Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_po_filosofii_2.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
211.7 Кб
Скачать

31. Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз

Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік – құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және тйімді институттардың өзіндік ерекше «селекциясы» мен мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналады деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) құқықтың позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі мемлекеттің басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде қаралады: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек өйткені барлық оргындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әректерін бағыттап отыруға арналған.Алғашқыларда бытыранқы және кедей жекеленген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және басқаларды атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір біріне ерекшелігі болғанымен , басты мәселеде – құқықтық нұсқаулардың мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде жіне қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде – олардың ойы бір жерден щығып отырды.

32

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет.

Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).

Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.

Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.

Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.

Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.

Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау.

Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX – XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) – екінші позитивизмде жалғасты.

Осы бағыттың көрнекті өкілдері – австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру.

Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған.

Енді, постпозитивизмнің кейбір белгілі өкілдеріне назарымызды аударайық: К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.

Томас Кун осы ұсынысты ескере отырып философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.

Парадигма - барлық ғылыми қауымдастық қабылдаған ғылыми нәтиже. Оның көмегімен ғылыми проблемаларды қоюға және оны шешудің әдістерін қарастыруға болады.

Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын.

Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]