
- •Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша қаржы(5в 050900) мамандығына арналған
- •Адам, сен өзіңді таны
- •Өзіңді таны...
- •Ұлылық тағылымы
- •Көк тұман – алдыңдағы келер заман
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Өзіңді тани біл
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Ана мен бала тағдыры
- •Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі
- •Ұлттық валютаның тарихы
- •Ұлттық ақша
- •Ақшаның шығу
- •Кәсіби шеберлік шыңына жетелеуші факторлар
- •Туризм және спорт министрлігінің басшылығы шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан ақпараттық саяхатқа қатысушылармен кездесті
- •Еуразия экономикалық қоғамдастығы
- •Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
- •3. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде қандай жұмыстарды жүзеге асырады?
- •Қазақстан республикасы президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі
- •Барыс-келістен – алыс-беріске
- •Алтынкүрек
- •Байлық дегеніміз не?
- •23. Халық жинақтырының есебінен
- •24. Сөздер мен сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •26. Коммерциялық банктердің қандай бастапқы қызметтері бар?
- •27.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы қашан шықты?
Алтынкүрек
Атам маған:
- Бала кезімде мен де сендей ерке болдым, - дейді.
Менің оған күлкім келеді. Атам қалай ерке болады?
- Е, біз де сәби болғанбыз. Мен өз атама еркеледім, - дейді менің атам. Атамның атасы болғаны қандай қызық!
- Ол кісі оралмас сапарға кетті ғой, - дейді атам. Атамның еріндері жыбырлап, екі алақанымен бетін сипайды. – Сол кісіден қалған сөз бар. «Алтынкүрек» ертегісін айтайын. Тыңдайсың ба, құлыншақ?
Мен қуанып бас изеймін. Атам әңгімесін бастайды:
- Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде біздің арғы Бабамыз кең даланы ен жайлап, еркін сайрандапты. Бабамыз бір күні Сары Арқаның бір биігіне шығыпты.
Таңғы мезгіл екен. Алтын Күн оянып, көзін ашады. Әлемге алтын нұрын шашады. Дала перзенті Күнге сүйсініп, еркелемей тұра алмайды. Бабамыз екі қолын екі жаққа жазып, құлашын кеңге жайыпты. Сонда жарықтық Бабамыздың бір қолы – Ақшатауға, бір қолы Көкшетауға жетіп тұрды, – дейді.
Аздан соң Бабамыз екі қолын екі жаққа алма кезек сілтепті. Сонда оң қолы нұсқаған тұсты даланың оң тұстық өңірі депті. Асқар тау, айдын көлдер жаңғырығып: «оңтұстық, оңтұстық» деп самбырлапты. Сол қолы нұсқаған тұсты даланың сол тұстық өңірі депті Бабамыз. Сәнді тау, саумал көлдер жаңғырығып: «солтұстық, солтұстық» деп күмбірлепті.
Жаңғырықтың кейде жаңылыс естілетіні бар. Жұрттың: «оңтүстік, солтүстік» деп сөйлеп жүруі содан. Әйтпесе дұрысы – оңтұстық, солтұстық. Есіңде болсын, Жансұлтан,- дейді атам. Мен басымды шұлғимын. Атам әңгімесін одан әрі жалғастырады.
3. Енді атасы қандай әңгіме айтады деп ойлайсыз? Болжаңыз.
4. Әңгіменің жалғасын оқыңыз.
- Күнгейде жаңғырыққан дауыс Қаратаудан асып, Жетісайға жеткен кез болса керек. Әуелеген Күннің көзі Қызылқұмға, Мойынқұмға түсті дейді. Құм жалаңаш екен. Атам айтушы еді: «Күн сәулесі құмға сіңбейді», - деп.
- Атамның атасы бәрін қайдан біледі?!-деп ойлаймын мен.
- Тыңда, ботам, - дейді менің атам. – Күншуақ жалаңаш құмның төсін қыздырады. Құмды жердің ауасы тез ысып, жалын атады. Ыстық ауа төңірекке тарап, салқын ауамен араласады. Содан бір жаңа леп, жылы леп пайда болады. Жел дегенің желаяқ, бір орында тұрмайды. Кең даланы жел кеулейді.
- Алтынкүрек қайда? – деймін мен шыдай алмай.
- Әңгіме сонда, - дейді атам.
- Алты ай қыстың соңы, алты ай жаздың басы, біле білсең, сәуір. Бұл кезде қардың қызығы қалмайды. Даланың қардан арылғысы келеді. Бірақ адамдар қардың бәрін қалай аршып тауыспақ? Міне, сонда жәрдемге жел келеді. Оңтұстықтан жылы жел еседі. Соны біздің қазақ «Алтынкүрек» деседі. Сәуірде жылы-жылы жел есіп, қардың порша-поршасын шығарады. Жылы-жылы жаңбыр жауып, жылғалардан су ағады. Ойдағы-қырдағы қардың түгі қалмайды. Аңқылдаған жылы жел – Алтынкүрек емей немене! Ел мұны «игілік желі» деп те атайды. Игілік екені рас. Алтынкүрек даланы қардан аршып, мұздан арылтады. Жер қарайып, дүние бусанады. Игілік деп әне, соны айт!
- Алтынкүрек қандай әдемі!- деймін мен таңырқап. Атам маған мейірлене қарайды.
- Атасының айтқанын ұмытпаған менің Атам қандай ақылды!
1. Мәтін мазмұнын түсіндіңіз бе? Тексерейік.
Атасының немересінің аты кім?
А) Құлыншақ
В) Жансұлтан
С) Жасұлан
Д) Ботам
Атасы немересіне қандай ертегі айтады?
А) өзі туралы
В) бабасы туралы
С) алтынкүрек туралы
Д) бала туралы
Алтынкүрек деген не екен?
А) кәдімгі күрек
В) алтыннан жасалған күрек
С) жылы жел
Д) суық жел
13 – сабақ. Мемлекеттік кредиттің мәні
Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз
Мемлекет пен муниципалық құрылымдардың қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге , басқа елдердің және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы прблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін.
Мемлекеттік кредит – жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушыныңда, гаранттың да рөлінде көрунуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарылышығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.
2. Ой шақыру.
1. Мына әңгіме не туралы деп ойлайсыз?
2. Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз