Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар тезистері (Автосохраненный) (Автосохр...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.34 Mб
Скачать

Лекция 5 Гинекологиялық ауруларды эхографикалық зерттеу әдісі.

Қазіргі кезде ультрадыбысты аспаптар айтарлықтай айырмашылығы жоқ және кез келген ағзаны зерттеу үшін қолданады. Біз тәжірбиеге сүйене отыра кіші жамбас бөлігі үшін секторлы және конвекционды сканерлеу түрлендіргіші бар асапапты ұсынамыз.

Кіші жамбас бөлігін ультрадыбысты сканерлеу басқа органдардың эхографиялық зерттеулеріне қарағанда арнайы дайындықты қажет етеді. Қарапайым жағдайда матка және оның айналасындағы ағзаларды шағылған сәуле арқылы бейнелеу мүмкн емес. Қуықтың толы кезінде, ол кіші жамбас бөлігінен асқазанның айналымын ығыстырып шығарып, өзіндік ультрадыбыс өткізуге арналған терезеге айналады.

Емделушіні дайындау 1 л көлемді сұйықтықты 1-1,5 сағ.көлемінде қабылдаудан тұрады. Ауры жағдайларда қуықты толтыру үшін фурацилин препаратын эхолакация арқылы бақылай отыра ендіреді. Ультрадыбысты зерттеуді әдетте жатын күйде жүргізеді. Түрлендіргіш пен жақсы байланыс үшін сканерлеуші жазықты арнайы гель немесе минералды маймен жағады.

Ультрадыбысты зерттеуді түрлендіргішті қарынның алдыңғы және төменгі бөлігінде жүргізеді. Экранда пайда болған бейне – эхограмма (сканограмма, томограмма) – ультрадыбыстық сәуленің жазықты қозғалысына байланысты. Ден осьі бойынжа жүргізу тік, ал оған перпендикуля бойынша қозғалыс көлденең сканерлеу деп аталынады. Эхограмманың жоғарғы бөлігінде тиесілі құрлымның бейнесі пайда болады. Төменгі бөлігінде кшк жамбастың терең бөлігінде орналасқан бейненің құрлымы тіркеледі.

Ескере кететін жағдай, қазіргі заманғы электронды датчиктерді пайдалануда тәжірбиенің жоқтығы кезінде сканерлеу кезінде қателіктер кетуі мүмкін. Экранның сол жақ бөлігі, науқастың оң жақ бөлігіне сәйкес келуі қажет. Ол мақсатта, түрлендіргішті бетке жанастырмастан бұрын оның орналасу дұрыстығын тексеру қажет. Соңғы жылдары шыққан ультрадыбысты сканерлердің экран бетінде арнайы белгі орнатылады.

Ультрадыбыстық зерттеулерде алдын ала маткан орналасуын, контур көрсеткішін және ішкі құрлымын көрсеткіштерін бағалайды. Одан кейін матка өлшемін анықтайды. Ұзындық және қалыңдығын тіке , ал енін көлденең сканерлеу кезінде өлшейді.

Орта жаңғырық (М – эхо) зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Асқынуды анықтау мақсатында эндомериялық зерттеуді менструация аяқталғаннан соң бірнеше күн көлемде жүргізеді. М – жаңғырығын анықтаған кезде оның өлшемін, көлемін, локализациясын, эхогенділігін, дыбысөткізгіштігін, ішкі өлшемін және контурдың жай кұйін бағалайды. Матканың асқынуын анықтау үшін зерттеу менструациядан бірнеше күн бұрын жасаланылады, яғни М – жаңғырық айқын кезінде.

Матка құрлымын қарау жыныс бездерінен бейнелеуден басталады. Олар анықталып жатқан жағдайда олардың өлшемдерін, кей жағдайда көлемін өлшейді. Жыныс бездерінің өлшемдерін жас шамасына байланысты бағалайды. Онымен қоса, ішкі құрлымына, бейнесіне және контур көрсеткіштеріне мән беріледі. Асқыну процесінің көрсеткіші ретінде жыныс безінің біреуінің екіншісіне қарағанда ¼ есе үлкейуі, контурды майысуы және оның шеңберленген күйі болу мүмкін.

Анықталған түзілімінің көрсеткіштерін анықтау маңызды болып табылады. Диагностиканың нақтылығын анықтау мақсатында біз асқынуды сипаттайтын келесідей сұлбасын ұсынамыз.

  1. Жасалынуы: маткалы және басқа мүшелерден.

  2. Өлшемдері: ұзындығы, қалыңдығы, ені.

  3. Орналасуы: жыныс безі ұшін (біржақты, екіжақты, артқы жағынан, алдыңғы жағынан, матканың кырынан).

  4. Қозғалыс: болады, тіркелмейді.

  5. Пішіні: шеңбер, овалды, созылған овалды, дұрыс емес, анықталмаған,

  6. Контурлар: түзу, түзу емес.

  7. Шекара: айқын, айқын емес, болжаллды.

  8. Эхогенділік: жоғары, көтеріңкі, орта, төмендетілген, төмен, толықтай анэхогенді немесе гиперэхогенді түзілім.

  9. Дыбысөткізгіштік: жоғары, көтеріңкі, орта, төмендетңлген, төмен, жедел төмендетілген (жұтылу эфектісі байқалады, акустикалық көлеңке байқалады).

  10. Ішк құрылым; біртекті, біртекті емес.

Ультраыбысты зерттелуден кейін клиникалық анықтама берілу қажет. Ол ультрадыбысты диагностика әдісін меңгермеген дәрігерге түсінікті болу қажет. Мүмкіндік бойынша арнайы акустикалық терминдерді қолданбауға тырысу қажет.

Анықтамада матка мен жыныс безінің орналасуы мен өлшемдері сипатталып, кіші жамбас бөлігіндегі ірі асқынулар болуы немесе болмауын көрсетеді, тзілімдердің орналасу жерін (маткалы, сыртқы бөлігінде, экстрагенитальды, түсініксіз) және және оның құрлымын ( сұйықтықты, тығыз, араласқан) анықтайды, асқыну процесі ісік немесе ісіктектес екені жайлы болжам айьылады, малигинизацияның эхографикалық белгілердің болы немесе болмауын белгілейді. Анықтаманың соңында аурудың нозолгиялық формасы жайлы болжам айтылады. Асқынудын нақты өлшемін анықтаға мүмкін боламса ары қарай зерттелу немесе басқа әдістің пайдалануы нұсқалынылады.