Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Менеджмент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.06 Кб
Скачать

Жұмыс уақыты және жеке еңбегін жоспарлау

Жетекшінің тиімді қызметке дайындығы көбінесе күнделікті жұмысымен анықталады. Басқару стилінің құрылуы мен басқарушы қызметінің тиімділігішешімі маңызды жұмыс күнін ұтымды қолдануына байланысты. Жетекші үшін маңызды қадам мақсаттар қызметін қысқа уақытқа да, ұзақ уақытқа да анықтау болып есептеледі. Жетекшімен көзделген мақсаттар жүзеге асырылуы керек.

Басқаруға күн сайын өзінің уақытын қалай мақсатты түрде қолдану керек екендігін шешуге тура келеді. Жұмыс уақытын жоспарлау мен ойдағы нәтижелерді байланыстыру өте маңызды. Жұмыс уақытын жоспарлау кезінде «жоспарлау кезеңдері» деген түсінікті қолдану керек: күн, апта, жыл. Жоспардың әр кезеңі бөлек қарастырылуы керек.

Бір күнге жасалынатын жоспар маңыздырақ болып табылады.Жұмыстың анықталу мақсатын оның маңыздылық кезеңі бойынша анықтайды, жоспар өткен күннің аяғында немесе жоспарлайтын күннің аяғында немесе жоспарлайтын күннің басында құрылады.

Апталық жоспары үш топпен жасалынады.

  • Міндетті (маңызды) жұмыстар;

- Маңызды, бірақ жылдамдылықты қажет етпейтін жоспарлар және оларды орындауға келесі аптада уақыт болса ғана кірісу қажет;

- Жылдамдылықты қажет етпейтін және қажет ететін жұмыстар.

Аптада бос уақыт қалса ғана орындалады. Жұмыс аптасын аяқтау кезінде жоспарланған уақытқа және соңғы мақсаттар жетістігіне баға беру қажет.

Жылдық жоспардыңмаңызды түйіні - қызметтің басты бағыттарын анықтау болып табылады. Осы негізде жетекшінің және келер жылдың бюджетінің жоспары жасалынады.

Міндеттерді орындауды және жұмыс уақытының қолданылуын бақылау жекеше жоспарланудың соңғы жүйесі болып табылады.

Бақылау - талдау жасауға және өз жұмысын жүзеге асыру жолдары үшін ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бақылау жетекшінің әр түрлі кезеңдерге жоспарланған жұмыс уақытын жоспарлау қаншалықты сәтті болғанын анықтауына көмектеседі.

жетекші

руководитель

жылдамдық

быстрота

кезең

период

міндетті

обязанный

талдау

анализировать, анализ

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Жұмыс уақыттың қалай пайдалану керек?

2) Апталық жоспары қалай жасалынады?

3) Жылдық жоспардың маңызы қандай?

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4-тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

ОНТӨРТІНШІ САБАҚ

Менеджмент тарихынан

Анри Файоль

(1841-1925)

Француз ғалымы Анри Файоль басқарудың осы кезеңіндегі «классиктердің» көрнекті өкілі болып табылады. Оның әкімшілік теориясы 1916 жылы жарық көрген «Жалпы және өндірістік басқару» кітабында жарық көрді. Файоль Париждегі әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол өзінің тұжырымдалған қағидаларының әмбебап және тәжірибелік негізде де барлық салада: экономикада, басқару қызметінде және ұйымдарда, әскерде және флоттарда қолданылатынын дәлелдеді.

1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын қорыта келе Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды. Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді.

Файоль 1918 жылы жұмыстан босап өзі құрған әкімшілдік зерттеулер орталығын басқарды (бұл орталық Тейлордың француздық ұйым зерттеушілерінің келісімімен бірлесу арқылы құрылған). Ол өзі ашқан басқару принциптері тек қана экономикада ғана емес, сонымен бірге флот армиясында, құрылтайлар мен басқарма қызметтерінде де қолданылатын дәлелді, яғни жан-жақтылық сипаты бар. Осы орталықпен орындалған ең бір ірі тапсырмаларының бірі пошта-телеграфтық ведомствалардың жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осы және мемлекеттік басқарулар, қоғамдық құрылтайлар және білім жүйелері мәселелерінің қайта құрылуына Файольдің көптеген жұмыстары арналды, ол алғашқы болып менеджмент пен басқаруды ұйымдастыру мәселесін қойды.

Анри Файоль ұзақ өмір сүрді және сол өмірде қуана білді: тез тіл табыса алатын, қозғалыстағы адам болды, өз теориясын шаршамай дәлелдеуді, тіпті өзінің өмірінің ақырғы жылында ғылыми зерттеулерін тоқтатқан жоқ.

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.

1.Мәтіндекім туралы айтылған?

(Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз)

2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз.

3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз.

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.

ОНБЕСІНШІСАБАҚ

Әдеп және басқару

Әдеп дұрыс және дұрыс емес іс-әрекетті анықтайтын принциптермен тығыз байланыста.

Бизнес әдебі тек қана әлеуметтік жауапкершілікті іс-әрекет мәселесін қозғамайды. Ол басқарушы мен бағынушылардың іс-әрекет нұсқаларына кең көлемде тоқталған. Бұл жерде назар аударудың орталығында құралдар мен мақсаттар тұрады.

Ұйымдар жетекшілер мен қатардағы жұмысшылардың іс-әрекет әдептілігінің сипатын жоғарылату мақсатында түрлі шаралар жасайды. Мұндай шараларға әдеп нормативтерін жасау, әлеуметтік тексерулерді жүргізу және әдеп іс-әрекеттерін оқыту жатады.

Әдеп нормативтері жұмысшылар ұстанатын жалпы құндылықтар мен әдеп ережелері жүйесін сипаттайды.

Кейбір ұйымдар күнделікті тәжірибеде әдеп көзқарасы тарапынан бағалау үшін тұрақтыкомитеттер құрады. Мұндай комитеттердің барлық мүшелері - жоғары деңгейлі жетекшілер.

Кейде комитеттің орнына бизнес әдебі бойынша маман жалданады. Ол әдеп сұрақтары бойынша бақылау жасауды шығарады, ұйымның «әлеуметтік жауапкершілік» функцияларын орындайды.

Әлеуметтік тексерулер ұйымының бағдарламасы мен әлеуметтік қозғалыс ықпал туралы есепті құру мен баға үшін ұсынылған.

Әдепті іс-әрекетке оқыту - жетекшілер мен қатардағы жұмысшыларды әдепті іс-әрекет көрсеткіштерін жоғарлату үшін ұйымдарда қолданатын амал.

бағдарлама

программа

бағынушы

подчиненный

әдептілік

учтивость; тактичность

ереже

правило

жауапкершілік

ответственность

іс-әрекет

действие

құндылықтар

ценности

құрал

средство

шара

мера

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Әдептілікті жоғарылатуүшін қандай шаралар жасалынады?

2) Тұрақтыкомитеттерне үшін құрылады?

3) Бизнес әдебібойыншамаманнеменайналысады?

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4-тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

ОН АЛТЫНШЫ САБАҚ

Менеджмент тарихынан

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі.

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей генерал-губернаторм Цеклинскийдің басқаруымен Семей губерниясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін» өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бұл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықты канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада ұқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды.

Ел баскару қызметінде барынша әділ болып, халық камын ойлаған, «тура биде туған жок», принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған. 

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.

1.Мәтіндекім туралы айтылған?

(Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз)

2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз.

3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз.

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.

ОНЖЕТІНШІ САБАҚ