- •Қбео клирингтік палатасы
- •Интернет
- •Card to Card аударымдары
- •Банкомат арқылы төлем жасау
- •Коммуналдық қызмет үшін төлемақы ақшасын акцептсіз тәртіппен карт-шот есебінен шығарып отыру
- •Карт-шотты pos-терминал көмегімен "Экспресс-аударым" режимінде (15 минут ішінде) толықтыру
- •Карточка ұстаушыларды кенеттен болатын бақытсыз жағдайлар мен сырқаттанудан сақтандыру
- •Зейнетақы қорының үзіндісі
- •Iapa Халықаралық дисконттық карточкасы
- •Iapa дисконттық карточкасын пайдалану ережелері
- •"Мобильдік банкинг" деген не?
- •Мұны әркім білуге тиіс
"Мобильдік банкинг" деген не?
Қазақстанда тұңғыш рет және тек Банкі карточкаларының иелері үшін! МОБИЛЬДІК БАНКИНГ - карт-шоттың жай-күйі туралы ақпарат алудың жетілдірілген, ең озық тәсілі! "Мобильдік банкинг" — мобильдік телефоныңызға келіп түсетін SMS-хабары арқылы карточкалық шоттағы қаражат қозғалысын тәулік бойы қадағалау жүйесі. Сізге ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер: "Мобильдік банкинг" жүйесіне қосыла отырып, Сіз:
Банкке бармай-ақ, ұялы телефоннан SMS-хабарымен сұрату жасау арқылы, тәуліктің кез келген уақытында өзіңіздің карт-шотыңыз туралы мәлімет алып отыруыңызға болады (ақша қалдығы және соңғы жасалған 10 транзакция туралы);
Банктен жіберілетін SMS-хабары арқылы Сіздің карточкалық шотыңыздан жасалған әрбір операция немесе авторизация туралы ақпарат алып отырасыз;
Қажет болған жағдайда тиісті SMS-хабарламасын жөнелту арқылы карточкаға оқшаулау қоюыңызға болады;
"Мобильдік банкинг" жүйесіне қосылған карточкалар туралы тегін ақпарат алып отырасыз және осы карталар бойынша m-банкинг қызметін оқшаулай аласыз/ оқшаулауды бұза аласыз.
Карточкаңыздың қауіпсіздігін арттыру: Әлемнің қай бұрышында жүрсеңіз де, өзіңіздің мобильдік телефоныңыз бен Халық банкінің m-банкинг көмегі арқылы сіз карточкалық шотыңыз туралы мәлімет алып отыруыңызға болады, қаржының пайдаланылуына шынайы бақылау жасай аласыз, әрбір операцияның жасалған нақты уақыты мен орнын біліп отырасыз, ал бұл сіздің карт-шоттағы ақша қаражатыңыздың заңсыз пайдаланылу әрекетіне тосқауыл болады. Мұның сыртында сіз карточкаңызға өзіңіз де оқшаулау қоя аласыз және мұны клиенттерге қолдау жасау орталығы операторынан әлдеқайда тез істейсіз! Қосымша ыңғайлықтар:
карточкадағы ақша балансын тікелей сауда орнында да тексеруге болады әрі жасаған саудаңыздың сомасы қалдық ақшадан асып кетпеуін қадағалайсыз;
карт-шотқа түскен ақша туралы бірден хабар аласыз;
қалдық ақшаны білгендіктен, сіз овердрафт үшін (карточкадағы қалдық ақшадан артық сома жұмсау) пайыз төлеу қаупінен қорықпайсыз;
кез келген заңсыз транзакция туралы бірден хабардар боласыз;
қосымша карточкаңыздан балаларыңыз бен жақындарыңыздың нақты уақыт ішінде жұмсаған ақшасын бақылай аласыз;
Халық Банкінің жаңа қызмет түрлері туралы әрдайым біліп отырасыз.
Мұны әркім білуге тиіс
|
Әдебиет: нег. 1 [46-55]; 2 [55-63].
Бақылау сұрақтары:
Төлем карточкалары нені сипаттайды?
Төлем карточкалары қандай түрлері бар?
Төлем карточкалармен есеп айырысу жүйесі қалай құрылады?
Электрондық есеп айырысулар нені сипаттайды?
Интернет арқылы есеп айырысу ерекшелігі неде?
Банк-клиент жүйесі арқылы есеп айырысу ерекшелігі неде?
Номе-банкинг арқылы есеп айырысу жүйесі қалай құрылады?
8-дәріс. Халықаралық есеп айырысу формалары
Халықаралық және отандық банктік тәжірибеде есеп айырысудың ең көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.
Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек және т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот, жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болса, онда мұндай инкассо құжатты инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.
Таза және құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы толықтырылған «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады.
Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сәйкес төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады.
Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:
сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;
ремитент банк - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі;
инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен басқа кез келген банк;
хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк;
сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сәйкес хабар берілетін тұлға.
Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда ұсынылады:
бірін бірі білетін серіктестер арасында;
сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;
сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер жоқ болғанда.
Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады.
Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы10-суретте берілген.
Сатып
алушы
(импортер)
Сатушы
(экспортер)
1
2
3 8 5 6
Импортер
БАНКІ
Эскпортер
БАНКІ
7
10-сурет Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы
1 – Келісімшарт жасасу; 2- тауарды жабдықтау және құжаттарды рәсімдеу; 3 инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру; 4 – инкассоға құжаттарды жөнелту; 5 – құжаттарды сатып алушыға беру; құжаттарға қарсы төлем жасау; сатып алушының шотына қаражат есептеу.
Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.
Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты ашылады.
Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл халықарылық банктің тәжірибедегі есеп айырысу формасының банктің кепілдігімен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп айырысу формаларында банк клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен есеп айырысуға қатысады.
Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары болады:
Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, трассат, сатушы). Бұл қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.
Бенефициар (экспортер, сатушы, трассант). Бұл қатысушының атына аккредитив ашылады.
Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив ашатын банк.
Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен акрредитивтің ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті хабарды жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.
Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұрауы бойынша аккредитивке өзінің кепіл-хатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді төлеуге келісім береді.
Аккредитивтің мынадай түрлері болады:
құжатты аккредитив;
өтелген және өтелмеген;
қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Құжатты аккредитив – бенефициардың төлемді алғанға дейін құжаттарды беруін сипаттайды. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген тауарларды жөнелткендігін растайды. Төлемді алу үшін барлық құжаттар аккредитивте көрсетілген тізбекке сәйкес келуі қажет.
Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві. (11-суретте берілген).
Импортер
Экспортер
5
4 6 8 2
Экспортер
банкі
Импортер
банкі
7
11- сурет. Алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы
1 - алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 - банкке аккредитив ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасын беру, одан соң, ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 - қаражатты экспортердің банкіне аудару және оны “Аккредитив” шотына есептеу; 4 – экспортерге аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 - тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісімшартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын экспортердің банкіне жіберу және “Аккредитив” шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының шотына есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.
Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды. (12- сурет).
Импортер
Экспортер
5
4 6 8 2
Экспортер
банкі
Импортер
банкі
7
12-сурет. Банктік кепілдемені пайдалану арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы
1 – банк кепілдемесін беру арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 – банк кепілдемесінің негізінде банкке аккредитив ашуға өтінішін жасау және аккредитивтің ашылуын “Банктің кепілдемесі және тапсырмалары” деген баланстан тыс шоты бойынша көрсету; 3 – аккредитив ашылғаны және аккредитивтің ашылуының баланстан тыс шотта көрсетілгені туралы хабарлау; 4 – жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісім шартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу және жабдықтаушының шотына қаражатты есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, онда сатып алушының шотынан қаражат шегеріледі, шотында қаражаты болмаған жағдайда банк төлеушіге несие береді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оның шотынан қаражатты шегергендігі туралы хабарды жеткізеді.
Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспонденттік қарым қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.
Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді. Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады. Қайтарылмайтын аккредитив расталмаған және расталған болу мүмкін.
Қайтарылмайтын расталмаған аккредитив – эмитент банктің хабарлаушы банк арқылы хабарлайтын аккредитиві. Бұл жерде хабарлаушы банк эмитент банктің агенті ретінде қызмет етеді, бірақ ол аккредитив бойынша Бенефициар алдында ешқандайда жауапкершілік алмайды.
Қайтарылмайтын расталған аккредитив – эмитент банктің міндетемесіне қоса Растаушы банктің беретін міндеттемесін білдіреді. Мұндай аккредитивтің басты артықшылығы мұндай қосарлы кепілдендіру бар. Егер де эмитент банк бірінші классты банкке жатса, онда қосымша кепілдендіру қажет етілмейді. Ол өз кезегінде аккредитив бойынша шығынды азайтады. Кей жағдайларда мұндай аккредитивтің қосымша кепілдендірілуі бенефициардың қалауы бойынша іске асады.
Халықаралық банктік тәжірибиеде аккредитивтің автоматты түрде жаңартылатын, резервтік (стэнд-бай), аудармалы сияқты түрлері қолданылдады.
Аккредитивпен есеп айырысу формасы мына жағдайларда пайдаланылады:
бірін бірі аз білетін немесе танымайтын серіктестер арасында келісімшарт жасалса;
келісімшарт жасаушы тарап серіктесіне толық сенімсіз болса немесе серіктесінің елінде саяси не экономикалық тұрақсыздықтар орын алса.
Аккредитивтің қызмет ету мерзімі және есеп айырысу тәртібі төлеуші мен жабдықтаушының арасында жасалатын келісімшартта көрсетіледі, сондай-ақ онда мыналар көрсетіледі: эмитент-банктің атауы; аккредитив түрі және орындалу тәсілі; аккредитив ашылуы туралы жабдықтаушыға хабарлау тәсілі; аккредитив бойынша қаражатты алу үшін жабдықтаушының беретін құжаттарының толық тізімі мен нақты сипаттамасы; тауарларды жөнелткеннен кейінгі құжаттарды жіберу мерзімі, олардың рәсімделуіне қойылатын талаптар; басқа да құжаттар мен шарттар.
Аккредитив ашу туралы өтініште төлеуші мыналарды көрсетеді: аккредитив ашылатын келісімшарттың номері; аккредитив қызмет ету мерзімі (аккредитив жабылу күні мен айы); жабдықтаушының (эспортердың) атауы; орындаушы банктің атауы; аккредитив орындалу орны; аккредитив бойынша төлем төленетін құжаттардың толық және нақты атауы, олардың тапсырылу мерзімі мен рәсімделу тәртібі; аккредитив төленетін тауарлардың (қызметтердің) аты, тауарларды (қызметтерді) жөнелту мерзімі; аккредитив сомасы; аккредитивті іске асыру тәсілі. Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
Сатушы (экспортер) үшін:
аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне, сапасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тәсіліне, тиеу орыны мен мерзіміне және т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің жүзеге асырылатыны;
тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем алатындығына сенімділігі;
мәміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитивтің мерзімі аяқталған уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып алытындығына сенімділігі.
Сатып алушы (импортер) үшін:
төлемнің банкпен төленетіндігі;
егер ұсынылған құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы;
егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына аккредитивті аударып жіберу мүмкіндігіні болуы.
Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға байлансты аккредитивтің түріне мән беру қажет. Егер сіз құжаттарды банкке тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе оны “ұсынуға байланысты төлем” (“by payment”) деген аккредитивті таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, мұндай форма өте кең таралған және жылдам болып табылады. Бірақ та банктің 7 күн ішінде құжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді жасауға құқылы екендігін естен шығармау керек.
Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты (“by deferred payment”) аккредитив қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен басталуы, құжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив ашқан күннен басталуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда кешіктіріп төлеген күндер үшін комиссиондық ақыны Бенефиардың атына төленетіндігін есте сақтау қажет.
Аккредитивтік есеп айырысуда пайдаланылатын құжаттарға мыналар жатады:
Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық құжат. Онда мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы немесе импортердың аты-жөні және мекен-жайы, шот сомасы, тауардың сипаты, бір тауар бағасы, қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты (аккредитив номері). Шот-фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады және оны аккредитивті ашушыға (сатып алушыға) жібереді.
Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жасалғандығын куәландыратын құжат. Онда мынадай ақпараттар қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы және қолы, сақтанушының атауы, мекен-жайы және қолы (әдетте сақтанушы ретінде сатушы болады), сақтандыру сомасы (сақтандыру сомасы СІР және СІҒ жеткізу шартына сәйкес тауар құнының 110 құрайды), жөнелтілетін тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік түрі, жөнелту уақыты, жөнелту орыны), сақтандырылатын тәуекел сипаты, сақтандыру сыйақысын төлеу орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің атауы).
Көлік жүкқұжаты – тауарды тасымалдаушыға берілетін құжат. Көлік құжатының көлік түріне қарай теңіз коносоменті, әуе жүкқұжаты, авто жүкқұжаты, теміржол жүкқұжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады. Көлік түріне байланыссыз жүкқұжатында мынадай мәліметтер көрсетіледі: тасымалдаушының аты-жөні мәртебесі және қолы, жөнелтушінің аты-жөні және мекен-жайы, тауардың сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі, фрахтаны төлеу туралы белгісі, жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны, құжаттың толтырылған күні мен орыны. Аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге бантің кепілінің болуы.
Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар:
аккредитивпен есеп айырысудың өзге формаларға қарағанда өте қымбат, сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады;
тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.
Әдебиет: нег. 1 [46-55]; 2 [55-63].
Бақылау сұрақтары:

Қызмет
көрсету мерзімі (Cрок
действия)
Бет жағы (Лицевая
сторона)
Арт жағы (Обратная
сторона)