- •Қбео клирингтік палатасы
- •Интернет
- •Card to Card аударымдары
- •Банкомат арқылы төлем жасау
- •Коммуналдық қызмет үшін төлемақы ақшасын акцептсіз тәртіппен карт-шот есебінен шығарып отыру
- •Карт-шотты pos-терминал көмегімен "Экспресс-аударым" режимінде (15 минут ішінде) толықтыру
- •Карточка ұстаушыларды кенеттен болатын бақытсыз жағдайлар мен сырқаттанудан сақтандыру
- •Зейнетақы қорының үзіндісі
- •Iapa Халықаралық дисконттық карточкасы
- •Iapa дисконттық карточкасын пайдалану ережелері
- •"Мобильдік банкинг" деген не?
- •Мұны әркім білуге тиіс
Зейнетақы қорының үзіндісі
Бұл үшін Сіз банкі төлем карточкасының иесі әрі Банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болуыңыз керек. Өз қалауыңыз бойынша сіз үзіндіні: - банкомат арқылы; - «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы (интернет-шоты барлар үшін) алуыңызға болады. Қазақстан Халық Банкі Жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотынан (бұдан әрі - ЖЗШ) банкомат көмегімен немесе Интернет-банкинг жүйесі арқылы үзінді алу үшін Сізге Жинақтаушы Зейнетақы қорының (ЖЗҚ) кез келген филиалына және/немесе облыстық/өңірлік филиалдардағы Бөлшек бизнес басқармасына, не болмаса банкінің Интернет-кассаларына барып, белгілі бір нысандағы өтінішті толтыру керек. Зейнетақы қорының ЖЗШ-нан банкомат арқылы алынған үзіндіде мына мәліметтер беріледі: - үзіндінің берілген күні; - ЖЗШ нөмірі; - ЖЗШ бойынша соңғы 10 операция; - сұрату жасалған күнгі барлық зейнетақылық жинақ сомасы; - оның ішінде инвестициялық табыс сомасы (сұрату жасалған күнгі). Зейнетақы қорының ЖЗШ-нан Интернет-банкинг арқылы алынған үзіндіде мына мәліметтер көрсетіледі: - үзіндінің берілген күні; - ЖЗШ нөмірі; - ЖЗШ бойынша соңғы 10 операция; - сұрату жасалған күнгі барлық зейнетақылық жинақ сомасы; - оның ішінде инвестициялық табыс сомасы (сұрату жасалған күнгі).
Iapa Халықаралық дисконттық карточкасы
Банкінің VISA Gold/Classic және MasterCard Gold/Mass карточкаларының иелеріне IAPA Халықаралық әуе жолаушыларын тасымалдау қауымдастығының карточкасын ТЕГІН алу мүмкіндігі ұсынылады. Карточка иесі сонымен қатар осы бағдарламаға қатысатын қонақ үйлерінің арнайы анықтамалығын да алады, онда әрбір қонақ үй бойынша берілетін жеңілдіктер атап көрсетілген. Әуе жолаушыларының халықаралық қауымдастығы (IAPA) бизнесмен-саяхатшылардың дүние жүзілік аса ірі қауымдастығы болып табылады. Қауымдастық негізі жиі саяхатқа шығатын жолаушылар құқығын қорғау және қауіпсіздік, үнемділік, ыңғайлылық (комфорт) бойынша әуе индустриясын дамыту мақсатында 35 жыл бұрын қаланған. Бүгінгі күні әлемнің 200-ден астам елінде қауымдастықтың 500.000-ға жуық мүшесі бар. Қонақ үйлеріндегі 50%-дық жеңілдік Бүкіл дүние жүзі бойынша 5 000-нан астам қонақ үйінде Сізге жеңілдетілген бағамен толық қызмет көрсетіледі. Қонақ үйінде тұрған уақыт үшін есептесу кезінде сізге мынадай беделді отельдер желісі бойынша 50 пайыздық жеңілдік беріледі: ITT Sheraton • Westin • Radisson • Holiday Inn • Inter-Continental • Hyatt • Forum • Hilton Intarnational • Kempinski • Leading Hotels of the World • Mandarin Oriental • Mariott • Meridien • Golden Tulip • Ramada International • Supranational • Best Western • Pan Pacific Resorts... Автомобильдерді жалға беруші компаниялардағы 30 %-дық жеңілдіктер IAPA қауымдастығы Сізге автокөлікті жеңілдікпен жалға берудің ең үздік бағдарламасын ұсынады. Осы негізде Сізге мына фирмалар қызмет көрсетеді: Avis • Hertz National/Tilden/Nippon • Europcar IAPA кеңселері арқылы қонақүйден нөмірге және автокөлікке күні бұрын тапсырыс беру мүмкіндігі IAPA қауымдастығының жеңілдіктер анықтамалығын пайдалана отырып, Сіз өзіңізге, отбасыңыздың мүшелеріне және жол серіктеріңіз үшін қонақ үй нөміріне тапсырыс беруіңізге және «Саяхаттар қызметі» (Free Hotel and Car Rental Reservations) арқылы автокөлікке тапсырыс беріп қоюыңызға болады. Бұл тегін жүзеге асырылатын қызмет. Жүкті іздестірудің Bag-Guard бірегей жүйесі
Сапар шегу барысында жүгіңіздің жоғалуы сіздің бүкіл жоспарыңызды өзгертуі мүмкін. Сондықтан IAPA қауымдастығында шет елдердегі халықаралық әуежайлар аймағында жоғалған жүктің 95 пайызын 48 сағат ішінде табуға мүмкіндік беретін арнайы жүйе әзірленген.
Сіздің жүгіңізге жапсырылатын Bag-Guard жетондары мен жапсырма қағаздарында тек Сіздің атыңыз, мүшелік нөміріңіз және әуе компаниясы үшін арнайы байланыс кодыңыз көрсетіледі, бұл саяхат шегу кезінде сізді үйіңізге барып мазаламау әрі ыңғайсыздық тудырмау мақсатында жасалған.
Егер жүгіңіз жоғалса, IAPA қауымдастығының жақын жердегі кеңсесіне телефон соғыңыз немесе факс не болмаса электрондық почта арқылы хабарлаңыз - IAPA тиісті қызметі дереу Сіздің жүгіңізді іздестіруді бастайды.
