Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз Токс хим 14-15 гг каз новая.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.81 Mб
Скачать

4. Иллюстративті материал

Гидроксилді ароматты қосылыстар.

Алициклді қосылыстарды гидроксилдеу.

Ароматты аминдерді және олардың туындыларын гидроксилдеу

N-гидроксилдеу:

Спирттерді тотықтыру:

Альдегидтерді тотықтыру:

Бөгде қосылыстарды тотықсыздандыру

Бөгде қосылыстардың гидролизі

Дезалкилдеу

О-Дезалкилдеу

N-дезалкилдеу:

S-дезалкилдеу:

Дезамининдеу:

Десульфирлеу:

Реакциялардың конъюгациясы

1) Глюкурон қышқылының конъюгациясы

2) Метилдеу

N-метилдеу:

О-метилдеу:

S-метилдеу:

3) Сульфаттану конъюгациясы :

5. Әдебиеттер

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия. – Киев: Высшая школа, 1989.

6. Бақылаулық сұрақтар (кері байланыс)

1. Метаболизмге немесе биотрансформацияғы анықтама беріңіз.

2. Детоксикация дегеніміз не?

3. Метаболизмнің фазалары және олардың ерекшеліктері?

4. Гидроксилирлену реакцияларына мысал келтіріңіз.

5. Метаболизмнің бензол жолдарын атаңыз.

6. Пропилбензолдан гидросирлену қалай жүреді?

7. Анилинді гидроксилирлеу нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?

8. N-гидроксилирлену. Олар қандай заттарға айналады?

9. Спирттермен альдегидтердің тотығуында қандай өнімдер түзіледі?

10. Күрделі эфирлермен амидтерді гидролиздеу нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?

11. Дезалкилирлеудің қандай түрлері болады?

12. Десульфирлеу реакцияларына мысал келтіріңіз.

13. Глюкурон қышқылы конъюгаттары қалай аталады?

14. Гипурлі қышқылдар дегеніміз не?

Несие № 3

Тақырыбы 1 – 4. Экстракция және сорбция арқылы оқшауланатын заттар тобы. Улы заттарды биологилық нысандардан полярлы еріткіштермен оқшаулау әдістері. Биологиялық нысандардың сипаттамалары. Ортақ және жеке - дара әдістерінің салыстырмалы сипаттамалары. Алынған сорындыларды тазарту жолдары, әдістері. Улы заттардың сот- химиялық сараптамасында оларды қышқыл сорындыда айғақтау және сандық мөлшерін анықтау әдістері. Барбитураттарды химия – токсикологиялық талдау. Улы заттардың сот- химиялық сараптамасында оларды сілтілі сорындыда айғақтау және сандық мөлшерін анықтау әдістері. Алкалоидтарды химия-токсикологиялық талдау. Клиникалық токсикологияға кіріспе. Пән мідеттері және негізгі бөлімдері. Өткір уланулар аналитикалық диагностикасын ұйымдас- тыру – құқықтық сұрақтары. Химия-токсикологиялық зертхана құжаттары

Мақсаты: Студенттерді клиникалық токсикологияның тапсырмаларымен, жедел уланудың сипаттамасыменолардың себептері және жедел улану кезінде көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру жұмыстарымен таныстыру.

Дәріс тезистері

Токсикология (грек тілінен, toxiconу және logos- өлім)- удың тірі ағзаға әсерінің заңдылықтарын оқытатын медицинаның бөлімі. У іс жүзінде кез-келген химиялық қосылыс болуы мүмкін, ағзаға түскен санына байланысты өмір үшін қауіпті жағдай туғызуы жане өмірлік маңызды функциялардың бұзылыстарын шақыруға қабілетті. Заттардың улылығы қанша жоғары болса, сонша аз дозада ағзаның өмірлік әрекетінің бұзылысын шақырады. Ағзаға аз мөлшерде түсіп, улану шақыратын және өлім тудыратын зат у деп аталады.

Қазіргі заманғы ғылымның даму этабында, тұрмыста және өндірісте қолданылатын техникалар, қоршаған орта химикаттары адам үшін қауіпті. Қазіргі уақытта 500-ге жуық токсикалық заттар белгілі. Көпшілік әлем елдері сияқты біздің еліміздің клиникалық практикасында да жедел улану жиі кездеседі. Соңғы жылдары алкогольдік және есірткілік заттармен, сонымен қатар психотропты әсерлі тыныштандырғыш заттармен, фосфоорганикалық инсектицидтермен және сірке суы эссенциясымен улану және өлім саны артуда. Удың ағамен әрекеттесуі салдарынан интоксикация немесе улуну деп аталатын патологиялық жағдай туады.

Ағзаға сырттан түскен "экзогенді" улармен улану терминологияға сәйкес интоксикация деп аталады. Жалпы токсикологияның негізіне токсикологиялық заттардың ағзадағы қозғалысын: түсу жолын, сіңірілуін, метаболизмін(биотрансформация) және шығарылуын оқыту кіреді. Сол себепті токсикологияның бірінші тапсырмасы токсикалық қасиеті бар химиялық заттардың сипаттамасы және оларды табу болып табылады. Удың ағзамен әрекеттесуін оқытатын екі аспект бар. Олар: ағзаға зат қалай әсер етеді (токсикодинамика) және заттармен ағзада қандай өзгеріс болады (токсикокинетика). Токсикологияның екінші тапсырмасы оқытылатын химиялық заттың токсикалық әсер зонасын (токсикометрия) анықтау болып табылады.

Уланудың токсикологиялық диагностика зертханасының 3 негізгі бағыты бар:

1) Ағзаның биологиялық ортасынан токсикалық затты жедел табуға арналған арнайы токсикологиялық зерттеу (сапалық және сандық).

2) Қанның биохимиялық құрамының патологиялық өзгерісін анықтау мақсатында арнайы биохимиялық зерттеу жүргізу.

3) Бауырдың, бүйректің және басқа ағзалар мен жүйелердің функциясының токсикалық зақымдалу дәрежесін диагностикалауға арналған арнайы емес биохимиялық зерттеу.

Ағзаның биологиялық ортасынан (қан, зәр, жұлын-ми сұйықтығы, диализдеуші сұйықтықтар) токсикалық заттарды минимальды қысқа мерзімде (1-2 сағат) жеткілікті дәлділікпен анықтау үшін химия-токсикологиялық талдауға аспаптық экспресс-әдістер пайдаланылады.

Барлық іс әрекеттер заңды және заңсыз есірткілік заттар айналысына байланысты бірқатар заңды құжаттармен регламенттеледі. Оларға ҚР-ның қылмыстық қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР-ның құкқықтық қаулысы, ҚР-ның ДСМ жазбалары және бұйрықтары, сонымен қатар бірқатар нормативтік құжаттардың ведомосты (МВД, КНБ) кіреді.

Бөлшектелген ағзалардың химия-токсикологиялық соттық сараптамасы бірнеше жұрналдардың мәліметіне сәйкес және ҚР-ның ДСМ 20.12.2004ж. 875/1 бұйрығымен қабылданған "Соттық-медициналық сараптама жасау және ұйымдастыру ережелері" құжатына сәйкес жүргізіледі. Бұл жұрналдар сараптау және зерттеу регистрациясы және соттық-медициналық сарапшы-химиктің зерттеудің жүргізілуі туралы, аспаптардың жұмысы, есебі, нәтижесі, этил спиртінің шығынын есепке алу жұрналы, материалдық бағалау, сандық есебі туралы қысқаша жазылған жұмыс жұрналы.

Иллюстрациялы материалдар

1. Үлгі 1.Токсикология бөлімдері

Қазіргі уақытта токсикология келесі бағыттарда анықталады:

Теориялық (сараптамалық), профилактикалық (гигиеналық) және клиникалық.

Токсикологияның негізгі бағыты және бөлімдері

I. Теориялық токсикология (модельденген сараптау)

Токсикокинетика

Токсикодинамика

II. Профилактикалық (гигиеналық) токсикология

Үй-жай

Өнеркәсіп

Ауылшаруашылық

Тағамдық

Тұрмыстық және т.б.

III. Клиникалық токсикология

Химиялық аурулар:

-жедел

-созылмалы

Дәрілік аурулар:

-жедел

-созылмалы

Токсикомания (клиникалық наркология)

IV. Токсикологияның арнайы түрлері

Әскери

Авиациялық

Космостық

Су астылық

Соттық және т.б.

2. Токсикометрияның негізгі параметрлері келесілер:

Lim ac – токсикалық заттың бастапқы бірреттік (жедел) әсері – ағзаның өмірлік әрекетінің көрінетін өзгеруін және лайықты физиологиялық реакция шақыратын минимальды бастапқы доза.

DL50 (DL100) – орташа өлімдік (өлім туғызатын) доза. Тәжірибедегі жануарларға енгізгенде (ингаляциядан басқа, ішке, теріге және т.б.), 2 апта ішінде 50% (100%) жойып жіберетін доза. 1миллиграмм затты жануар денесінің 1кг салмағына есептейді. (мг/кг).

CL (CL100) – тәжірибедегі жануарларға 1мг-ды 1м3 ауаға (мг/м3) есептеп, ингальяция жүзінде енгізгенде 50% (100%) жоятын концентрация (доза).

ПДК – заттың ауадағы шекті рұқсат етілген концентрациясы. 1мг-ы1м3 ауаға көрсетіледі.

ОБУВ – заттың әсерінің шамамен қауіпсіз деңгейі. 1мг-ы 1м3 ауаға көрсетіледі (мг/м3).

Токсикалық қауіпті химиялық заттың жедел токсикалық өсерінің зонасының көлемі сипатталады:

DL ac

Lim

Бұл көлем қанша көп болса, сонша осы зат қауіпсіз.

Әдебиет

1.Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + CD/ под ред. Н.И. Калетиной.-М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2.Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3.Лужников Е.А. Клиническая токсикология Е.А. Лужников. -М., "Медицина", 1994.- 189 с

4.Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия / В.Ф. Крамаренко. – Киев, «Высшая школа», школа», 1989. – 272 с.

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Клиникалық токсикология, тапсырмалары және негізгі бөлімдері.

  2. Жедел уланудың таралуы, сипаттамасы, себептері.

  3. Жедел улануда көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру.

  4. Дезинтоксикалық емнің әдістері.

  5. Жедел уланудың аналитикалық диагностикасы қандай құжаттармен регламенттеледі?

Несие № 4

Тақырыбы 2. Этиологиясы химиялық өткір улануларда мамандырылған көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өткір уланулар клиникасы. Клиникалық диагностика. Дезинтоксикалық терапия әдістері.

Мақсаты: Студенттерді жедел улануда көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру және дезинтоксикациялық емнің әдістерімен таныстыру.

Дәріс тезистері

Қазіргі кезде ағзаны табиғи детоксикациялау эфферентті емдеудің комплексті әдістері бірге қолданылады. РФ РАМН-ның академигі Е.А. Лужникованың басшылығымен физика-химиялық гемотерапияны пайдаланып ағзаны табиғи детоксикациялауды стимульдеу тәсілімен комплексті детоксикациялау алгоритмі құрылды. Бұл детоксикациялаудың физиологиялық механизмін ертерек табуға ықпалын тигізді және оның дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Интоксикация тудырушы туралы алғашқы мәліметті улану синдромының клиникалық сипаттамасынан алады.

Мәскеулік Н.В. Скливсов атындағы НИИ жедел улануға жедел жәрдем көрсету орталығы ТМД елдеріндегі клиникалық токсикологияның дамуына лидерлік етумен айналысады. Осы орталықта жасанды детоксикация әдісін (МИД) пайдаланып және суда еритін токсиканттармен уланғанда гемодиализ жасап, кең спектрлі токсикалық заттар енгенде қан алмастыру жолымен, перитонеальды диалзбен, жедел улануды емдеуде кең қолданылатын жаңа бағыт гемосорбция әдісін пайдаланып қанның удан тазаруын жеңілдетеді және оңайлатады. МИД сорбциялы-диализді және ішектік лаважды үйлестіре қолданып, ауыр уланудағы токсигенді стадиясын анағұрлым қысқартуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде комплексті әдістерді қолдану арқылы детоксикациялық емдеудің госпитальді этабындағы өлімді анағұрлым төмендетеді.

Токсикантты ағзадан тез шығару үшін, жедел уланғанда госпитальға дейінгі және госпитальді этапта дәстүрлі әдіс болып саналатын арнайы (антидотты) ем қолданылады. Антидотты ем тек басқа емдеу әдістерімен бірге комплексті түрде емдегенде ғана эффективті болады. Госпитальға дейінгі этапта улануды диагностикалау қиындық туғызуы мүмкін, арнайы белгілері тез көрінбейді. Сондықтан, интоксикация белгілерін көру үшін зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Антидотты ем токсикалық заттың ағзаға тез таралмауын, оның ағзадан тез шығарылуын, әсерінің және қауіптілігінің аз болуын қамтамасыз ететін антагонистерін қолдануды ескертеді.

Жедел улануда шұғыл көмек көрсету және бірмезгілде келесі емдеу әдістерін пайдалану керек: токсикалық затты арнайы (антидотты) фармакотерапияны қолданып жедел түрде ағзадан шығару, сонымен қатар ағзаны жүйелі түрде қорғауға арналған симптоматикалық ем қолдану. Удың ағзадағы резорбция стадиясы және оның қандағы жоғары концентрациясы пайда болмай активті детоксикация жүргізу нәтижелі аяқталады.

Иллюстрациялы материалдар

1. Ағзаның детоксикациялануының негізгі әдістері.

I. Ағзаның детоксикациялануының негізгі әдістері;

- Асқазанды жуу

- Ішектерді тазарту

- Форсирленген диурез

- Емдік гипервентилляция

II. Ағзаның жасанды детоксикациясының әдістері.

Интракорпоральды: Экстракорпоральды:

- Перитонеальды диализ -гемодиализ

- Ішектік диализ -гемосорбция

- Гастроинтестинальды сорбция -плазмосорбция

- Лимфорея және лимфосорбция

- Қан алмасу

- плазмофорез

III. Антидотты детоксикация әдістері:

- Химиялық уға қарсы:

А) контактты әсер ету

Б) биохимиялық парентеральды әсер ету.

- Фармакологиялық антагонистер.

Әдебиет

  1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + CD/ под ред. Н.И. Калетиной.-М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология Е.А. Лужников. -М., "Медицина", 1994.- 189 с

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия / В.Ф. Крамаренко. – Киев, «Высшая школа», школа», 1989. – 272 с.

Қорытынды сұрақтары

  1. Жедел улануда көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру.

  2. Жедел уланудағы антидоттық емнің мағынасы.

  3. Уланудың клиникалық көріністері.

  4. Ағзаны детоксикациялаудың негізгі әдістері.

Тақырыбы 3. Өткір уланулар диагностикасындағы ХТТ ролі. ХТТ қойылатын тлаптар. Әдістерді үйлесімді біріктіру принциптері. Скрининг-талдау. Сандық талдау. Қорытындыны рәсімдеуде қойылатын тлаптар.

Мақсаты: Студенттерді жедел улануда химия-токсикологиялық талдау әдістерімен таныстыру.

Дәріс тезистері

Жедел уланудың бірреттік нәтижесін токсикалық заттың қайталап әсер етуі және тез көрінетін клиникалық көрінісінің сипаттамасы жетілдіреді. Уланудың симптомдары және аурудың симптомдық дәрежесі токсиканттың дозасына, түріне және басқа себептерге байланысты. Жедел уланған зақымдалушыға медициналық көмек көрсетілуі қажет, олар госпитальға дейінгі көмекпен басталып, стационарда токсикалогиялық немесе реанимациялық профилмен жалғасады.

Егер, интоксикация дамуының алғашқы стадиясындағы клиникалық көріністен уланудың себебі анықталмаса, онда қысқа мерзімді (стационарға ауру түскен соң максимум 1-2сағатта) сандық және сапалық зерттеу жүргізіледі.

Жедел улануды диагностикалау кезіндегі ХТТ-дың сәтті аяқталуы, клиницистер мен химиктер арасындағы ақпарат алмасудың жылдам және сапалы болуы, емдеудің анағұрлым дәрежеде нәтижелі болуына алып келеді. ХТТ-дың көлемді және терең болуы көп жағдайда клинцистерді қажет етеді. Уланудың клиникалық бейнесінің және жеке улармен уланудың симптомдық сипаттамаларын пайдаланып ХТТ-дың әдістерін адекватты түрде таңдайды. Сол үшін химик-токсиколог әртүрлі токсиканттармен жедел уланудың негізгі симптомдарын білуі тиіс. Тек алдын-ала сынаманың нәтижесіне сүйеніп, зерттелетін обьекттегі болжамдалған затқа қорытынды шығаруға болмайды. Ол үшін сәйкес реакциялар мен әдістерді пайдаланып, толық ХТТ жүргізу қажет. Сол үшін алдын-ала сынамадан анықталған зат оң нәтиже бергенде, оны ХТТ-дың жоспарына кіргізеді.

Иллюстрациялы материалдар.

  1. Жедел улану кезінде ХТТ көбіне келесі токсиканттарға немесе олардың жекеленген өкілдеріне жүргізіледі:

• Психотропты дәрілік препараттар: барбитураттар, бензодиазепиндер. Фенотиазиндер, лепонекс, тырысуға қарсы және басқа үшциклды антидепрессанттар, наркотикалық анальгетктер (опиаттар және опиоидтар).

• Кардиотоникалық әсерлі дәрілік препараттар мен басқа да заттар: адреноблокаторлар, кальций каналының антагонистері, жүрек гликозидтері. Антиаритмиалық препараттар, клофелин.

• Тырысуға қарсы дәрілік препараттар мен басқа да заттар: тубазид. Үшциклды антидепрессанттар.

• Антихолинергиялық (холинолитикалық) әсерлі дәрілік препараттар және басқа да заттар: антигистаминдік. Паркинсонға қарсы заттар. Белладонна алкалоидтары.

• Алкоголь және алкаголь суррогаттары, басқа спирттер: метил, этиленгликоль, изопропил.

• Органикалық еріткіштер: дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, трихлорэтилен, бензол.

• Күйдіргіш сұйықтықтар: қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар.

• Метгемоглобин тәрізді әсер ететін улар: анилин, нитраттар, нитриттер.

• Металл қосылыстары (мыс, сынап, темір, қорғасын және т.б.), күшәннің және селеннің.

• Улы саңырауқұлақтар.

• Көміртегі (II) оксиді, құрамында улы буы бар басқа газдар.

• Тітіркендіретін, күйдіретін, тұншықтыратын әсерлі газдар: хлор, аммиак, азот оксиді, күкірт оксиді, күкіртсутек.

•Антихолинэстеразалық улар: фосфоорганикалық инсектицидтер, карбаматтар. Пиретроидтар. Физостигмин.

• Токсиндер (жануар және өсімдік текті улар).

• Есірткілер.

  1. Кесте 1. Жедел интоксикация кезіндегі тері түсінің өзгеруі (мысалдар)

Терінің түсі Токсикант немесе токсикалық үрдіс.

Көгерген (цианоз) Гипоксия, метгемоглобинемия.

Көк Амитриптиллин немесе хлоралгидрат таблеткасы.

Сарғаю Бауыр функциясының бұзылуы, алкаголь,бораттар, нитраттар, балық және саңырауқұлақпен улану, металдар, еріткіштер.

Қызару Көміртегі (II) оксиді.

Қараю (некрозға айналады) Қышқылдар, сілтілер, заттардың артерия ішіне енгізілуі.

Әдебиет.

  1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + CD/ под ред. Н.И. Калетиной.-М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология Е.А. Лужников. -М., "Медицина", 1994.- 189 с

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия / В.Ф. Крамаренко. – Киев, «Высшая школа», школа», 1989. – 272 с.

Қорытынды сұрақтары.

  1. Химия-токсикологиялық талдауға қойылатын талаптар.

  2. Әдісті таңдау. Клиникалық мәліметіне байланысты талдау әдісін таңдау.

  3. Таңдалған талдау әдісінің жүргізілу ерекшкліктері.

  4. Жедел улануда ХТТ жүргізілетін токсиканттар тобын санау.

  5. Жедел улануды экспресс-диагностикалаудағы талдау әдістері.

Кредит № 5

1. Тақырып 1. Наркологияға кіріспе. Наркомания мен токсикоманияның аналитикалық диагностикасын ұйымдастыру. Химико-токсикологиялық зертханалардың қызметін регламенттейтін негізгі құжаттар. Наркологиялық көмек көрсету кезіндегі химико-токсикологиялық жұмыс есептері.

2. Мақсаты: Студенттерді наркомания мен токсикоманияның аналитикалық диагностикасын ұйымдастырумен, химико-токсикологиялық зертханалардың қызметін регламенттейтін негізгі құжаттармен, наркологиялық көмек көрсету кезіндегі химико-токсикологиялық жұмыс есептерімен таныстыру.Студент біліп, іс жүзінде қолдана алуы керек.