Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karji_UMKD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.12 Кб
Скачать

Өзіңді тани біл

Қазақ халқының ғұлама ғaлымы Әл-Фараби: «Адам мақсатына өзiн-өзi жетiлдiру арқылы жетедi және адамның басына қонған бақтың тұpaқты болуы жақсы мiнез-құлыққа байланысты» деген. Адам өзін жетiлдiру және бойыңда жақсы мiнез-құлық қалыптастыруды өзiн-өзi танудан бастауы керек. Өзiңнiң кiм eкeнiңдi, қандай eкeнiңдi бiлмесең, жетiлдiру тәрбиесiнiң қай бағытта жүретiнiн, қандай мiнез-құлық қалыптастыру қажеттiгiн қайдан бiлемiз. Ал мұның өзi тек бiлiм саласын ғaнa емес, сонымен бiрге бүкiл өмiрде болып жатқан өзгерiстердi түйсiне бiлудi талап eтeтiнi түciнiктi. Омар Хайям: "Адамдардың пайдалысы - адамдарға пайда келтiргендер" десе, Рудаки: "Өмip - теңiз, жүзем онда демеңiз, iзгiлiктен жасалмаса кемеңiз", деген. Әлемде ешбір қайғы-қасiрет болмау үшін адам өмipiндe адамгершiлiк құндылықтардың және арман-мұратының жоғары тұруы керек. Ізгiлiктiң ең үлкенi – басқа адамдарға жақсылық жасау. Өзін танығысы келгендер, алдымен, басқаларға жақсылық жасап байқауы керек.

2-тапсырма. Мәтінді тыңдай отырып, берілген сөз тіркестерінің ішінен мәтін мазмұнында кездесетінін белгілеңіз

Бақыт ұғымдары

Адамзат баласына

Рухани кемелдікке

Амалы таусылып

Билік ортасына

Әдептілік қасиет

Өмip - теңiз

Қамқорлық жасау

3-тапсырма. Лексикалық қорды меңгеріңіз, берілген жаңа сөздерді оқып танысыңыз

Игілік, өткінші, мәңгілік, ынсап, кесіп-пішіп, үрдіс, үзілді-кесілді, қамқоршы, қайырымдылық, мейірбандық, дәлелдеу, үнемі, үздіксіз, түйсiн, қайғы-қасiрет, құндылық, тоғысу, үміт, арман-мұраты, үңілдіру, із, өскелең, үйлесім, ұстаным, жағымды, шынайы, өзгерiс, өзек, сәби, кіршік.

1.Фразеологиялық бірлік. Бұған фразеологизмді құрастырушы сыңарларының біртұтас ауыс мағынаға ұласуынан туған, бірақ ішкі формасының айқындылығын сақтаған фразеологизмдер жатады. Мысалы, «көзін жойды» мағынасын білдіретін тамырына балта шапты фразеологизмнің негізінде «ағаштың тамырына балта шапты» деген еркін тіркес мағынасының бейнелі туынды мағынаға ауысуы себеп болған.

2.Қос сөздердің жасалуы. Мағынасы бір-біріне жақын (синоним) я қарама-қайшы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: ілім-білім, тағылым-тәжірибе, үзілді-кесілді, кесіп-пішіп т.б.

3.Өздік есімдіктері – сөйлеушінің не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер. Өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері деген сөздер жатады. Мысалы: Өз басымыз – кейбір үзілді-кесілді кесіп-пішіп сөйлеуге құмар «бір күндік қана» саясатшылардай емес, әр алуан билік ортасына көптеп араласып келе жатқан адамбыз

4. Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Басыңқы сыңары етістіктер болып келетін көмектес жалғаулы сөз тіркестері тіркес құрамындағы сөздердің әр түрлілігіне әрі мағынасы жағынан әр қилылығына байланысты объектілік және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалып, олар одан әрі мағыналық тұрғыдан іштей сараланады. Мұндай қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің көпшілігі қимылдың істелу амалын білдіреді. Бұлардың бағыныңқы сыңарлары қалай? қайтіп? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Игілік осы үйді үлкен еппен жасатып еді.

5.Сызықша. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылуы. Мысалы: Ізгiлiктiң ең үлкенi – басқа адамдарға жақсылық жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]