
- •Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша қаржы(5в 050900) мамандығына арналған
- •Адам, сен өзіңді таны
- •Өзіңді таны...
- •Ұлылық тағылымы
- •Көк тұман – алдыңдағы келер заман
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Өзіңді тани біл
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
- •Өзін таныған өзгені де тани біледі
- •Мәтінді дұрыстап, түсініп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз
- •Ана мен бала тағдыры
- •Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі
- •Ұлттық валютаның тарихы
- •Ұлттық ақша
- •Ақшаның шығу
- •Кәсіби шеберлік шыңына жетелеуші факторлар
- •Туризм және спорт министрлігінің басшылығы шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан ақпараттық саяхатқа қатысушылармен кездесті
- •Еуразия экономикалық қоғамдастығы
- •Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
- •3. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде қандай жұмыстарды жүзеге асырады?
- •Қазақстан республикасы президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі
- •Барыс-келістен – алыс-беріске
- •Алтынкүрек
- •Байлық дегеніміз не?
- •23. Халық жинақтырының есебінен
- •24. Сөздер мен сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •26. Коммерциялық банктердің қандай бастапқы қызметтері бар?
- •27.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы қашан шықты?
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ
ТІЛДЕР КАФЕДРАСЫ
Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша қаржы(5в 050900) мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Құрастырған: ф.ғ.д., проф. С.Қ.Иманбердиева
Алматы, 2013
1
– сабақ. Банктер
мен банктен тыс мекемелердің несиелерін
есепке алу
Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми дәежесі бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие, неізінен, оны өтеу кабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі. Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісімшарт негізінде беріледі.
1-тапсырма.
а)
мына сөздердің аудармасын беріңіз және
сөз
тіркесін құрыңыз, мысалы: жоғары пайыз;
пайыз –
нысана –
айқындайтын –
қарыз –
шығын –
қалыптастыру –
реттеледі –
кіріс –
2-тапсырма. «бюджеті» сөзін септеңіз.
3-тапсырма. «қор» сөзін тәуелдеңіз.
4-тапсырма. «борышкер» сөзін жіктеңіз.
5-тапсырма. Мына мәтінді қазақ тіліне аударыңыз:
Государственный бюджет — важнейший финансовый документ страны. Он представляет собой совокупность финансовых смет всех ведомств, государственных служб, правительственных программ и т. д. В нём определяются потребности, подлежащие удовлетворению за счёт государственной казны, равно как указываются источники и размеры ожидаемых поступлений в государственную казну.
6-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз:
|
|
|
|
1 |
|
|
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|||||
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
||||
4 |
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|||||
|
|||||
|
Көлденеңінен:
1. Белгілі бір мақсат үшін жиналған ақша қаражаты, дүние-мүлік; мол жиналған қазына, байлық.
2. Зиян, ысырап.
3. Мемлекет пен әртүрлі мекемелердің кіріс, шығыстарының сметасы.
4. Затты сату мен сатып алу айналымы жөніндегі шаруашылық әрекеті.
Тігінен:
1. Біреуге, мекемеге берешек, қарыздар.
3. Қоқан-лоқы жасау, сес көрсету.