
- •Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша қаржы(5в 050900) мамандығына арналған
- •Адам, сен өзіңді таны
- •Өзіңді таны...
- •Ұлылық тағылымы
- •Көк тұман – алдыңдағы келер заман
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Өзіңді тани біл
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Ана мен бала тағдыры
- •Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі
- •Ұлттық валютаның тарихы
- •Ұлттық ақша
- •Ақшаның шығу
- •Кәсіби шеберлік шыңына жетелеуші факторлар
- •Туризм және спорт министрлігінің басшылығы шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан ақпараттық саяхатқа қатысушылармен кездесті
- •Еуразия экономикалық қоғамдастығы
- •Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
- •3. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде қандай жұмыстарды жүзеге асырады?
- •Қазақстан республикасы президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі
- •Барыс-келістен – алыс-беріске
- •Алтынкүрек
- •Байлық дегеніміз не?
- •23. Халық жинақтырының есебінен
- •24. Сөздер мен сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •26. Коммерциялық банктердің қандай бастапқы қызметтері бар?
- •27.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы қашан шықты?
Ана мен бала тағдыры
«Ана мен бала» тағдыры шетелдіктердің қолына өтетін түрі бар. «Ұлттық медициналық холдингіне» қарасты Ана мен баланың денсаулығын қорғаудың ұлттық орталығы шетелдіктердің бақылауына беріледі» деген әңгіме көптен бері айтылып жүретін. Сол рас болып шыққандай.
Төрегелді Шарман, академик: – Ана мен бала орталығының шетелдіктерге басқарылуға берілуін мен құптаймын. Бізге жан-жағымызға қараудың, өзгенің озық тәжірибесін ендірудің, тіпті қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізудің кезі әлдеқашан жетті. Бізде медицина саласы кенжелеп қалды. Оған инвестиция салуға екінің бірі ықыласты емес. Егер орталық шетелдіктерге өтсе, онда қызмет көрсету бағасы күрт өсіп кетеді деп алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Шетелдік мамандар мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық қызмет көрсетумен айналысады. Оның құны мемлекет есебінен төленеді.
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз
Мемлекет құру, денсаулығын қорғау, қызметін жетілдіру, есепке алу, шетелдік мамандар, халықтың сенімі, хабардар болмау.
5-тапсырма. Берілген жоспарға сүйеніп, мәтін құрастырыңыз
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Қазіргі заманғы қадам - ірі ғылыми-практикалық міндеттерді шешу.
3. «Ана мен бала» тағдыры – ел тағдыры.
4. Ұрпақ саулығы - ел болашағы.
4 – сабақ. Шоғырландырылған бюджет
Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз
Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
– республикалық бюджет;
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
2-тапсырма. Берілген мәтінді оқыңыз. Түсініңіз
ӘЛ-ФАРАБИ. ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ
(ҮЗІНДІ)
Қайырымды қаланы әрбір, кез келген адам билей бермекші емес, өйткені ел билеу екі нәрсеге байланысты: біріншіден, адамның өз жаратылысында ел билеуге қаншалықты әзір екеніне байланысты, екіншіден, адамның еріктен қуат алып отыратын жағдайы мен қабілетін байланысты. Жаратылысында ел билеуге кім бейім болса, билік соның үлесіне тимек. Өнер атаулының бәрі ел билеу құралы бола бермейді; керісінше, өнердің көпшілігі – қаладағы қызметтің тетігі. Табиғи қабілеттердің көпшілігі – қызмет етуге арналған қабілеттер. Өнер атаулының ішінде ел билеу құралдары ретінде де, басқа өнерлерге қызмет ету құралдары ретінде де қолданылатындары бар. Сонымен қатар әсте ел билеу құралы емес, тек қызмет ету құралы ғана бола алатындары да бар.
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз
4-тапсырма. Мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз
1. Қайырымды ................. әрбір, кез келген адам ................. бермекші емес, өйткені ............... билеу екі .................. байланысты: біріншіден, ..................................... екеніне байланысты, екіншіден, ............................... қабілетіне байланысты.
2. Жаратылысында ................. кім бейім .................., .......... соның ............... тимек.
3. Сонымен қатар ........................ құралы емес, тек ...................... құралы ғана ...................... да бар.
6-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз. Жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз
Қайырымды қаланы кез келген адам билей ала ма?
Табиғи қабілеттердің көпшілігі неге арналған қабілеттер?
Өнер атаулының бәрі ел билеу құралы бола ма?
7-тапсырма. Мәтін туралы қасыңыздағы әріптесіңіздің пікірін қалай сұрауға болады?
Тірек сөздер: айтыңызшы, қалай ойлайсың, деп ойлайсың ба, меніңше, сіздің ойыңызша.
8-тапсырма. Төменде берілген өлең жолдарын жаттап алыңыз
ТАЛАП ПЕН АҚЫЛ
Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма, Ал енді оған кісі қайтіп мінді?
Талап шапса ақылға мініп алып, Жақсы жаман бәріне бірдей салып. Анық ақыл адымын аштырмайды, Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.
Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық- Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Алтауының ішінде ынсап әділ, Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.
|
Талап деген ындынмен ентелемек, Ойға алып, қызыққанын қылсам демек. Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба, Ойланып оны ақылға салса керек.
Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы, Түбі – жүрек, болады мида басы. Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы |
5 – сабақ. Несиелік жүйе
Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Глоссарий:
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.