
- •1.Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •5.Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз.
- •8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
- •13. Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз
- •21. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін ²Ғылыми білімсіздік² деп атауының сырын айқындап беріңіз
- •25. Дүниетанымдағы н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз
- •28. Р. Декарттың “күмәндану принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз
- •30. Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз
- •31. Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз
- •33. К. Поппердiң «фальсификация» қағидатының маңызыдылығын талдап беріңіз
- •36. З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз
- •40. Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.
- •41.Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •44. Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда.
- •45.Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз
- •48. Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
№ 1. Бал?ын 2. Жука 3. Арай 4. Асель 5 Айж 6 Жанара 7. Бинура 8. Алина 9 мереке 10 асем 11 айгерим 12 молдир 13 зарина 14 жамиля 15 тоха 16 эльмира 17 назека 18 жанс 19 айдана |
Сұрақтар |
Блок
|
1 |
Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз |
1 |
2 |
Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығын көрсетіңіз |
1 |
3 |
Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз |
1 |
4 |
Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз |
1 |
5 |
Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз |
1 |
6 |
Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын көрсетіңіз |
1 |
7 |
Болмысты танудағы Лаоцзы мен Парменидтің ойларын салыстырып көріңіз |
1 |
8 |
Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз |
1 |
9 |
Платонның Дүниені «Идеялар әлемі» мен «Заттар әлеміне» бөлуінің себептерін талдаңыз |
1 |
10 |
Аристотельдің материяға қатысты ойларын еске түсіріңіз |
1 |
11 |
Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз |
1 |
12 |
Аристотельдің логика ғылымына қосқан үлесін көрсетіңіз |
1 |
13 |
Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз |
1 |
14 |
Джайнизм іліміндегі «Ахимса» ұстанымының бүгінгі адамзатқа қажеттілігін талдап беріңіз |
1 |
15 |
Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз |
1 |
16 |
Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз |
2 |
17 |
Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз |
2 |
18 |
Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз |
2 |
19 |
Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз. |
2 |
20 |
Әл-Фарабидің таным теориясындағы интеллект жөніндегі ойларына тоқталып өтіңіз |
2 |
21 |
Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін ²Ғылыми білімсіздік² деп атауының сырын айқындап беріңіз |
2 |
22 |
Н. Кузанскидің «Құдай - барлық жерде, сонымен қатар – еш жерде» деген ойына талдау жасаңыз |
2 |
23 |
Н. Макиавеллидің саясат пен мораль жөніндегі ойларына талдау жасаңыз |
2 |
24 |
Жан Кальвин протестанттық этиканың негізгі құндылықтарын қалайша негіздейтіндігіне тоқталыңыз
|
2 |
25 |
Дүниетанымдағы Н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз |
2 |
26 |
Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз |
2 |
27 |
Ф. Бэконның “жемiстi² және “сәулелi² тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз |
2 |
28 |
Р. Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз |
2 |
29 |
Т. Гоббстың мемлекет жөніндегі конвенциалдық (шарттық) теориясының бүгінгі таңдағы адамзатқа маңыздылығын айқындаңыз |
2 |
30 |
Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз |
2 |
31 |
Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз |
3 |
32 |
Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет. |
3 |
33 |
К. Поппердiң «фальсификация» қағидатының маңызыдылығын талдап беріңіз |
3 |
34 |
Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсет. |
3 |
35 |
М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл² деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз |
3 |
36 |
З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз |
3 |
37 |
В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум² ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз |
3 |
38 |
Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер. |
3 |
39 |
Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте. |
3 |
40 |
Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір. |
3 |
41 |
Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз |
3 |
42 |
Дүниені танып білудегі синергетика ілімінің қосқан үлесін көрсетіңіз |
3 |
43 |
Қазіргі ғылымдағы материя жөніндегі жиналған деректер туралы айтып беріңіз |
3 |
44 |
Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда. |
3 |
45 |
Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз |
3 |
46 |
Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір. |
3 |
47 |
Саясат пен құқық. Құқықтық мемлекет орнатуда Қазақстан қоғамының жеткен жетістіктеріне тоқталыңыз |
3 |
48 |
Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз |
3 |
49 |
Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз |
3 |
50 |
Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан қоғамының орны жөнінде айтып беріңіз |
3 |
1.Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық. Дүниеге көзқарас- дүниені түсіндірудің,оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері.Дүниеге көзқарас нанымнан,сезімнен,танымнан тұрады.Дүниеге көзқарас біркелкі емес,ол: жай қарапайым,діни,мифологиялық,ғылыми,философиялық болып бөлінеді.Мифологиялық дүниетаным -ертегі,аңыз негізіндегі көзқарас. Діни дүниетаным -нанымға негізделген.Адам бір нәрсеге иланбайынша,нанбайынша,оның ісі тұрақты,нәтижелі болмайды.Иланудың екі түрі бар: ғылыми және ғылыми емес.Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне,заңдылығына үңіледі,бос даурығудан өзін аулақ ұстайды.Ондай адамдар өз сенімін оңай өзгертпейді.Күнделікті өмірден туған қарапайым дүниетаным- ақылға сыйымды,өмірден,күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас.Философиялық дүниетаным- білімге құштарлық,даналыққа сүйіспеншілік,өмірлік позиция. Философия барлық қоғамдық ғылымның түп атасы. Ол үшін дамып, адамзат ақыл ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Философия ерекше ғылым.Оның мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Бірақ та әр халықтың тұрған жеріне, тарихына байланысты оның өзіндік менталитеті, дүниеге көзқарас, соны бейнелейтін дана уәкілдері бар. Тек сол тұрғыда ғана біз плен халықатрдың философиясы деген ұғымды қолданамыз. Әйтпесе, философия адам баласының дүние танымы, данышпандық ойы. Ол толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан қтікелей өмір сүруін ()ұралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүние танымын, қоғамдық көзқарасы бойынша сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой санасының даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылым өрнек құратын, қиын, шым шытырық құбылысының жүйесін табиғат??? Белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім. Философия сондай ақ дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бірадам болмасын, ол дүнигеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда, әрбәр адам дүниеге, әрбәр құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Философия көзқарастың жүйелі болуын қаматамасыз етеді. Әрине көзқарас іштен тумайды. Оны қалыптастыратын өмір. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды. Бұл филосоияның метологиялық , дүниеге көзқарасытың рөлі.Философия дүнеге келген кезінен бастапмифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Философияда ойландырған мәселелер қашанда мыналар болатын: Дүние қалай құрылған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шындық деген не? Адам өмірінің мәні неде? Дүние мәңгі ме? Философия осы сияқты сұрақтарға жауап іздеді. Дегенмен, адм санасын оятуда мифологияның рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялымен ізденіс жасауына түрткі болды. Егер дін, мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарынбүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау зерттеу , сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Адамзат дамуымен қатар фил я да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдардарға методологиялық жол сілтейтін әдістемелік рөлде атқаруда. Көзқарас білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келещекті болжаудан туындайды. Бір заманда ондай міндетті абыздар атқарған.
2. Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығын көрсетіңіз
Философиялық дүниетаным – бұл әлем жайлы көзқарастар жүйесі және ондағы адам орны, оның шын екендігіне, қоршаған ортаның және өзінің өзіне деген қатынасы, сондай-ақ, осы көзқарастар негізінде пайда болған идеялар мен таным және әрекет ұстанымдары, құнды дүниелер. Философиялық дүниетанымның пайда болуы Ежелгі Шығыс елдерінде құлдық қауымның пайда болған кездерінен, ал оның классикалық формасы Ежелгі Грециядан басталады. Философиялық дүниетаным түрлерінің бастамасы ретінде алғашында материализм, діни дүниетаным ғылыми реакция ретінде пайда болды. Философия өзінің пайда болған кезінен бастап, альтернативтік және бір уақытта диалогтік көріністерді байқата алады. Тарихи-философиялық процесте бұл диалог «полифония», «көпдауыстылық» альтернативті жағдайда – көпжақты философиялық білім, мектеп және бағыттары бар материализм және идеализм, догматизм және скептицизм, рационализм және иррационализм ретінде болады.
Миф – тарихи дүниетанымның ең көне түрі, қоғамның алғаш қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында, яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен табиғат жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы сұрақтарға жауап берілген. Мифологияның көп бөлігін космологиялық мифтер, әлемнің құрылымы жайлы түсінік қамтиды. Мифте адамның өмір сүру түрлері, өлім мен өмір құпиясы, адамдар күтетін түрлі сынақтарға қатты көңіл бөлінген. Ерекше орынды «батырлық» жайлы мифтер және «тұрмыстық» мифтер алады, адамдардың жетістіктері: отты жағуы, құралдарды ойлап табуы, егін шаруашылығының дамуы, жабайы жануарлардың қолға үйретілуі, ал біздің заманымызда – қоғамдық мифтер.
Мифологияда дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі ұстанымы генетикалық болатын. Дүниенің алғаш пайда болуы жайлы, табиғат құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды, «кім нені жаратты?» деген аңыздан құралды. Гесиодтың «Теогониясында», Гомердің «Иллиада» мен «Одиссейінде» дүние келесі жағдайда пайда болды деп жазылған. Алғашында тек мәңгі, шексіз, қара Хаос, онда дүние жаратылысының көзі жатты. Шексіз Хаостан бүкіл дүние мен мәңгі тірі Құдайлар, жер Құдайы – Гея пайда болды. Хаостан өмір нәрі, күшті, бәрін тірілтетін махаббат – мейірімнің шындықтың, сұлулықтың жоғары түрі пайда болды.
Миф өзіне екі аспекті біріктірді: диахроникалық (өткен өмір жайлы аңыз) және синхроникалық (бүгінгі мен болашақ жайлы түсінік).
Мифтің арқасында өткен өмір болашақпен ұштасып, ұрпақпен рухани байланысты қамтамасыз етті. Мифтің мазмұны алғашқы адамдарға жоғары деңгейде шындық пен абсолюттік сенімді білдірді.
Мифтің негізгі міндеті адамға білім немесе түсінік беру емес еді. Ол сенімдердің нақты түрі және мінез-құлықтың қалыптасуы үшін қызмет етті. Оның реттеуші қызметі дүние мен адамның, табиғат пен қоғамды, жеке тұлға мен қоғамның арасында тепе-теңдікті ұстау болды.
Мифологияға жақын, бірақ одан айырмашылығы бар, ол діни дүниетаным, жер қойнынан пайда болып, әлі бөлектенбеген, қоғамдық ойда дифференциалданбаған. Мифология сияқты, дін қиял мен сезімге жүгінеді. Бірақ, мифке қарағанда дін жердегі, оның өзіндік ерекшеліктерін (жазықтық пен таулы жерлер) «араластырмай» екеуін екі қарама-қарсы полюске бөледі. Шығармашылық құдіреті күш – Құдай, табиғат пен табиғаттан тыс тұрады. Құдайдың болмысы ашықтық сияқты, адам сияқты уайымдайды. Шындық ретінде адамның жаны мәңгі, бейітке барғаннан кейін де оның өмірі мәңгі және Құдаймен кездесетінін біледі.
Дін – дүниетанымның екінші тарихи түрі, ол мифологиямен тығыз байланысты. Діни дүниетанымның өзіндік ерекшелігі – табиғаттан тыс күштерге, қасиетті басқа сену. Діни дүниетаным әрқашан мифологиядан тұрады, себебі онда түрлі мифтер, әулиелер мен Құдайлар өмірі жайлы баяндалатын аңыздар қатысады. Әр дін өзіне соқыр сенімдердің, ырымдардың әсері және ырыми мекемелердің жүйесін, ғаламның құрылымы – ғылымдардан тыс түсініктемелермен түсіндіріледі.
Адамзат тарихында дін, діни Шығыс пен Батыста түрлі жағдайда болды. Әр діни дүниетанымның орталығында жоғары құндылықтың ізденісі, өмірдегі адал жолды, тіпті, мақсаттар мен олардың транцеденттік саласы, жер емес, «мәңгі» өмір делінді.
Діннің негізгі қызметі адамның өмір қиындықтарын, өткен қиын кезеңдерін жеңе отырып, оны абсолютті мәңгі етіп көтеру. Философиялық тілмен айтқанда, дін адам бойындағы транцедентті (сананың арыдан шектен шыққанын табатын) «орнықтыру» үшін шақырылған. Дін жүрекке үміт ұялатып, бар болмысымен адамдардың қарекетіне мағына береді, демек, адам өміріне тұрақталады. Діни сенім соқыр сенімді, ол мәртебелі пайғамбарлардың, шіркеу әкелерінің, қасиетті жазбалардың негізінде құралған. Ол сенімнің білімнен асқақ екендігін жариялады.
Діни дүниетанымның ерекшеліктері:
діни мәртебелер мен табиғаттан тыс күштерге соқыр сенім;
өмірді жердегі өмір, табиғат, аспан өмірі, табиғаттан тыс күштерге бөлу;
сананың дамуына шек қою;
иман деңгейінің қалыптасуы.
Тұрмыстан айырмашылығы мифтік, діни, философиялық дүниетаным адам мен дүниенің рационалды санасына, олардың арақатынасы мен өзара әрекетіне бағытталған.
3. Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз
Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр
Философия- ғылым әлде өнер ме?Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.Осы тұрғыдан алғанда, « Философия—ақыл –оймен қаланған тарихи дәуір»деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек. Философия пәні, оның мақсаты— қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен апаратарын ғылыми тануға қолдану . Ғылыми таным логикасы— ғылыми теориалардың олардың компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың, ұғымдардың, заңдардың логикалық құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды, теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы туралы ғылыми болжамдардың қалыптасуы, оларды тексерудің әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның қорыту, түсіндіру, абстракция , идеалдандыру сияқты әдістерінің логикалық аспектілеріне талдау жасайды.
4. Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.Филослфияны өнерге жақындығы – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.