Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karji_UMKD.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.12 Кб
Скачать

Адам, сен өзіңді таны

1-тапсырма. Берілген мәтіндерді аудиоқұралдан түсініп, тыңдаңыз

Өзіңді таны...

Игілік, байлық атаулы - өткінші дүниенің, пәнидің ғана өлшемі, ал ізгілік, бақыт ұғымдары – мәңгіліктің бақилықтың жолы. Ізгілік – имандылықтың сәулесі. Жүрегінен иманы тайған, нәпсісін ынсабы тыймаған жан адамзат баласына жазмыш ілім-білімді, тағлым-тәжірибені ізгілік жолына емес, кесірлі кесапатқа, теріс пиғылға пайдалануы мүмкін. Жүрегін таза ұстап, иманына кіршік түсірмей, рухани кемелдікке талпынған тұлғалар ұлы Жаратушы деңгейіне жақын сатыға көтеріліп, жер бетіндегі тіршілік сырын бағамдай алады (ҚҰЭ, 3 том)

Ұлылық тағылымы

Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Ендеше, оларды бүгін осы шындықты ескере отырып пайымдайық! Біздіңше, әлдеқашан болары болып, бояуы сіңіп қойған оқиғаларды қайтадан сылап-майлап, өзін-өзі мадақтауға, не әлденеден ақтап алуға әдейі тырысушылыққа қарағанда, әлдеқайда орынды, әлдеқайда адал пиғыл сияқты.

Өз басымыз - кейбір үзілді-кесілді кесіп-пішіп сөйлеуге құмар «бір күндік қана» саясатшылардай емес, әр алуан билік ортасына көптеп араласып келе жатқан адамбыз. Сол себепті де кісілерге баға бергенде мәмлегерлік әдеп ауқымынан аттай алмасақ, неге олай болатынын оқырман айтпай-ақ түсінеді ғой деп сенеміз. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс қүлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу (Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында).

Көк тұман – алдыңдағы келер заман

АБАЙ

Көк тұман – алдыңғы келер заман,

Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат жоқ , сурет те жоқ көзім талған.

Ол күндер - өткен күнмен бәрі бір бәс,

Келер, кетер, артына із қалдырмас.

Соның бірі – арнаулы таусыншақ күн,

Арғысын бір-ақ Алла біледі рас.

Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

Адам ғапыл дүниені дер менікі,

Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.

Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,

Сонда, ойла, болады не сенікі?

2 – сабақ. Бюджет шығыстарының функционалдық топтары

  1. Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде республикалық бюджеттің шығыстары үшін мынадай функционалдық топтар бойынша жіктеме көзделген:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;

- қорғаныс;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;

- білім беру:

- денсаулық сақтау;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;

- отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;

- көлік және коммуникациялар;

- өзгелері;

- борышқа қызмет көрсету;

- трансферттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]