Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.79 Кб
Скачать

Банкомат арқылы төлем жасау

Ендігі жерде сіз карточкаңызды пайдалана отырып, ұйым-мекемелердің қызметі үшін ақы төлей аласыз! Бұл үшін банкоматтан белгілі бір операциялар жүргізсеңіз болғаны (төменде келтірілген тиісті нұсқаулық бойынша). Банкомат арқылы мына кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі үшін ақы төлеуге болады: K-Cell, КарТел (K-Mobile), Маңғыстау Атом-Энергетикалық кешені, АқтауГаз, ҚазТрансГаз (Тараз қ.), Көкшетау Пауэр, «Астана Су Арнасы» МҚК, «Алма ТВ», т.б. Банкомат көмегімен карточкалық шотыңыздан ұйым-кәсіпорын қызметтеріне ақы төлеуді өзіңіз үшін ғана емес, туыс-туғандарыңыз бен жақындарыңыз үшін де жасай аласыз (банкоматтағы төлем мақсатында төлем жасаушының мәліметтерін көрсетсеңіз болғаны). Көрсеткен қызметтері үшін карточкадан банкомат арқылы төлем жасауға болатын ұйым-кәсіпорындар саны уақыт өткен сайын көбейе беретіні анық. Банкомат арқылы төлем жасау нұсқаулығы:

  1. карточкаңызды банкоматқа салыңыз;

  2. ДСН-кодыңызды теріңіз;

  3. «ТӨЛЕМДЕР» деген операцияны таңдап алыңыз;

  4. қызметі үшін ақша төленетін ұйым атауын көрсетіңіз;

  5. төлем мақсатын ұйымдар анықтамалығына сәйкес нысанда енгізіңіз (анықтамалықтар банкоматтың қасында болады; анықтамалық мысалы төменде келтірілген) және «ЕНГІЗУ» деген батырманы басыңыз;

  6. төлем сомасын енгізіңіз және тиісінше «ЕНГІЗУ» батырмасын басыңыз;

  7. жүргізілген төлем туралы чектің берілуін күтіңіз (ақша сомасы ұйым немесе кәсіпорын шотына түскенше чекті сақтап қойыңыз, өйткені бұл чек жасалған төлемге байланысты даулы мәселе туындаған жағдайда растама құжат болып табылады).

Коммуналдық қызмет үшін төлемақы ақшасын акцептсіз тәртіппен карт-шот есебінен шығарып отыру

Банкі Сізге уақытыңызды неғұрлым үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрін ұсынып отыр. Енді сізге коммуналдық төлемдер жасау үшін немесе басқа кәсіпорындар қызметіне ақы төлеу үшін банкке барып жату қажет емес. Сіздің карточкалық шотыңыздан ақшаны ай сайын есептен шығарып отыру арқылы біз ақы төлеу қызметін өз мойнымызға аламыз. Мәселен, егер Сіз осы біз ұсынған әдіспен Қазақтелеком қызметі үшін ақы төлеуді ойластырсаңыз, тек бір рет қана Банктің облыстық филиалына немесе Қазақтелеком бөлімшесіне барып дайын өтініш бланкінің нысанын толтырсаңыз болғаны - Сіздің карт-шотыңыздан ай сайын төлемақы ұсталып отырады. Халық Банкінің аталған бағдарламасы дамытылған сайын өз қызметтері үшін төлемақыны қолма-қол ақшасыз, карточкалық шоттан ақша аудару арқылы қабылдайтын ұйымдар мен кәсіпорындар қатары өсе түсетіні анық.

Карт-шотты pos-терминал көмегімен "Экспресс-аударым" режимінде (15 минут ішінде) толықтыру

Ендігі жерде Сіз банкінің кез келген карточкасын ақшамен 15-30 минуттың ішінде толықтыра аласыз және бұл карточка иесінің қайда болатындығына байланысты емес. Ал ақша аудару қызметі үшін аударылатын соманың қанша екендігіне қарамастан, 500 теңге мөлшерінде комиссиялық төлейсіз.

Карточка ұстаушыларды кенеттен болатын бақытсыз жағдайлар мен сырқаттанудан сақтандыру

«Жалақы», «Стандарт» өнімдерінің тарифтері бойынша қызмет көрсетілетін карточка ұстаушыларды оқыстан болатын бақытсыз жағдайлардан сақтандыру: Бүкіл дүние жүзінде қолданылатын бағдарламалар мына жағдайларда төлем жасауды қарастырады:

  • Бақытсыз жағдай салдарынан болған өлім

  • Тұрақты еңбекке жарамсыздық

  • Тұрақты әрі толық еңбекке жарамсыздық

  • Бақытсыз жағдай салдарынан алған жарақатты хирургиялық емдеу ақысын өтеу

  • Бақытсыз жағдай салдарынан медициналық емдеу ақысын өтеу "Стандарт", "Корпоративтік", "Арнаулы", "VIP-клиент" деген өнімдер тарифтерімен қызмет көрсетілетін қарточка иелерін саяхатқа шыққанда сақтандыру. Сақтандыру өтемі дүние жүзі бойынша жарамды болады, алайда бұған сақтандырушының тұратын елі, азаматтығы /резиденттігі бар ел кірмейді. Бұл ретте сақтандыру жарамды болатын мерзім ішіндегі сапарға шығу саны шектелмейді, дегенмен, әрбір сапардың ұзақтық мерзімі 60 күннен аспауға тиіс. Аталған бағдарламаға мынадай қосымша өтем түрлері де енеді, бұлар Сізге шетелге сапар шеккен уақытта барынша пайдалы болуы мүмкін:

  • Бақытсыздық жағдайы немесе кенеттен ауырып қалу салдарынан жұмсалатын медициналық шығынды өтеу

  • Саяхатқа шығу кезінде қолқабыс жасау:

  • Медициналық тасымалдау

  • Медициналық репатриация

  • Мәйітті репатриациялау

  • Табыт құнының өтемі

  • Көлік апатынан кейін заңдық қолқабыс жасау

  • Автомобиль апатынан кейін кепілдікке жауаптылыққа несие

  • Сақтандырылған адамның отбасы мүшесінің төтенше көлік шығындары

  • Шет елдегі жеке жауапкершілік

  • AIG Assist™ тәулік бойы жұмыс істейтін телефон желісі

Қай елге сапар шексеңіз де, Сіз кенеттен болатын бақытсыз оқиғалар мен сәтсіз жағдайлардан барлық жерде сенімді қорғалатын боласыз. Бұл үшін Сізге ақпараттық карточкада көрсетілген AIG Assist/International SOS операциялық аларм-орталығына телефон соғып, хабарласу жеткілікті, сол жерде бірден көмек көрсетіледі (телефон қоңырауының құны өтеледі). International SOS жедел көмек көрсету саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады - қызметі телефон бойынша ұсыныс беруден бастап, медициналық көмекті үйлестіру, шұғыл ауруханаға салу және қажет болған жағдайда тұратын еліңізге жеткізуді қамтиды.

American International Group Inc., (AIG) - әлемдегі жетекші сақтандырушы әрі қаржылық ұйым, бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан, коммерциялық және өндірістік тәуекелдерді жабу, сондай-ақ жеке өмірді сақтандыру жөніндегі ірі сақтандырушы болып табылады. АIG тобына мүше компаниялар дүние жүзі бойынша 130 елде әр түрлі арналар арқылы жалпы сақтандыру және жеке өмірді сақтандыру өнімдерінің кеңейтілген аясында корпоративтік, институционалдық әрі жеке клиенттер үшін қызмет көрсетеді. АIG тобының компаниялары сондай-ақ қаржылық қызмет көрсетуге, мәселен, активтер мен зейнетақы жинақтарын басқару саласына да араласады. Қаржылық қызметтері ұшақтарды жалға беруді, биржалық сауданы, тұтыну кредитін беруді қамтиды. Мұнымен қатар AIG тобы АҚШ-тағы зейнетақылық жинақ қоры саласындағы жетекші топ болып саналады, капиталды, тіркелген табысты, баламалы инвестицияны және жылжымайтын мүлікті басқару саласында да мамандандырылған.

American International Group, Inc. акциялары Нью-Йорк қор биржасының, Лондон мен Париждің және Токионың қор биржаларының бағалы қағаздар тізіміне енгізілген, AIG сенімділік рейтингі өте жоғары және бұл көрсеткішке компания дүние жүзілік ірі рейтинг агенттіктері берген бағалау рейтингі бойынша ие болып отыр, жылдық таза табысы АҚШ-тағы басқа ірі сақтандыру ұйымдарының көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Сақтандыру қызметін сіз банкінің барлық VIP-орталықтарында, Дербес сервис орталықтарында, облыстық (өңірлік) филиалдардан бір жылға берілетін сақтандыру карточкасы арқылы пайдалана аласыз. Егер сіз сақтандыру қызметін қолда бар карточка арқылы пайдаланғыңыз келсе, онда карточка мерзімі аяқталған соң сақтандыруды аласыз.