- •Лекциялар тезистері Лекция 1 ультрадыбыстық түрлендіргіштер
- •Механикалық әдіс
- •Электростатикалық әдіс
- •Электродинамикалық әдіс
- •Лекция 2 Дагностикалық және емдік ультрадыбысты аспаптың жасалу және қолдану апсектілері.
- •Лекция 3 Ультрадыбыстың биологиялық әсері және физикалық қасиеттері.
- •Тербеліс жиілігі және толқын ұзындығы.
- •Бөлшектің әртүрлі жылдамдықтары мен жиіліктеріне сәйкес толқын ұзындығы
- •Ультрадыбыстық толқынның қуаты және интенсивтіліг.
- •Ультрадыбыстың ортамен жұтылуы.
- •Ультрадыбыстың шағылуы және сынуы.
- •Доплер эффектісі.
- •Лекция 4 Артефактар. Гиперболикалық артефактар. Айналы артефактар.
- •Лекция 5 Гинекологиялық ауруларды эхографикалық зерттеу әдісі.
- •Лекция 6 ультрадыбыстық зерттелу принциптері
- •Лекция 7 Ультрадыбыстық диагностиканың негізгі тәсілдері (эхографикалық, тарнсмиссионды және Доплер эффектісіне негізделген). Дполер эффектісі.
- •Лекция 8 Бірөлшемді тәсіл. Екіөлшемді тәсіл. Эхографиялық аспапрдың негізігі акустикалық көрсеткіштері.
- •Эхографиялық аспаптпрдың негізгі акустикалық өлшемдері.
- •Лекция 9 Ұрықтың орналасу ын анықтау және болжау кезінде екіөлшемді ультрадыбысты диагностика.
- •Лекция 10
- •Лекция 11 Ерте кезеңдегі жүктіліктің диагностикасы. Планцета локализациясы.
- •Планцета локализациясы
- •Лекция 12 Зерттеуге арналған ультрадыбыстық аспаптар.
- •Лекция 13 Ультрадбысты сканер. Toshiba Famio 5 аспабы. Logiq 200 cfm pro series цифрлық ультрадбыстық жүйесі. Logiq 100 pro толықтай протативті ультрадыбыстық жұйесі.
- •Эхосигналдарды көбейту модульі бар электронды ультрадыбысты датчиктер.
- •Лекция 14
- •Лекция 15 Конвексті датчик. Микроконвексті датчик. Сызықтық датчик. Интраоперативті датчиктер. Секторлы фазалық датчиктер.
Эхографиялық аспаптпрдың негізгі акустикалық өлшемдері.
Ультрадыбыстық эхографиялық аспаптардың сапасы көбінесе акустикалық өлшемдермен анықталады. Негізігі акустикалық өлшемдер ретінде: зондтаудың максималды тереңдігі, өлі зона, айқындау қабілеті.
Зондтаудың максимал тереңдігі деп сәуле шығарушы мен шағылдырушы беттің сәуле тіркелетіндей максималды арақшықтығы.
Зондтаудың максимал тереңдігі зеттелетін ныссаның қасиетіне байланысты: таралу жолындағы ультрадбыстың жұтылуы және шағылдыру қасиеті. Ультрадыбыстың тербелістің жиілігі жоғарылаға сайын оның жұтылуы да жоғарылайды.
Берілген ортаның параметрлері және ультрадбысыстық толқынның жиілігінде зондтау тереңдігі пьезоэлектрлік пластинаның сезгіштігі, электр сигиналының куатымен және өзіндік күшейткіш жүйенің шуылына деген сезгіштігімен анықталады.
Айқындаушы қасиеті. Бірөлшемді эхографиялық аспаптарда айқындаушы қасиет болып шағылдырушы екі беттің арасындағы ең кіші қашықтық аталады.
Екі шағылған сәуленің бөлек ажыратылуы ультрадыбыстық толқынның екі шағылдырушы орта арқылы өткен уақыты ультрадыбыстық толқынның имульсі уақытынан аспаған уақытта мүмкін болады. Олай болмаған жағдайда, екшінші беттен шағылған сингал пьезоэлектрлік пластинаға тыныштық күйіне келіп үлгерместен жетіп алып, сигналдардың бірігуіне алып келеді. 15 сурет екі жақытықтан шағылған сәулелерді көрсетеді.
Диагностикалық мақсатта қолданатын пьезоэлектрлік плстиналар тербелістің 4 -5 периодына тең имульс ұзақығын береді. Тербеліс жиілігі жоғары болған сайын, ультрадыбыстық тербеліс импульс ұзақтығы да төмен, сәйкесінше, айқындаушы қабілеті жақсарады.
Айқындаушы қаілеті ультрадыбыстың ортада таралу жылдамдығына да байланысты. Белгілі ұзақтықпен импульстар берілсе айқындылық қасиеті ультрадыбыстың жылдамдығы аз таралу кезінде байқалады.
Екіөлшемді эхографиялық аспаптарда жоғарыда атаплған айқындылықпен қоса, азимут бойыншап айқындылығы маңызды рөлге ие. Азимут бойынша айқыныдық қасиеті – екі нүктелік нысан арасындағы минималды қашықтықты айтады. Азимут бойынша айқындылық ультрадыбыстық шоғырдың ені, сәуле шығарушының бұрылу бұрышы бойынша анықталады.
Өлі зона деп эхограмманың бастапқы бөлігінде орналасқан кеңісткті айтады. Ол қоздырылаған импульс және бейнені бақылау мүмкін емес бейнемен толтырылады.
Әдетте өлі зона қоздырушы импульс көлемінен үлкен болып келеді. Бұл пластина шылдыры – негізгі қуатты сингалдан кейін болатынг аз амплитудалы ұзақ тербелістер болуымен түсіндіріледі.
Адам денесінің акустикалық айырмашылықтарынан шағылған ультрадыбыстық импульстар аспаптың кіре берісінде әлсіз электр сигналдарын тудырады. Оларды бақылау шылдырдың амплитудасын пайдалы сигнал амплитудасынан қарағандай төмен болғанда байқалады. Өлі зона көп болған сайын, зерттелетін сигнал азая береді. Сол себепті аспаптардың техникалық нұсқамаларында өлі зонаның мәні қажетті сигналдардан төмен есебінде көрсетіледі.
Лекция 9 Ұрықтың орналасу ын анықтау және болжау кезінде екіөлшемді ультрадыбысты диагностика.
Соңғы жылдарға дейін ұрықтың бейнесін алу, орналасуын анықтаудың жалғыз тәсілі рентген әдісі олып табылатын. Көптеге ғалымдар қазіргі кездің өзінде кажетті жағдайда пайдалануды ұсынады. Алайда акушерлердің басым бөлігі бұл тәсілдің оның күрделілігі, ал ең бастытсы иондаушы радиацияның қауіптіліне байланысты бастартады. Ұрықты ультрадыбыстық бейнелеу дәл сол диагностикалық көрсеткіштерді әйел адамға қауіп төндірместен алуға мүкіндік береді.
Орналасудын екіөлшемді ульрадыбыстық диагностикасы қателіксіз ұрықтың оранасуын анықтайды, қарапайымдылықпен ерекшеленеді және аз уақытта жүргізіледі. Қазіргі заманғы екіөлшемді аспаптар жылжымалы болып келеді сол себепті, зерттелу кез келген жерде жүргізілуі ммүмкін.
Екіөлшемді аспаппен жұмыс істеу әдістемесі қолданылған асапатың типіне байланысты. Төменде отанды УЗД-5 аспапбының, 1,76МГц жиілікке сәйкес камералы эхо-зондты қодану кезіндегі қысқаша әдістемесі жазылған.
Ультрадыбысты зерттеуден бұрын зондтардың орналасуын белгілеп алады. 25 а және б суретінде зондатрдың ұрықты жуық мөлшерде орналасуына анықтау мақсатында қойылған суреті бейнеленген, ал 25 в-суретте камералы датчик көмегімен ұрықтың орналасуы бойынша орналастыру бейнеленген. Мүмкіндік бойынша датчикті вазелин жағылған тері қабатынан ажыратпайды.
Датчиктің әртүрлі орын ауыстыруы кезінде әрқашан еңкею бұрышы өзгереді. Датчикту қарын бөлігінен жылжытуды және орналасу бұрышын өзгертуді аз жылдамдықпен жүргізу қажет.
Зерттеуді күшейтудің аз көлемінен бастау қажет. Оны уақыт өте отрыра күшейтіп оптималды деңгейге жеткізу қажет. Зерттелу жүргізу кезінде өзгерген жағдайларға байланысты қажетті күшейту деңгейін туралау жүргізіледі. Аталған зерттеу кезінде адам арқасымен жатызылып, қажет болған кезде бір бүйірге бұрыла өзінің орналасуын ауыстыруы мүмкін.
Алдыңғы қарын бөлігі эхограммада әр түрлі өлшемдегеі ақ және қара түсті сызықтар болып бейнеленеді. Эхограммадай шеткі бос ақ сызық алдыңғы қарын бөлігінің терісі болып табылады. Келесі бос аумақтан кейінгі тері асты май қабатына сәйкес келеді. Одан кейін апоневроз, бұлшықет бейнелері көрінеді. Алдыңғы қарын бөлігі программада шағылдыратын бетке байланысты қабатты болып келеді (26 сурет). Эхозондтты ұрықтың бас бөлігіне орнадастырған кезде бастың бейнесі пайда болады. Жүктіліктің екінші бөлігінде эхоэнцефолограмма біркелкі болып табылады. Олар 2 айықн немесе айқын емес жартылай дөңес ретінде бейнеленіп, ал кей кезде бірігге отыра бастың контурын бейнелейді (27 сурет.).
Ұрықтың жамбас бөлігінің екіөлшемді эхограммасы екіөлшемді эхоэнцефотограмма сияқы айқын емес. Олар айқын емес контур ретінде бейнеленеді. Кей кездері ұрықтың жамбас бөлігі жартылай шеңбер ретінде бейнеленуі мүмкін.
Омыртқадан шағылған ультрадыбыбыс ақ, ұзын, әртүплі көлемді сызық ретінде бейнеленеді (28 сурет).
Ұрықтың кеуде қуысының эхограммасын күрделі сканерлеу кезінде алуға болады (29 сурет).
Ұрықтың екіөлшемді бейнеленуі, сәйкесінше олардың ағзаларының орналасуы күрделі емес болып табылады. Алайда кейбір жағдайларда зеттелу қйындыққа тап болуы мүмкін. Бұл, біріншіден, бастың екіөлшемді эхограммасы ұрықтың жамас бөлігінің бейнеленуі немесе зияны ісік болы мүмкін, екінші, арқа бөлігінің айқын емес контуры орналасу анықтау кезінде қиындык тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда қосымша қосымша методика әдістер жүргізу қажет.
Мұндай әдістер келесідей заттарға негізделген. Аз көлемде ультрадыбыстық тербелістер бастың беткі бөлігінен шағылысып, одан кейін оның екінші бөлігінен шағыла отыра екі жартылай шеңбер ретінбе бейнеленеді. Ми жасушаларынан ультрадыбыс аз көлемде ғана шағылдаы. Сол себепті ми құрлымы аз көлемде күшейту кезінде көрінбейді. Мидың отра кұрлымының бейнесін м – эхо-ның екі жағынан да ақ сызық немесе нүкте ретінде көруге болады (30 сурет).
30 суретте байқалғандай кейбір екіөлшемді эхоэнцефолограммаларға тән нәрсе, мидың ортаңғы бөлігіндегі жаңғырық тек үшінші қарыншадан шағылған сәуле ғана емес мөлдір кедергі ден болы мүмкін. Бұл жағдайда М-жаңғырық толық біркелкі ақ сызық ретінде бейнеленеді.
Мидың ортаңғы құрлымының екіөлшемді шағылауын анықтау кезінде желке бөлігі бойынша ұрықтың орналасуы анықталады. Желке бөлігі бойынша орнын анықтауда мидың үшінші қарыншасы және арт жағында орналасқан бөлігі қолданады. Бұл құрылымдар мидың артқы бөлігінде орналасқандықтан М-жаңғырық ертерек байалып және айқын жарықтылықпен бейнеленеді.
Екіөлшемді эхография бойынша ұрықтың орналасуын анықтау – желке бөлігі бойынша, зондттың аз көлемде өзгертіп және күшейтудің деңгейін реттей отыра кезекті эхограмма алынады. Онда бастың контуры белгіліенеді. Одан кейін зондттың бұрыштық және сызықтық орына ауыстыруымен және күшейтуді реттеумен мидың ортаңғы кұрлымының жарқырауының айқындылығына жетеді.
Мұндай орналасуды және датчиктің түсу бұрышын таба отыра, күшейтуді азайтуды шағылу деңгейін эпифизге дейін төмендетеді. Бұл нуктеден бастың желкеге контурына дейінгі дейінгі арақашықтығы, бұл нүктеден бастың кез келген контур нуктесіне дейін арақшықтығынан кіші болып табылады. Күшейту деңгейінің үлкейту кезінде бастың маңдай бөлігінің айқындалуы байқалады. Алатған эхоэнцефолографиялық бейнелер ұрықтың орналасуын анықтаға қолданатын диагностикалық қолжеткізу болып табылады.
