Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар тезистері (Автосохраненный) (Автосохр...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Лекция 6 ультрадыбыстық зерттелу принциптері

Диагностикалық мақсатта эхографиялық, трансмиссионды және Доплер эффектісіне негізделген тәсіл қолданады.

Эхографиялық әдісәртүрлі акустикалық кедергілері бар орталардың шекарасынан шағылған сиганлды (жаңғырық) зерттеліп отрған нысанның анатомиялық кұрлымы жайлы ақпарат алу мақсатында тіркеуге негізделген.

Эхографиялық тәсілдің ерекшелігі шағылған сәулені емес, олардың амплитудасының және уақыт осіне қатысты өзгеруін, тіркеу болып табылады.

Эхографиялық әдістер мидың көлемді зақымдануы (эхоэнцефолография), көздің ауыруы (эхоофтальмология), кеуде қуысының, жүрек қантамырларының ауырулары (эхокардиология) және т.б. кезінде қолданады.

Трансмиссионды әдіс зерттелетін нысаннан өткен сигналдарды тірекеуге арналған. Мұндай сигналдар ультрадабыстың өту уақыты жайлы және, сәйкесінше зертелетін ағза көлемі жайлы ақпарат береді. Олар метрологиялық мақсатта қолданылады.

Доплер эффектісіне негізделген тәсіл, яғни ортаның қозғалыс шекарасынан шағылған сигналдардың жиілігтің өзгеруін тіркеу, ішкі ағзалардың динамикасы жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді және ең бастысы жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеуге қолданады.

Лекция 7 Ультрадыбыстық диагностиканың негізгі тәсілдері (эхографикалық, тарнсмиссионды және Доплер эффектісіне негізделген). Дполер эффектісі.

Эхографикалық тәсіл. Пъезоэлектрлік пластина периодты түрде импульсті электрлік керенеумен қозады. Бұл импульстардың әсерінен пластина, оның көреткіштеріне сәйкес (резонансты жілік) жиілікпен тербеле бастайды. Бұл тербелістердің ұзақтығы көп емес және амплитуда бойынша бәсеңденетін тербелудің 4-5 периодына сәйкес келеді (19 сурет).

Пластинаны қоршаған ортаға ультрадыбыстық тербелудің импульстары берілген интервал бойынша тарайды. Егкр мұндай пластинаны адам денесіне акустикалық байланысты жақсартып орналастыратын болсақ, ультрадыбыстық тербеліс дене тереңдігіне 1500 м/сек жылдамдықпен тарайды. Бір ортаның екіншісіне өту кезінде (мысалы, бұшықет – май шекарасында) ультрадыбыс энергия импульсы белгілі көлемде шағылып кері бағытта тарайды. Ультрадыбыстық энергияның бір бөлігі нысанның тереңдігіне таралып, терең орналасқан айырмашылқтарда шағылады.

Шағылған сигналдар сәулешығарушы бетке ультрадыбыстың шағылушы бетке түсіп қайту уақытындажетеді (19 сурет).

, және т.б.

Мұнда, және т.б. – ультрадабыстық импульсеріді шығару мен шағылған сәуленің сәуле шығарғышқа қайтып келу уақыты, және т.б. – сәулешығарғыштың шағылдырушы бетттен орналасқан қашықтығы; с – ортадағы дыбыстың таралу уақыты.

Сәуле шығарғыштың бетіне жете отыра, ультрадыбыстық тербелісьердің импульстары пъезоэлектрлік пластина арқылы басқа электрлік ипульстарға түрленеді. Олар қажетті түрелнуден кейін экранға шығрау мақсатында электронды трубкаға беріледі.

Пъезопластиналардың кезектесе қоздыру уақытын терең орналасқан құлымнан шағылған сигнал келесі импульс түскенге шейін үлгеретіндей етіп таңдайды. Ультрадыбыстың толқынның биологиялық құрлымдарда таралуының орташа уақыты 1500 м/сек боғандықтан, қоздыру импульсінің интервал аралығы 0,001(1 мсек) секундқа сәйкес.

Аталған зерттелу кезінде науқас горизонталь күйде жатады, алайда қажет болған жағдайда өзінің орналасуын бір жанға бұрылу арқылы өзгерте алады.

Алдыңғы қарын бөлігін эхограммада әртүрлі ұзындықты және көлемді ақ сызықтар және «бос – кеңістік» қара сызықтар сияқты елестетуге болады. Эхограммадағы шеткі мембрана интерфазасынан шағылған сигналдармен қабаттасқан ақ сызық – қарын бөлінің бетк терісі. Бос кеңістік тері асты, майлы ұлпаға сәйкес, одан кейін апоневроздан, бұлшықеттен шағылған ультрадыбыстық сигналдар кетеді. Сол себепті, қарын бөлігі программада қабатты болып бейнеленеді (26 сурет).

Ұрықтың бас бөлігіне эхо-зондты орналастырған кезде эхограммада бастың бөлігі бейнеленеді.

Жүктіліктің екінші бөлігінде ұрықтың эхоэнцефолограммасы біртекті. Ол бастың контурын беретін 2 аса немесе кем жартылай ақ түсті овал, ал кей кезде толық овалдв елестетеді. Жартылай овалдар ультрадыбыстың және толық контурдың шағылыс нәтижесі. Ол бастың көлемі мен жетілу деңгейіне сәйкес (27 сурет).

Ұрықтың жамбас бөлігінің екіөлшемді эхограммасы эхоэцефолограмма сияқты айтарлықтай көрсеткіштерге ие. Олар айқындалмаған контур немесе олардың арасындағы қосылған нүктелер ретінде елестетуге болады. Кей кезде ұрықтың жамбас бөлігі жартылай овал ретінде бейнеленуі мүмкін, алайда ол бас бөлігінің овалынан өзгеше. Жартылай оал қарайған шеткі қырлары жоқ болып келеді.

Ұрықтың омыртқадан шағылған ультрадыбыс ұыззнан ақ түсті, әр түрлі көлемдегі сызық ретінде елестетуге болады (28 сурет).

Ұрықтың кеуде қуысының эхограммасын күрделі сканерлеу кезіңде алуға болады (28 сурет).