Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз Токс хим 14-15 гг каз новая.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.81 Mб
Скачать

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

  • білім алушыларға қолданыстағы заңламалар талабына сай химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама және өткір уланулар аналитикалық диагностикасының негізгі принциптерін, оларды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін қалыптастыру;

  • білім алушыларға ксенобиотиктер және олардың метаболиттерінің қасиеттерін (физикалық, химиялық), токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы туралы білімді қалыптастыру;

  • білім алушыларға GLP принциптері мен талаптарына сай улы заттарға химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама жүргізу үшін қажетті біліктілік пен практикалық дағдыларды қалыптастыру;

  • білім алушыларға кәсіптік біліктілігін үнемі жоғарылатып отыру қажеттілігін қалыптастыру.

2.4 Білім берудің қорытынды нәтижелері

Когнитивті компонент (білім) қалыптастыру:

  • улы, күшті әсерлі, наркотикалық және мастандырғыш заттар әсерінен болған өткір уланулардың сот-химиялық сараптамасы мен аналитикалық диагностикасын жүргізудегі ұйымдастыру-құқықтық, заңдылық, методологиялық негіздерін;

  • улы, күшті әсерлі, наркотикалық және мастандырғыш заттардың қазіргі кезеңдегі номенклатурасын, физикалық-химиялық сипаттамаларын;

  • биохимиялық токсикология сұрақтарын (токсикокинетика, токсикодинамика және бөгде қосылыстардың организмдегі биотрансформациясы);

  • GLP принциптері негізіндегі жүйелі химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама методологиясын;

  • химиялық-токсикологиялық талдауда немесе сараптамада қолданылатын заманауй биоаналитикалық, физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді;

  • өткір және созылмалы уланулар сот-химиялық сараптамасы мен аналитикалық диагностикасын жүргізудегі талдау ерекшеліктерін, қорытындылау интерпретациясын;

  • наркотикалық және мастандырғыш заттарды химия-токсикологиялық талдау немесе сараатама ерекшеліктерін және осы заттарды қабылдау фактiлерін дәлелдеуді;

  • әртүрлі топтағы токсиканттармен уланудағы организмді детоксикациялаудың жалпы принциптері мен әдістерін (алгоритмдерін).

Операциональды (практикалық) дағдыны қалыптастыру:

  • арнайы әдебиетпен жұмыс жасауды, кәсіби-мамандық мәселелерiн шешу үшiн iзденiс жүргiзуді (сот-химиялық сараптама және өткір уланулар мен наркоманияның аналитикалық диагностикасының мәселелерiн шешу үшiн нақтылы қолдану табатын мағлұматтардың негiзгiсiн таба бiлу, олардан шығатын ұғымдар мен қосымша түсiнiктердi ажырата бiлу);

  • айғақты заттардың әртүрлі улы заттарға сот-химиялық зерттеулерін биохимиялық және аналитикалық токсикология сұрақтарын жетік біле отырып, биоаналитикалық, физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер комплексін қолдану арқылы жүргізуді;

  • өткір уланған науқасқа жедел медициналық көмек көрсеткен жағдайда, химия-токсикологиялық талдау ерекшелігін ескере отырып аналитикалық диагностиканы жүргiзудi;

  • наркотикалық, психотропты және басқа улы заттармен улануда адам организмі бологиялық сұйықтарында аналитикалық диагностикасыны жүргізуді;

  • улы заттардың биотрансформация процессі мен зерттеулердің аналитикалық әдістерінің мүмкіншілігін байланысты биологиялық объекттерді химия-токсикологиялық талдауда алынған нәтижелерді интерпретациялауды;

  • Зертханалық және сараптамалық зерттеулерді жүргiзудi құжаттандыруды, сараптама қорытындысын құрастыруды.

  • химия-токсикологиялық талдау жүргiзуді, химиялық қосылыстың физика-химиялық қасиетiне және объектiнiң табиғатына байланысты, оны бөлiп алуды және талдау әдiсiн тандап алуды;

  • биологиялық объектiлер мен сыртқы орта заттарынан табиғаты органикалық және бейорганикалық әр-түрлi химиялық қосылыстар мен олардың метаболиттерiн оқшаулап бөлiп алуды;

  • биологиялық материалдан оқшаулап бөлiнiп алынған улар мен олардың метаболиттерiн iшкi және сырттан енген қоспалардан тазарту және концентрлеуді;

  • улы әсерлi заттар мен олардың метаболиттерiн идентификациялау үшiн химиялық, физика-химиялық, биологиялық әдiстердi қолдана бiлуді, бұл әдiстердi тиiмдi бiрiктiру амалдарын таба бiлуді;

  • лабораториялық және сараптамалық зерттеулерді жүргiзудi құжаттандыруды (қорытындысын құрастыруды және сот-химиялық зерттеулер актісін жазуды).

Аксиологиялық (коммуникативтік) дағды:студенттерде білім алу кезінде негізгі принциптер, ұйымдастыру ретін, химико-токсикологиялық талдау (сараптамалар) және өткір (асқынған) уланудың аналитикалық диагностикасын, заңды құжатнамаға сәйкес білімдерін қалыптастыру;

  • студенттерде практикалық дағдыларды химико-токсикологиялық талдауда улы заттарды GLP талаптарымен нұсқаулықтарына сәйкес қалыптастыру.

  • ХТТ орындау кезінде студенттерде құқықтық білімдерін қалыптастыру;

  • студенттерде коммуникативті дағдыларын ұжыммен және заң ұйымдарының қызметкерлерімен бірге бірлесе отырып дамытуды қалыптастыру.

  • студенттерде кәсіби білімдерін өз білімдерін жетілдірумен бірге үнемі қалыптастыру.

Құқықтық дағдылар:

  • Қазахстан Республикасының Кодексі «О здоровье халықтың денсаулығы жайлы және денсаулықсақтау жүйесі»

  • Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалды кодексі

  • Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі

  • «Сараптама жайлы» Қазақстан Республикасының заңы

  • Сот-медицина сараптамасының ретінің инструкциясы

  • Денсаулық сақтау Министрінің бұйрықтары

  • ҚР ДМ әдістемелік ұсыныстары және әдістемелік хаттары

Үздіксіз өзін-өзі дамыту және үздіксіз өз-өзінің білімін жетілдіру дағдылары:

  • Әдебиеттермен, интернет-желісімен, оқулықтармен және ғылыми материалдармен электрондық түрде жұмыс жасау

  • Презентацияларды және тақырыптық рефераттарды, докладтарды, таратылатын материалдарды және т.б. дайындау.

2.5 Пререквизиттер: аналитикалық химия, органикалық химия, биологиялық химия, фармацевтикалық химия, фармакология.

2.6 Постреквизиттер: фармацевтикалық химия, фармакогнозия.

2.7 Тақырыптық жоспар: тақырыптар, (дәрістер, практикалық сабақтар, оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы студенттердің өзіндік жұмысы) бойынша әр бір сабақтың өткізілу ұзақтығы және өткізілу үлгісі

Пән сағаттарының үлестірілуі

Сағаттардың

жалпы саны

Аудиториялық сағаттар

СӨЖ

Дәрістер

Тәжірибеліксағаттар

ОБСӨЖ

360 часов

(4 кредита)

30

90

56

184

Кредит 1

(45 часов)

4

12

7

23

Кредит 2

(45 часов)

4

12

7

23

Кредит 3

(45 часов)

4

12

7

23

Кредит 4

(45 часов)

4

12

7

23

Кредит 5

(45 часов)

4

12

7

23

Кредит 6

(45 часов)

4

10

7

23

Кредит 7

(45 часов)

3

10

7

23

Кредит 8

(45 часов)

3

10

7

23