Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karji_UMKD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.12 Кб
Скачать

Ұлттық валютаның тарихы

Теңгеге көшу 1991 жылы көзделіп, жоғары санатты төрт шеберден тұратын «арнайы топ» құрылған болатын. Олар М.Әлин, Т. Сүлейменов, А.Түзелханов және Х.Ғабжалиловтар болатын. Жұмыс Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден басталды. Осы кезде валютаны теңге деп атау идеясы пайда болды, теңге - тарихи түрік сөзі. Ұлттық валюта өте қысқа мерзімде - бір жыл ішінде әзірленді. 1993 жылы 12 қарашада Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты.

Теңге республикада ұлттық валюта ретінде тамырын кеңінен жайды. Қазір 15 қараша Теңгенің ресми пайда болған күні ғана емес,

Қазақстан Республикасы Қаржыгерлерінің күні болып есептеледі.

14-тапсырма. Берілген мәтінді түсініп, оқып шығыңыз. Асты сызылған тірек сөздердің мағынасын ашып, түсіндіріп жазыңыз

Ұлттық ақша

Қазақстанның ұлттық ақшасының туған күні – 1993 жыл 15 қараша. Еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің тұңғыш заттық айғағының аты – теңге. Ол 1993 жылғы 15 қараша күні жергілікті уақыт бойынша 8.00 сағаттан бастап, бүкіл ел аумағында айналымда жүретін жалғыз заңды айырбас құралына айналды. Бір теңге 100 тиыннан тұрады. Қолда ұсталатын ақшаның бәрі тек қағаз ақша (банкнот) және күміс ақша (монета) ретінде ғана айналысқа түседі. 1993 жылғы 12 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгізу туралы» Жарлыққа сәйкес теңгенің Қазақстан Республикасы аумағында барлық нақты және заңды тұлғалар үшін төлем құралы ретінде пайдалануға, сол сияқты банкілерде теңгелерді пайдаланып салым салу мен есеп ашуға шек қойылмайды. Төл ақшамыздың дүниеге келуі аса маңызды тарихи оқиға.

(Е. Шаймерденов. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ)

15-тапсырма. Мәтінді түсініп, өз ойыңызбен жалғастырып, мәтінді қорытындылап жазыңыз

Ақшаның шығу

Айырбастың өркендеуiне байланысты ақша шықты. Ақша өнiм мен тауар құнын бейнелейтiн балама. Ол әр мемлекетте әр түрлi аталғанымен негiзiнде сауда-саттық кезiнде құн өлшемi ретiнде пайдаланылатын металл және бағалы қағаз

Көне замандарда алғашында әр түрлi тайпалар мен халықтарда ақша ретiнде iшкi және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болатын тауарлар қолданылған. Ақша қызметiн қандай тауарлар атқармады десеңшi. Аңшы халықтарда - аң терiлерi, ал диханшыларда - астық, шарап, өсiмдiк майы.

("Қаржы-қаражат" журналынан)

16-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіндерді пайдаланып, диалог құрыңыз.

17-тапсырма. Жоғарыдағы берілген мәтіндерді қайта оқып шығып, белгілі бір тақырыпты таңдап, монолог жазыңыз

18-тапсырма. Берілген әнді жаттап алыңыз

ӨЗ ЕЛІМ

Сөзін жазған Қ.Мырзалиев

Әнін жазған Н.Тілендиев

Келгенде көктемі,

Өңірін гүл басқан.

Шырағы көктегі,

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің –

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін,

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің.

Ақ күмбез астығы,

Асқар боп өрлеген.

Жалынды жастығы,

Жүлдені бермеген.

Өз елім менің –

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін,

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

6 – сабақ. Жарнама түрлері

  1. Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз

Медиялық жарнама – тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы жіне анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады.

Контексттік жарнама - тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады.

Жарнаманың басқа түрлері медиялық және және контексттік жарнамалардың белгілерін біріктіреді.

Электрондық пошта (e-mail) – тұтынушыларға өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет. Жарнамалық хабарламалаларды жіберудегі электрондық пошта желіні қолданушы электрондық поштаның артықшылықтары: E-mail хабарламаның push-технологиясын тұтынушылардың барлығында бар, тұтынушыға қызықты , жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді, болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін.

Жазылушыларға e-mail көмегімен алға басу үшін мынадай әдістер қолданылады: жіберілетін хаттар.

Интернетте әр түрлі тақырыптарға арналаған жіберілім тізімдері көп. Бұл жіберілімді қабылдаушы тұтынушылар сол жіберілімге өздері жазылған және олар кез-келген уақытта сол жазылымды тоқтатуға құқығы бар. Жіберілімдердің мынадай :жабық (белгілі бір адамдарға).Ашық (барлық қалаушыларға) түрлері бар: тегін емес, тегін (жобалаушылардың қалауына байланысты) тобына.

Тақырып бойынша хаттардың жіберілуі адамдардың белгілі бір тобына арналғандықтан және де оның мыңдаған жазылушылары бар болғандықтан ол тиімді марктинг құралы болып табылады. Кейбір компаниялар өздерінің ресми сайттарында тұтынушыларға жіберілімге жазылуды ұсынады. Бұл жіберілімдер тұтынушыға сайт жаңартулары, компания жаңалықтары жайлы ақпараттар беріп, сол сайтқа тұтынушылардың келесі рет кіруіне жағдай жасайды.

Глоссарий:

Медиялық жарнама – тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру.

Контексттік жарнама - тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру.

Электрондық пошта (e-mail) – тұтынушыларға өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Электрондық поштаның артықшылары қандай?

  2. Интернетте әр түрлі тақырыптарға арналаған жіберілім тізімдері бар ма?

  3. Жіберілімдер тұтынушыға қандай мүмкіндіктер береді?

3-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіннің мәнді мазмұнын білдіретін тірек сөздерді теріп жазыңыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫ

2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен Қазақста Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы құрылды.

2004 жылғы 10 маусымда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2005 жылғы 10 қыркүйекте АҚРҰАК оқырмандарына өз есігін ашты.

Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды Бұл жүйе оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдаланады. 380 000-ға жуық кітап қоры бар.Кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі.

Кітапханашылар ақпараттық технологияларды қолдануды жетік меңгерген. Электрондық ғылыми ақпараттардан хабардар. Қызмет барысында қашықтағы мәліметтер базасын, виртуалды анықтама қызметін, құжаттарды электронда жеткізу секілді осы замандық талапқа сай қызмет көрсету түрлерін жиі қолданады.

4-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Төменде мәтіннен келтірілген пікірлермен келісу немесе келіспеушілігіңізді білдіріңіз

cөйлем

дұрыс

бұрыс

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2004 жылы құрылды.

2. 2005 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

3.Кітапханада 380 000-ға жуық кітап қоры бар.

4.Кітапханашылар ақпараттық технологияларды қолдануды жетік меңгермеген.

5-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды мәтін мазмұнына лайықтап рет-ретімен орналастырыңыз

1. Кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі қашан, кімнің қатысуымен өтті?

2. ҚРҰА кітапханасының кітапханашылары туралы не айта аласыз?

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы қай жылы

құрылды?

4. Кітапхананың кітап қоры қанша?

7 – сабақ. Халықаралық экономикалық интеграция

  1. Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз

Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық интеграция үдерісі дейміз. Осындай интеграциялық құрылымға - Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) жатады.

УЭҚ 1957 жылы кұрылып,оған алғашқыда алты мемлекет енді,ал қазір олардың саны 25-ке жетті.

Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург қаласында өткізеді.Қызмет саласында қауымдастықтын бюджет-қаржы істерін бақылау жасау жатады.

ЕЭҚ-тың үкіметарлық органы болып Министрлер Кеңесі жатады. Министерлер Кеңесінің шешімі серіктес-мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады.

Кеңес жұмысының аясында қауымдастық қызметінің негізгі сұрақтар толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Кеңес мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды.

Төрағалықтын алмасуы алфавиттік ретпен алмастырылады.ЕЭҚ территориясында енген елдерден кеден салығы алынбайды.

Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өзара еркін қозғалып отырады.

Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді ЕЭҚ елдер АҚШ-та басып озды.

Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты, бәсекелес болды.

Сұрақтар:

1.Экономиқалық интеграция бұл қандай үдеріс?

2.Қандай интеграция қауымдастыққа жатады?

3.Қай жылы ЕЭҚ құрылды?

2-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мәтіннің негізгі мазмұнын ашатын тезистер құраңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]