- •Менеджмент дегеніміз не?
- •3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім ?
- •Менеджмент эволюциясы
- •Басқарушы және басқару жүйесі
- •Менеджменттің сыртқы ортасы
- •Менеджерлер деген кімдер?
- •Жұмыс уақыты және жеке еңбегін жоспарлау
- •Ұйымның сипаттамасы
- •Ұйымдағы байланыстың маңызы
- •Қызметкерлерді басқару ұғымы және кадр саясаты
- •Басқарушының стилі
- •Шешімдер және олардың түрлері
- •Стратегиялық жоспарлау
- •Бизнес-жоспар
- •I. Мәтінгеберілгентапсырмалар.
- •Глоссарий
- •Кәсіби қазақ тілі пәнінен сөж-ді жүргізудегі әдістемелік нұсқау
- •Сөж тақырыптары
Басқарушы және басқару жүйесі
Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).
Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму нышанын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады. Басқарушы жүйе - бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмысшылар жиынтығы.
Басқарушы жүйе - бұл «нені» немесе «кімді» басқарады, ал басқарылатыны - «не» немесе «кім» басқарады. Сонымен қоса басқарылатын жүйе едәуір дәрежеде оған ықпал ететін заң негізінде дамиды. Кері байланыс туралы заңға сәйкес басқарудың мазмұнына, нышанына және тәсіліне ықпал етеді. Міне, сондықтан да белгілі бір жүйелер арасындағы өзара байланысты ретке келтіруге, олардың әрқайсысының ішкі заңдылыққа орай құрылуына және жұмыс істеуіне көңіл бөлген жөн. Басқару объектісінің басқару жүйелеріне сәйкес келу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, жүйенің тұтастай жүйесінің тиімділігі де соғұрлым жоғары келеді.
Кәсіпорын өте күрделі, үлкен әрі біркелкі дамитын жүйе. Мұның өзі жекелеген бөлімдерден (цехтардан және қызмет салаларынан) кездейсоқ ұйымдасқан бірлестік емес. Кәсіпорын дегеніміз тұтастай құрылған, оның бөлімдерінің ерекше бірлестігі.Тек қана осындай бірлестік мақсатқа жетуге қажетті жаңа сапаға ие болады, сол үшін кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.
Басқарылатын жүйенің басты элементі - адамдар. Олар бүкіл жүйенің қозғаушы күші, шешім қабылдаушысы т.б. Бұлар тұтастай басқару аппаратын құрайды. Бұл жүйені ұйымдық-экономикалық деп атайды, ал олардың элементтері - ұйымдастыру нышандары мен ықпал ету тәсілдері болып саналады. Өндіріс жұмысын қарайтын адамдар, бірлескен еңбек процесінде белгілі бір әлеуметтік қатынас орнатады да, өндірісті басқарудың әлеуметтік-экономикалық жақтарын сипаттайды.
әлеуметтік |
социальный |
басқарушы |
управляющий |
біркелкі |
однородный; одинаковый; |
дербес |
отдельный; самостоятельный |
едәуір |
значительный |
жиынтық |
сумма; совокупность |
кәсіпорын |
предприятие |
нышан |
признак |
сапа |
качество |
тәсіл |
способ |
ұйымдастыру |
организовать |
ықпал |
влияние |
Мәтінгеберілгентапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Әлеуметтік-экономикалық жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
2) Басқарушы жүйе деген не?
3)Басқарлатың жүйесінде адамдар қандай рөл атқарады?
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
4-тапсырма.
Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
5-тапсырма.
Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.
СЕГІЗІНШІ САБАҚ
Менеджмент тарихынан
|
Қазыбек биКелдібекұлы
(1665 -1765) |
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.
Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай-ақ, ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. Қазыбек би елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.
1.Мәтіндекім туралы айтылған? (Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз) |
|
2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз. |
|
3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз. |
|
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.
ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ
