Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.79 Кб
Скачать

Iapa дисконттық карточкасын пайдалану ережелері

  1. IAPA дисконттық карточкасы есеп айырысу құралы болып табылмайды, карточканы иеленуші тек автомобильді жалға алғанда және қонақ үйге орналасқанда жеңілдік ала алады.

  2. Жеңілдіктер тікелей карточканың иесіне ғана беріледі. Карточкасы жоқтарға жеңілдік жасалмайды, алайда, егер олар карточка иесімен бір нөмірде тұратын болса, жеңілдікті пайдалана алады.

  3. Карточка бойынша қызмет көрсетілгенде даулы жағдайлар туындаса, карточка иесі IAPA қауымдастығының жақын жердегі өкілдігіне барып жолығуы керек.

  4. Қонақ үйден нөмірге тапсырыс жасағанда немесе автокөлікке тапсырыс бергенде, өзіңіздің IAPA карточкасының иесі екендігіңізді атап көрсету керек.

  5. Анықтамалықта әрбір жекелеген қонақ үйі бойынша бронь жасау жөнінде ерекше нұсқаулықтар, сондай-ақ IAPA сәйкестендірмелік нөмірлері беріледі. Осы нұсқаулыққа қатаң сүйеніп отыру қажет және /немесе қонақ үй нөміріне тапсырыс бергенде сәйкестендірме нөмірді айту керек.

  6. Қонақ үйлерінде қолданылатын жеңілдіктердің мынадай бағдарламасы болуы мүмкін: - «%» - Сізге жарияланған стандартты тарифтер бойынша жеңілдік беріледі. Қонақ үй әкімшілігі мұны шотта нақты жеңілдік ретінде көрсетуі мүмкін; - «GR» - кепілдік берілген тариф, анықтамалықта көрсетілген белгілі бір уақыт мерзімі ішінде әрекет етеді, егер нақты уақыты көрсетілмесе, бір жыл бойына жарамды болады. Стандартты тарифтер өсірілген жағдайда кепілдікті тарифтер өзгеріссіз, сол күйінде сақталады; - «CR» - корпоративтік тариф, өзгертіліп тұруы мүмкін. Сауда жәрмеңкелері, көрмелер, конференциялар, ерекше мерекелер өткізілетін кезеңде бұл тарифтер әрекет етпейді. Әдетте, бұл стандартты тарифтерге берілетін жеңілдік болып табылады, алайда бірқатар қонақ үйлерінде мұндай стандартты тарифтерге кейбір арнайы қызмет түрлерінің ақысы да кіреді. Ыңғайлылығы жағынан нашарлау нөмірлер үшін немесе қонақ үйлерінда орын бос болатын кезеңде клиенттің өтініші бойынша тарифтер айтарлықтай төмендетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда шотта пайыздық жеңілдік емес, корпоративтік тариф көрсетілетін болады; - «ULTRASAVE» - 20%-дық және одан да жоғары жеңілдіктер (Қиыр Шығыста - 30%) ұсынатын қонақ үйлері.

  7. Жеңілдіктер стандартты нөмірлер бойынша ұсынылады (егер басқаша нұсқау болмаса).

  8. Нөмірге бронь жасау кезінде жеңілдіктер мен шегерімдер туралы алдын ала анықтап алу керек.

  9. Нөмірге бронь жасауды тікелей қонақ үйінің өзінде немесе орталықтандырылған бронь жасау қызметі арқылы іске асырған жөн.

  10. Автокөлікті жалға алғанда тиісті IAPA сәйкестендірме нөмірін атау керек, бұл нөмір жалға беру туралы шартта көрсетілуге тиіс. Сізге ыңғайлы болуы үшін аталған нөмірлер карточкаңыздың сырт жағында көрсетілген.

Маңызды ескертпе IAPA дисконттық карточкасында жарамдылық мерзімі мен иесінің аты туралы мәліметтен басқа ешқандай ақпарат болмайды. Ендеше, жеңілдікке күні бұрын тапсырыс беру қажет. Яғни, жол сапарының бағдарын анықтап, өзіңіз барып түсетін қонақ үйді таңдап алған соң, отельдің нөмір резервілеу орталығына телефон шалып, әкімшілікті қонақ үйде тұру ақысын «түсіру» ниетіңіз туралы хабардар етуіңіз керек. Егер сіз мұны алдын ала ойластырмасаңыз, тек reception бағанына келіп карточкаңызды ғана көрсететін болсаңыз, бұл әрекетіңізден түк шықпайды, ешқандай жеңілдікке қол жеткізе алмайсыз.

American Express

The Green Card

The Gold Card

The Platinum Card

The Centurion Card

The Company Card