
- •Менеджмент дегеніміз не?
- •3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім ?
- •Менеджмент эволюциясы
- •Басқарушы және басқару жүйесі
- •Менеджменттің сыртқы ортасы
- •Менеджерлер деген кімдер?
- •Жұмыс уақыты және жеке еңбегін жоспарлау
- •Ұйымның сипаттамасы
- •Ұйымдағы байланыстың маңызы
- •Қызметкерлерді басқару ұғымы және кадр саясаты
- •Басқарушының стилі
- •Шешімдер және олардың түрлері
- •Стратегиялық жоспарлау
- •Бизнес-жоспар
- •I. Мәтінгеберілгентапсырмалар.
- •Глоссарий
- •Кәсіби қазақ тілі пәнінен сөж-ді жүргізудегі әдістемелік нұсқау
- •Сөж тақырыптары
БІРІНШІ САБАҚ
Басқару
«Басқару термині» - бұл жоспарлау, бағалау, жобаларды жүзеге асыру, бақылау процестерімен қоса шешім қабылдайтын жалпылама түсінік.
Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады. Экономикалық саясат та өзгерді. Сондай-ақ, дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады. Нарықтық экономиканы жетік басқару үшін арнайы білім көзі болуы керек.
Нарық дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қарым- қатынасты сипаттайтын күрделі түсінік. Нарықтың шынайылығы сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынаста, өнімге құрылатын бағада, өнімді сату, сатып алу актісінде көрініс береді.
Басқару теориясы ғылым ретінде (оның анықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болды және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады.
Сонымен бірге, ғылыми менеджмент түсінігін, басқару теориясының негізін қалаушы болып саналатын Ф.У. Тейлор енгізді.
30-40 жылдардағы басқару облысының теоретигі, Лютер Гьюликтің пікірінше, басқару әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым болып табылады және адамдар орталық мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етеді, сонымен бірге осы қарым-қатынас жүйелерін барлық адамзат үшін неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысады.
баға |
цена |
бағалау |
оценивать |
басқару |
управлять |
жоспарлау |
планировать |
нарықтық экономика |
рыночная экономика |
пайдалы |
полезный |
түсінік |
понятие |
шешім |
решение |
шынайылық |
правдивость |
Мәтінгеберілгентапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Басқару деген не?
2) Нарық деген ұғымды қалай түсінесіз?
3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім?
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз
4-тапсырма.
Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
5-тапсырма.
Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.
ЕКІНШІСАБАҚ
Менеджмент тарихынан
|
Әбу Насыр Әл-Фараби
(870-950ж. ш.) |
Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» трактатында қаралады.
Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару-надандық басқару болып саналады.
Ұлы ғұлама адам бойындағы бір өзіндік ерекшелік деп өзгеге өз айтқанын істете білетін адамдардың, яғни «басшылардың» басқару қабілетіне тоқталады. Егер адам бойында өз ойлағанын немесе іс-әрекетін өзгеге істете білетін қасиеті, яғни «ілестіріп алып кететін» ерекшелігі, я болмаса «итермелеуші» қасиеті болмаса ол басшы бола алмайды.
Әл-Фараби басшылыққа бағынатын адамдарды қайрымды, абзал және бақытты адамдар деп санайды. Бұл адамдар халық болып құрылса, ондай халықты қайырымды халық деп, ал қоныстанып біріксе, қайырымды қала болып табылады деп көрсеткен.
Ғұлама адам бойындағы өзі өмір сүрген ортаға жақсылық жасау қасиетін бағалай отырып, бұл қасиеттің басшының өн бойында болу керектігін дәлелдейді. Игілікті істерді біліп қана қоймай, оны іс жүзіне асыруға әрекет жасау керектігін және оған бағыттап отырудың қажеттілігін басты мәселе етіп қозғайды.
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.
1.Мәтіндекім туралы айтылған? (Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз) |
|
2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз. |
|
3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз. |
|
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.
ҮШІНШІ САБАҚ
Менеджмент дегеніміз не?
«Менеджмент» (ағылшын тілінде – manage) «басқару» деген мағынаны білдіреді. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.
Мағынасы бойынша менеджмент термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан менеджмент ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түрінде қолданылады. Мысалы, көлікті және басқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал «менеджмент» термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процесстерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаныжәне қызметшілерді басқаруды сипаттайды.
Басқару (басқару процесі) - мақсатқа жетуге бағытталған іс-қыймылдарды ұйымдастыру. Менеджмент - өзіне міндетті элемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім аймағы бар адам қызметінің аясы. «Менеджмент»- бұл нарық жағдайындағы басқару.
Менеджменттің үш маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам.
Бәсеке жағдайында тиімділік - фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.
Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:
- Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;
- Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғары еңбекақымен ынталандыру және еңбекке жағдай жасау;
- Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру;
- Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;
- Нақты мақсаттарды анықтау;
- Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.
адамзат |
человечество |
аңықтама |
справка |
бағытталған |
направленный; нацеленный |
бейімділік |
приспосабливание; адаптирование |
дәйектілік |
постоянство; последовательность |
еңбекақы |
заработная плата |
жеңу өнері |
искусство побеждать |
жетістік |
достижение |
жүріс-тұрыс |
поступки и поведение |
ішкі орта |
внутренняя среда |
мағына |
значение |
мақсат |
цель |
өміршендік |
жизнеспособность |
табыстылық |
успешность |
тиімділік |
выгодность; эффективность |
тұлға |
личность |
тұтынушы |
потребитель |
уәж |
повод; мотив |
ұйым |
организация |
шаруашылық |
хозяйство |
ынталандыру |
стимулировать; заинтересовать |
Мәтінгеберілгентапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Менеджмент деген ұғым нені білдіреді?
2) Менеджмент пен басқарудың айырмашылықтары неде?