Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз Токс хим 14-15 гг каз новая.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.81 Mб
Скачать

1. Пән бойынша модуль оқытушыларының мәліметі:

Оқытушының

аты жөні

Қызмет лауазымы

Оқу дәрежесі

Ғылыми қызығушылықтары мен жетістіктері

1

Байзолданов Төлеген

Байзолданович

профессор

фарм. ғылым докторы

Профессор

Токсикологиялық талдау және токсикологиялық химия маманы. 150 аса еңбегі бар

2

Илахунов Хасан Махмутович

оқытушы

--

--

Судебно-медицинский эксперт-химик высшей категории. 5 аса еңбегі бар.

3

Қожамжарова Асель Сейдахметовна

модуль жетекшісі

химия ғылым. канд.

доценттің м.а.

Химия маманы.

1.2 Байланыс ақпараттары: Алматы, Төле би көшесі, №94. INTRO VII, Телефон: 338-70-96 (ішкі байланыс 7096).

1.3 Пәннің саясаты:

Студент міндетті:

  • Оқу процессінде өзін жеке және творчествалық жағынан көрсете білуі және белсене қатысуы тиіс;

  • Аудиториялық сабақтардың барлық түріне қатысуы тиіс (дәрістер,тәжірибелік жұмыстар);

  • Әрбір сабаққа дайындалуы тиіс (берілген материалды оқып,оларды орындау керек);

  • Қатаң түрде күнтізбелік график бойынша жұмыстарды өз уақытында орындап өткізуі тиіс;

  • Белгілі себептермен аудиториялық сабақтарды өткізбей жіберіп алғандығын растайтын құжат болуы тиіс;

  • Барлық өткізіп алған сабақтарын, оқытушының айтқан уақытында келіп тапсыруы тиіс;

  • Сабаққа кешікпеуі тиіс;

  • Сабақ уақытысында алаңдамауы керек;

  • Сабақ уақытысында ұялы телефондарын уақытша өшіруі тиіс;

  • Оқытушыға және кафедраның көмекші персоналына сыйластық таныта білуі тиіс;

  • Мінез – құлық мәдениетін сақтай білуі тиіс.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарауы тиіс.

Тазалықты және тәртіпті сақтай білуі тиіс

Жұмыс бөлімдерін орындамаған үшін шара қолдану: студент өз міндетін орындамаған үшін тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі.

2 Бағдарлама

2.1 Кіріспе.

Токсикологиялық химия улы заттар мен метаболиттерінің молекулярлы және физиологиялық әсерлерінің механизмін, оларды әртүрлі нысандардан оқшаулау, идентификациялау, сандық мөлшерін анықтау мақсатында қолданылатын химиялық әдістерді және методологиясын оқытатын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі.

Фармацевтикалық ғылымдар кешенінде токсикологиялық химияның белгілі жалпы білімдік және тәрбиелік орны бар, себебі бұл пән болашақ мамандықта ғылыми зрттеулерді жургізуге, белгілі жағдайларда сынаманы дәлді, толыққанды қоюға, алынған нәтижелерді логикалық тұрғыда дұрыс қорытындылауға, сонымен қатар оларды құжаттық рәсімдеуге қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Бағдарлама қазіргі кезеңдегі токсикологиялық химияның әртүрлі бағыттарын қамтиды: сот-химиялық, клиникалық, наркологиялық, экологиялық, сонымен қатар осы бағыттардың сұрақтарын токсикологиялық химияның негізгі екі бөлімдері: биохимиялық және аналитикалық токсикология тұрғысынан қарастырады.

Пәнді оқыту, студенттерге әділет құзырлы мекемелері мен денсаулық сақтау жүйесінің қоятын мәселелерін шешуге қажетті теориялық білім және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруды қарастырады. Осы мақсатта, пәннің бағдарламасына химия-токсикологиялық зерттеуде кездесетін токсикологиялық маңызы бар заттар кіргізіліп, оларды зерттеу нысандарынан оқшаулау, аналитикалық анықтау әдістері толық келтірілген.

2.2 Пәнді оқытудың мақсаты: cтуденттерге әртүрлі нысандардан (биологиялық және басқа) улы заттарды химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама жүргізуді, алынған нәтижелерді дұрыс қорытындылауды үйрету мақсатында олардың білімін, тәжірибелік дағдыларын және түсініктерін білікті қалыптастыру.