларды жүзеге асырумен айналысуда.

тапсырма Сабақ тақырыбы бойынша: фото-альбом, әзірлеңіз!

6-тапсырма. Іскерлік ойынға қатысып, қолданған сөздеріңізді жазып алыңыз

« Зәулім ғимарат » ойыны

Ойынның шарты: Қазақстан жерінде оналасқан шипажайлар атауларын орналастыру арқылы ғимараттың оныншы бөлмесіне көтеріліңіз.

7-тапсырма. Берілген өлеңді дәптерге жазып, жаттап алыңыз. Қай жерде қолдануға болатынын анықтаңыз

Отан туралы М.Мақатаев

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

9 – сабақ. Экономика

  1. Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз

Экономика ғылымы өзінің даму барасында тарихи ұзақ жолдан өтті. «Экономика» термин сонау ежелгі грецияда философ Ксенофонт енгізген. Термин гректің екі сөзінен тұрады «ойкос»-үй шаруашылық, «номос»-заң. Экономика ғылымы қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған ойшылдардың, әр түрлі мектептердің бағыттар мен ағымдардың еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан және дамыған.

Қазіргі кезенде экономиканы зертеу де микроэкономика және макроэкономика.

Макроэкономика-экономиканы тұтастық деп немесе оның негізгі құрамдастары деп зерттейтін экономикалық теорияның бөлімі.

Макроэкономика үдерістер өлшенетін және бағалатын экономикалық индикаторлар үшін ұдайы тұрақсыздық,олардын өсулері мен құлдырауарының оқтын-оқтын ауысулары және керісінше болулары оларға тән сипат.

Бұл өзгерістер экономикалық циклдарда жұмыс бастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің оқтын-оқтын тұрасыздығын сиппатайды.

Көрсеткіштер динамикасы экономикалық жағдаятты көрсететіндіктен, циклдар теориясын кейде жағдаят теориясы деп те атайды.

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша жазыңыз. Ол үшін кейбір сөздерді ауыстырып қолданып, өз ойыңызды жеткізіңіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]