Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.79 Кб
Скачать

Клиенттің компьютері

Интернет

Қауіпсіздік сервері

«Интернет-банкинг» жүйесі

      1. Клиент Интернет арқылы Интернет-банкинг жүйесіне байланыс орнатады.

      2. Клиенттің компьютерінің бағдарламасы мен Банктің қауіпсіздік серверінің өзара идентификациялық хабарламалармен алмасуы, егер Банктің қауіпсіздік сервері банк клиенті екеніне сенімді және Клиент қажетті серверге түскеннен кейінен соң ғана жүзеге асады.

      3. Қауіпсіздік сервері «Қауіпсіздік сервері – Клиент» деген шифрланған арна жасайды. Содан соң клиенттің Банк ресурстарына қолжетімділігінің барлығын тексереді.

      4. Клиент Интернет-банкинг жүйесімен жұмыс жасайды.

      5. Жүйе арқылы жіберілетін ақпараттарға (төлем құжаттары және т.б.) Клиенттің электронды сандық қолтаңбасы қойылады.

Номе банкинг – банкоматтарды, электрондық есеп айырысу жүйелерін пайдалану арқылы және үйінде отырып банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін халыққа арналған банктің электрондық қызметі.

Жеке компьютерді банктік компьютерлер жүйесіне қосу арқылы банк клиенттері мынадай қызметтерді пайдалана алады:

  • ағымдағы күндегі шот балансын алу,

  • белгілі бір уақыт ішіндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебін алу

  • ақшалай аударымдар мен төлем жасау,

  • кредиттік және өзге пластикалық карточкалар шығаратын эмитент компаниялардың қызметін төлеу,

  • бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

Card to Card аударымдары

Кішкентай карточканың Үлкен мүмкіндктері. Card to Card қызметі Сізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады:

  • қызметті Қазақстанда кең таралған банкоматтар желісі арқылы, тәуліктің кез келген уақытында әрі демалыссыз пайдалануға болады

  • операцияны жүргізу оңай – банкомат мониторындағы меню өте қарапайым және айқын

  • ақшаны Қазақстан аумағында да, шетелде де жүріп алуға алады Сard to Сard қызметі ақшаңызды үнемдейді:

  • ақша аударудың ақысы төмен және аударылатын сомаға байланысты емес Сard to Сard қызметін пайдалану үшін Сіз:

  • Халық банкі төлем карточкасының иесі болуыңыз керек

  • ақша алушының төлем карточкасының нөмірін білгеніңіз жөн

Банкомат арқылы ақша аударудың схемасы мынадай:

  1. Банкомат арқылы ақша аудару тек Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ төлем карточкаларын пайдаланушы жеке тұлғалардың карт-шоттары бойынша жүргізіледі.

  2. Банкомат арқылы ақша аударғанда мынадай операцияларды орындайсыз: 1) Банкомат панеліндегі менюден «Карточкадан карточкаға аудару» деген операцияны таңдап алып, тиісті батырманы басыңыз. 2) Ақша алушының карточка нөмірін (16 цифрдан тұрады) енгізіңіз. 3) «Енгізу» («Enter») деген батырманы басыңыз. 4) Енгізілген карточка нөмірінің дұрыстығына көз жеткізу үшін ақша аударылатын карточканың нөмірін қайталап теріңіз. Кей жағдайда нөмірдің дұрыстығын растау үшін менюден мына тармақты таңдап алу қажет: «ЕНГІЗІЛГЕН НӨМІРДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫН РАСТАҢЫЗ». 5) Аударылатын ақша сомасын енгізіңіз. 6) «Енгізу» («Enter») деген батырманы басыңыз. 7) Жүргізілген операция туралы банкоматтан чек аласыз. Ақша сомасы алушының карт-шотына түскендігіне көз жеткізгенше чек міндетті түрде сақталуға тиіс.