Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Менеджмент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.06 Кб
Скачать

Стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау ұйымның өз мақсаттарына жетуі үшін тағайындалған арнайы стратегияларды жасауға алып келетін, жетекшімен қабылданған шешімдер мен қозғалыстардан тұрады.

«Стратегия» сөзі гректің «stategos»(генерал өнері) сөзінен шыққан. Бұл терминнің әскери шығуы таң қалдырмау керек. “Stategos” Александр Македонскийге әлемді жаулап алуға көмектескен.

Стратегия- ұйымның мақсаткерлігінің жүзеге асуын және мақсаттарына жетуін қамтамасыз етуге тағайындалған жан-жақты кешенді жоспар.

Стратегиялық жоспарлау-фирманың болашақтағы даму жоспары. Стратегиялық жоспарлау жетекшілермен бекітілген жалпы стратегиялық міндеттерден басталады. Стратегиялық жоспар ертеңгі күн позициясымен жоспарлауға көмектеседі, бейімділік процесі, оның нәтижесінде қабылданған басқару шешімдерін түзетіп отырады, оның орындалуын үнемі бақылайды. Стратегиялық жоспарлаудың тиімділігі үшін фирманың сыртқы және ішкі ортасында болашақтағы жағдайын анық және алдын ала көру керек. Бұл үшін ірі фирмаларда мәліметтерді талдау жүйелері арқылы бағаланып отыратын ақпараттық жүйелер құрылады. Стратегия әрқашан да маңызды мәселелердің шешімімен байланысты. Бұларға негізгі мақсаттар мен көрсеткіштер жатады: сату көлемі, өсу қарқыны, пайда, нарықтағы үлес, капитал құрылымы, девиденттер, өнім сапасының деңгейі, фирманың тұрақтылығы, әлеуметтік мақсаттар.

бақылау

контроль

кешенді

комплексный

көрсеткіш

показатель

өндіріс

производство

өнім

продукция

өсу қарқыны

темп роста

пайда

польза

сату көлемі

объем продаж

үнемі

постоянно

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Стратегия деген сөзді қалай түсінесіз?

2) Стратегия деген не?

3) Стратегиялық жоспарлау дың мәні мен қажеттілігі?

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4-тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыздар.

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ САБАҚ

Менеджмент тарихынан

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

(1899-1964)

Қаныш Имантайұлы СәтбаевПавлодароблысының Баянауылауданындатуған. Ауылдық мектептітамамдағансоң, Павлодардағыорыс-қазақ училищесінеоқуғатүседі. УчилищеденкейінСемей қаласындағыоқытушыларсеминариясынаоқуғатүседі. 1918 жылысеминариянысәттіаяқтағансоң, Семей қаласындағыкурстардажаратылыстанупәнінің мұғаліміболыпжұмысжасайды.

Қ.Сәтбаев 1921 жылы Томск қаласындағы Технологиялық институттың тау-кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне студент болып қабылданады. 1926 жылы институты сәтті бітіріп, тау-кен инженер-геолог дипломы бар бірінші қазақ болып, халық шаруашылықтың Орталық Кеңесіне жіберілді.

Ол 1920-1930 жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.

Қ. Сәтбаевтың басшылығыменмұнайменгаз, қаттыотындар, кендіжәнекенсіз қазбаларорындарынпайымдау, ауарайы құрғақ облыстардасуресурстары, жануарлармен өсімдіктердүниесісаласындажемісті ғылымизерттеулержүргізілді.

Академик Қ.Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы болды. Ол 640-танастам ғылымиеңбекжазды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады.

Инженерлік кадрлер даярлаудың шеберханасы - Қазақ тау кен метталлургия институты (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық институты) ұдайы Қ.И Сәтбаевтың назарында болды. Ол бірінші тамамдаған инженер-геологтардан бастап (1937), бірнеше жыл бойы бірінші техникалық ЖОО түлектеріне өзінің "сәтбаевтық" білім таңбасын дарытып келді.

Әлемдікдаңқыбар, адамның ерекше қасиеттеріне, тамаша ұйымдастыруталантынажәнетерең ақыл-ойғаие ҚанышИмантайұлыСәтбаев өзхалқыменОтанына қызмететудің үлгісісаналады.

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.

1.Мәтіндекім туралы айтылған?

(Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз)

2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз.

3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз.

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ