Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Менеджмент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.06 Кб
Скачать

Менеджмент эволюциясы

Еңбектік қызметті ұйымдастыру жүйесі - менеджмент ғылым ретінде АҚШ-та XIX-XX ғғ.пайда болды.

Ғасырдың басынан (басқару теориясының пайда болуынан бастап) және 1960 жылдары басқару принциптері жабық тұрпаты бойынша құрылған. Басқаша айтқанда, жетекшілерді кәсіпорыннан тыс пайда болатын мәселелер қызықтырмады, әсіресе, бәсеке, өткізу сұрақтары және басқа да сыртқы мәселелер. Фирма қызметі жабық жүйе тұрғысынан қарастырылды.

Басқару ғылыми фирманың қызметі сыртқы ортамен байланысты болғанда туындайтын мәселелерді шешу амалдарына қоғамның дамуымен, шығарылатын өнімнің күрделіленуімен, ғылыми сыйымды өндірістердің өсуімен қадам жасай бастады.

XX ғасырға дейін ұйымды жүйелі басқару жүйесіне байланысты сұрақтар ешкімді қызықтырмады, дегенмен XIX ғасырдың басында Роберт Оуэн өзінің көп уақытын ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жету мәселелеріне арнады. Тұрақ-жай беріп, жұмыстың жағдайын жақсартып, қосымша еңбекақы төлеп, материалды қызығушылықты дамытты. Қоғамның дамуы жүйелі басқаруды талап етті. Англияда өнеркәсіптік революция басқаруға деген қызығушылықты арттырады. 1911 жылы Фредерик Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері» еңбегі жарық көрді. Тейлор еңбекті жеке жұмысшының өз талқылауы алмастыратын көптеген заңдар мен формулаларды, ережелерді шығаратын және статистикалық есеп, өлшеу, олардың қозғалысы арқылы тиімді пайдаланатын еңбекті ұйымдастыруды ойлады. Осылайша, ғасырдың басында басқарушының рөлі орындаушы не істейді, қалай істейді, қандай көлемде істеу керектігі туралы шешумен негізделді.

бәсеке

конкуренция

қоғам

общество

күрделілену

усложняться; становиться более сложным

қызығушылық

интерес; увлеченность

орындаушы

исполнитель

өлшеу

мерить; измерять

сыйымды

вместительный; емкий

талқылау

обсуждать

тұрпат

тип

ұтымдылық

выигрышность; выгодность

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Менеджмент ғылым ретінде қашан пайда болды?

2) Жабық типтібасқару деген не?

3) Басқаружүйесіне байланысты қандай ғылыми зерттеулер жүргізілді?

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4-тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

АЛТЫНШЫ САБАҚ

Менеджмент тарихынан

БайбекұлыӘйтеке би

(1644-1700)

Байбекұлы Әйтеке би - қазақтың Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, Жеті Жарғы аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

Ұлықбек медресесінде оқып, тәлім алған Әйтеке әуелі атасы Ақша ханның, анасы өлгеннен кейін ағасы Жалаңтөстің тәрбиелерінде болып, ел басқару істерінің қыр-сырымен танысады. Оның осы кезде көргені мен білгені кейін Тәуке ханның кеңесші биі болған кезде ел кәдесіне асады. Қазақ халқының ата заңы іспетті Жеті Жарғыны шығаруға қатысқанда да Әйтекеге осы алған білім мен жиған тәжірибенің көп көмегі тиген болу керек.

Бір жағынан Қытай, бір жағынан орыс-қазақ жерін құрсаулай торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады.

Әйтеке би елбасына терістік шығыстан қара бұлт үйіріліп келе жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұртына – Нұрата тауына оралады. Ол ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді. Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғанысында Әйтеке би: «Елінен айырылған ер бақытсыз, жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!» - деген екен.

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.

1.Мәтіндекім туралы айтылған?

(Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз)

2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз.

3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз.

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.

ЖЕТІНШІ САБАҚ