
- •Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша қаржы(5в 050900) мамандығына арналған
- •Адам, сен өзіңді таны
- •Өзіңді таны...
- •Ұлылық тағылымы
- •Көк тұман – алдыңдағы келер заман
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Өзіңді тани біл
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Ана мен бала тағдыры
- •Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі
- •Ұлттық валютаның тарихы
- •Ұлттық ақша
- •Ақшаның шығу
- •Кәсіби шеберлік шыңына жетелеуші факторлар
- •Туризм және спорт министрлігінің басшылығы шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан ақпараттық саяхатқа қатысушылармен кездесті
- •Еуразия экономикалық қоғамдастығы
- •Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
- •3. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде қандай жұмыстарды жүзеге асырады?
- •Қазақстан республикасы президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі
- •Барыс-келістен – алыс-беріске
- •Алтынкүрек
- •Байлық дегеніміз не?
- •23. Халық жинақтырының есебінен
- •24. Сөздер мен сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •26. Коммерциялық банктердің қандай бастапқы қызметтері бар?
- •27.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы қашан шықты?
Байлық дегеніміз не?
Баяғыда алты ағайынды жігіт болыпты. Олар «Байлық деген не?» деген сұраққа нақты жауап таппай, бір тоқтамға келе алмай жүреді. Бір күні өтіп бара жатқан қайыршы қартты тоқтатып, кеңес сұрайды.
- Уа, ақсақал, «Байлық деген не?» деген сауал төңірегінде айтысқанымызға көп болды. Дауымыз бітер емес. Төрелігін сіз айтыңыз. Сіздің сөзіңізге тоқтайық. Тек жөн сөйлеңіз, - дейді.
- Иә, мәртебелі мырзалар, әуелі өздеріңді тыңдап алайық, - дейді шал. Бірінші жігіт:
- Байлық дегеніміз – қорадағы мал. Ал менің малым да бар, оны бағатын құлым да бар. Менің ұйқым қанық. Қарным тоқ. Ішкенім – айран, жегенім – ет. Құлдарым да адал. Не керек басқа? – деп мақтанады.
Бұдан соң екіншісі тұрып:
- Менің алты ұлым аман болса, алты елді басқарар. Араларында жүрмеймін бе алшаңдап. Басқа байлық не керек? – деп тепсінеді.
Үшіншісі:
- Уа, байлық деген – алтын. Менің өміріме жетер алтын сақам бар. Ол мал да, тамақ та болады. Күн сәулесіне шағылысқан сақаларымның сәулесі көңіліме нұр құяды, - дейді масайрап.
Төртіншісі:
- Байлық дегеніміз – мал. Ол менде бар. Өрісім – қызым, өмірімнің жалғасы – ұлым бар. Менен бай адам жоқ, тәйірі, - деп кеуде соғады.
Бесіншісі өз кезегінде:
- Ағайындар, байлық көзі – кітапта. Менің бар өмірім сол кітаптарды оқумен өтуде. Қайғыруға, шаттануға, құдайдан байлық сұрауға уақытым жоқ. Ол кітаптар: Құран, хадистер жинағы, «Қабуснама», «Бабырнама», «Тарихнама», «Өсиетнама», - дейді санамалап.
Сөз кезегін кенжесі алады:
- Саялы бақтан артық байлық бар ма? Жемісі – дертке қуат, шырыны – сусын, көлеңкесі - жанға сая, - дейді.
Қайыршы қарт алты ағайындыны тыңдап болып, былай депті:
3. Сіз қай жігіттің жауабына қосыласыз? (1, 2, 3, 4, 5, 6) Айтыңыз.
4. Ағайындыларға қария қалай жауап берді деп ойлайсыз? Қария қай жігіттің жауабын құптады екен? Болжаңыз.
1. Әңгіменің жалғасын оқыңыз.
- Ей, аса мәртебелі мырзалар! Алтауың да дұрыс айтасыңдар. Қолда бар нәрсенің бәрі – байлық. Бірақ әділін айтсам, бәрің де бейшарасыңдар.
Ағайындылар оған жан-жақтан дүрсе қоя береді.
- Сабыр, мырзалар, сабыр! «Тыңдамаған сөз жетім» деген. Байлықтың не екенін айт деген өздерің. Ендеше мен айтайын,- деп тұруға жиналады. Ағайындылар:
- Жо-жоқ, отыр! Қария, сөйлеңіз!- дейді бәрі жапа-тармағай.
- Онда тыңдаңдар! Барлығың байлықтарыңды тастаңдар, - дейді қария.
Ағайындылар абыржып қалады. Ақырында өзара ақылдаса келе, үлкен жігіт бір қой, екіншісі төрт төл, үшіншісі бір алтын сақа, төртіншісі алтын ділдә, бесіншісі бір кітап, кенжесі төрт көшет береді.
Сонда қария ағайындылардың ең үлкеніне қарап былай дейді:
- Малды кім үшін жинадың? Өлгенде әркімнің қолында кетеді ғой. Жар сүймей, нәресте көрмей өмірден босқа өтіпсің, - дейді. Екіншісіне қарап:
- Алты ұлыңа қалдырар не бар? Не мал, не ағаш, не кітаптарың жоқ. Анасыз өскен ұлдар ертең тек өздерін ғана ойлайды, - дейді. Үшіншісіне:
- Сенің алтын сақаларыңнан не пайда? Басыңа іс түссе, қайғыңа ортақтасар, қуанғанда қуанышыңды бөлісер, сырласар ешкімің, артында қалар мұрагерің болмаса, қандай байсың? Бай емессің, кедейдің кедейісің, - дейді. Төртіншісіне:
- Алдыңда – малың, қос қанатың – ұл мен қызың бар екен. Қартайғанда қасыңда қалар әйеліңнің жоғын-ай! Балаларың сауатсыз соқыр болса, олардан қандай мұрагер шықпақ? – депті.
Бесіншісіне:
- Кітаптың рухани қазына екені рас. Бірақ өміріңнің жалғасы – ұрпағың жоқ, тұлсың. Жаныңда жарың жоқ, жартысың. Кітапты өзің жазсаң, артыңда хатың қалар еді, қолыңдағы кітаптар – көпке ортақ, өзгенікі. Сондықтан сен де бай емессің, - дейді. Ең кішісіне:
- Айтқаның жөн. Бірақ ағаштарыңның арасында жүгіріп ойнайтын бала, балаларын тәрбиелейтін ана жоқ екен. Тілсіз ағаш пана болар ма? - дейді де, орнынан тұрады. Олардың берген дүние-мүлкін қоржынына, малын алдына салып, өз жөнімен кете барыпты.
Сендер қалай ойлайсыңдар, жас достар? Сонда байлық деген не?
5. Сіздің ойыңызша, қария дұрыс жауап берді ме?
6. Сіз қалай жауап берер едіңіз? Сіз үшін байлық деген не?
1. Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
2. Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
3. Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕЭҚ) – Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық ұйым.
4. Олар әлемдік қаржылардың негізгі арналымы тәуекелдікті басқару, құқықтық реттеу мен салық салудан жалтару деп есептейді.
5. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік огандары бекітпейді.
6. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
– республикалық бюджет;
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері
7. Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығындары жергілікті бюджеттердің, республикалық бюджеттің шығындарынан және Ұлттық қордың шығыстарынан тұрады.
8. Көппен көрген ұлы той
9. Аймақтық конкурста 31 кәсіпорын қатысты
10. Қиын да болса соңы саламаттың
11. Қазақстан үздік тауары» көрме конкурс тарихы 2006 жылдан бастау алады.
12. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында және Республикамыздағы инвестициялар ахуалды жақсарту мен олардың инвестициялық қызметіне байланысты мәселелерді жедел шешу үшін 1998 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған кеңесті-консультативті орган болып табылады.
14. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
15. Несие, неізінен, оны өтеу кабілеті бар кәсіпорындарға беріледі
16. Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығындары жергілікті бюджеттердің, республикалық бюджеттің шығындарынан және Ұлттық қордың шығыстарынан тұрады.
18.Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, сондай-ақ облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
19.Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
20. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
21. Көрмені БҚО Әкім орынбасары Кәрімов М.Ш ашты
8. Не болса да - сабыр қыл
22. 2014 жылдың 22 тамызының 10:00 сағатта облыстық қазақ драма театырында, «Қазақстанның үздік тауары 2014» көрме конкурсы салтанатты түрде ашылды. Көрмені БҚО Әкім орынбасары Кәрімов М.Ш ашты.